ақыл-көсем Ахаң қайда? Оятқан елді ұйқыдан Жақаң қайда? Айырыла берсе сондай асылдардан Қазаққа ақыр заман тақалмай ма? Яғни өлең шумағындағы ақыл-көсем Ахаң – М. Әуезовтің мақаласынан
алынған болса, оятқан Жақаң тіркесі М. Дулатов кітабының атауына тұспал.
Г.Салықбайдың Түркістан қаласына арнауындағы реминисценция Ахмет
Иасауидің 13 хикметімен
(Рахым Мәулім рахымымен еске алып, Қай бетіммен хазіретке барам міне. Тәуба қылып теріс жолдан кері қайтып, Қай бетіммен хазіретке барам міне ...) байланысты:
Құдайсыздық хақында білім алдым, Жан тәсілім ете алмай, тірі қалдым. Бетім жоқ, Түркістанға қалай барам? Бұл мысалдардағы реминисценциялар танымал болса, Е. Раушанов өлеңін
басқа әдеби шығармамен байланыстыру үшін оқырманға біраз эрудиция керек
десе де болады:
Қызға шаһар сыйламайды бүгінде... Саламатхан, сен шыққанда баққа, Мен, Жақын барып: «Сұлтан ием, дат!» дер ем. Шығыс ақыны Хафиз ғазалының алғашқы екі жолын еске түсіретін бұл
өлеңде мағыналық салмақ-жүгі ерекше жолдар графикалық тұрғыда, яғни
өлеңнің құрылымында жеке жол болып басқа шумақтардан алшақ орналасуы,
көп нүкте арқылы айрықшаланып, тақырып әрі кіріспе ретінде өлең мәтінін
түзуге қызмет етеді. Айта кету керек, Хафиз жолы эпиграфқа алынған мына бір
мысал семантикасы ғазалдағы образбен айқын қайшылықта келіп, ару қыздың
соны бейнесін жасауға мүмкіндік берген:
Сүйсінтпей қоймас көзі бар жанды, Көркіңе, қу қыз, сезім арбалды. Ұрланып жазған жырымның бірі, Сары шашты бала, өзіңе арналды. Жанымды сиқыр базарың бөлеп, Сайтан қыз, неткен ғажабың көп ед?