Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет31/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

(Бес биенің 
сабасындай толық, етжеңді келген қара торы әйел Бәтима өзінің бір кезде 
қыз болғанына шынымен таңырқағандай сәл аңырып қалды да, ..; 
Құшақтасып, күлісіп, біраз мауқын басқан соң екі әйел үй, тұрмыс, тіршілік 
жайын сөз етіп кетті
), әңгіменің орта тұсында алдында тұрған эпитет 
арқылы коннотациясы айқын эмоционалды қолданысқа айналған: 
Бірақ менде 
әйелдің, әлі өмірді білмейтін, әлі ләззаттың дәмін татпаған парықсыз 
әйелдің тәкаппарлығы бар еді.
Осы қолданыс эпиграфпен де, атаумен де 
толық қайшылықта. 
Әңгімеде сөйлеу субъектісі сатылап бірнеше өзгертілген: III жақтағы 
баяншы I жақтағы Зиямен алмастырылып, Зияның өзі Төлегеннің хатына кезек 
береді. Әрине, бұл жердегі сөйлеу субъектісінің өзгеруі фиктивті (жалған), 
себебі келтіріліп отырған Зияның әңгімесінің де, Төлеген хатының да авторы – 
жазушының өзі. Бұл лингво-композициялық тәсілді қаламгер Зия мен 
Төлегеннің әрқайсысының образын ашуға, әңгіменің эмоционалдылығын 
контраст арқылы күшейтуге қолданған. Сөйлеу субъектісінің өзгеруін автор
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


48 
оқырманға тілдік маркермен байқатады.Төлеген Зияның барлық іс-әрекетін – 
парықсыз еркелігін, жастық менмендігін, ойсыз тентектігін Абай өлеңіне 
сыйғызады: 
...Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ
Саған жар менен артық табылса да. 
Сорлы асық сарғайса да, сағынса да, 
Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да, 
Шыдайды риза болып жар ісіне,
Қорлық пен мазағына табынса да

Төлеген өзінің көңіл-күйін, жағдайын мейлінше толық, мейлінше дәл, 
мейлінше әсерлі береді деген бір жолды қайталау арқылы өзін сипаттайды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет