52
Мекен-жәйім – жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгемін!
Өлеңді оқыған оқырман бірден жеке іс парағын еске түсіріп, оның клише
сөз орамдары мен көркем мәтін тілінің арасындағы қайшылықты бірден
байқайды. Алайда бұл қайшылық өлеңнің көркемдік қасиеттеріне ешқандай
нұқсан келтіріп тұрмағанын аңғарады.
Анкетаның әдетте III жақта берілетін стандартты құрылымдарын II
жақтағы эмоционалды сұраулы сөйлемдерге айналдырған ақын олардың бәріне
поэзияның дистинктивті белгілеріне сәйкес – ұйқасты, ырғақты,
буын санын
ескере отырып – жауап береді, яғни өлеңді ақын мен ресми тұлғаның диалогі
деп қабылдауға болады. Ақын жауаптарындағы эмоционалды-экспрессивті
лексика, метафоралар, инверсия мен ресми стильдегі
клише сөз орамдары
айқын контраста тұр. Өлең тексіндегі аллюзивті элементтер ақынның өзіндік,
өмірлік ұстанымдарын танытады: коммунистік көзқараспен қараймын, шаруа.
Қоғамның барлық мүшесінен Кеңестер Одағында билік басында болған жалғыз
ғана коммунистік партияға бағынуды, оның сөзін сөйлеуді талап еткен уақытта
оған мүше болу-болмаудың да өз саяси астары бар еді, сондықтан ақын өз ойын
нақтылауға мәжбүр. Ал шаруа партияның жетекші күші болып саналатын
жұмысшы табының көмекшісі
ретінде қабылданатындықтан, автордың өз
шыққан тегін ашып көрсетуі де, мақтан етуі де заңды. Сұрақтардан да,
жауаптардан да
субъективтілік айқын байқалады, яғни ақын басқа адаммен
ойталас (полемика) жүргізіп отырғандай әсер етеді. Бұл эмоционалдық-
экспрессивті сипаты ашық лексика (ұланымын, тәуірмін,
бағалы санаймын,
жоғары бағалаймын, періште, ер, ез, пенде), графикалық ресімделу (көп нүкте),
логикалық екпін арқылы нақтыланады. Соңғы сұраққа жауабындағы пафос
алдыңғы шумақтардың семантикасынан туындайды. Ақынның асқақ мақсаты
соңғы жолда көрсетілген.
««Анкета» концептіне жүгіне отырып, автор оқырман санасында нақты,
бұрын қабылданған мәтінді қайта еске алғызуға ұмтылады» [86, 41], сондықтан
да болар, Әбдіраштың Жарасқаны да осы претексті пайдаланады.
Тілдік немесе кодтық интертекстуалдылықтың ең қарапайым түрі
ретінде
көркем мәтіннің лексика-фразеологиялық қабатына уәжді негізде кіргізілетін
бөгде тілдік бірліктерді де атайды. Ондай келтірінді элементтер авторға кейде
кейіпкерді сипаттау, даралауға мүмкіндік берсе, кейіпкер үшін өз ойын дәл
жеткізуге,
ойын басқалардан құпиялауға, айналасындағы адамдарды
бағалауындағы пейоративті мәнді жұмсартуға қажет, кейде қаламгер
субъективті көзқарасын аңғартып, мәтін модальділігін түзуге қызмет етеді. Ал
оқырман да мұндай кодтық интертекстуалды элементтерді автордың мәтіндегі
концептуалды
ойына сәйкес қабылдап, интерпретация жасауға, кейіпкерлерін
бағалауға пайдаланады. Мәселен, М. Мағауиннің «Көк мұнар» романында
кейіпкерлер өзара әңгімеде орыс, неміс, ағылшын тілдерінде реплика алмасады.
Бұл, әрине, уәжсіз қолданылатын варваризмдер емес.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У