55
Сонымен күнделікті тұрмыстық коммуникацияға тән қауесеттің газет
бетінен ұзақ уақыт түспеуінің себебі неде, оның мақсаты, қызметі қандай?
Айдарға шығарылған
Гу-Гу
сөзі тілдік жүйеде
қауесет, лақап, алып
қашты (алыпқашпа), ұзын-құлақ, өсек-аяң
лексемаларымен тіркесте
қолданылатыны
аян,
сондықтан
осы
сөздердің
лексикографиялық
сипаттамасына назар аударалық.
Синонимдер сөздігінде лақап, қауесет [88] деп берілсе, Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігінде [89] синонимдік доминантасы әр түрлі қатарлар былайша
беріледі:
Дақпырт – лақап, алып қашты сөз, өсек-аяң, дақпырт
[35,1978].
Лақап – алып қашты сөз, жалған хабар, қауесет, дақпырт
[48,1983].
Қауесет – алып қашты сөз, өсек-аяң, өтірік, қаңқу, өсек-аяңға
негізделген шақпа сөз
[162.1982].
Ұзын-құлақ – біреуден-біреуге жетіп, әркімнің өсіре, қоса айтқан алып
қашты сөзі
[160,1986].
Барлық анықтамалардан байқалатыны – бұлар пейоративті мағынасы
ашық, өтірік-шыны белгісіз хабар екен.
Бұл сөздердің орыс тіліндегі баламаларында да негативті мән айқын
көрінеді [90]:
Қауесет – слух, молва; неприятная весть
[1:283].
Достарыңызбен бөлісу: