, дақпырт пен өсектің - әсіресе қазақ арасында – саңырауқұлақтай тез, қабынып өсерін ойлап қалып еді. Алып қашпа пікір сөздің қыр асқан сайын ісініп, ісінген сайын өзінің сонау бастағы кескін-келбетінен қара үзіп кетердей халге жетеріне ой жүгіртті. Байқап қараса, сонау баста жылан боп шыққан бір өсек келе-келе айдаһардан бір қайтып, сонау баста құлын боп туған бір лебіз , бауырын әбден жазғанда, тоқпақ жалды торы айғыр боп әзер тоқтардай екен. Осы себепті де, қанша парақор, қанша қанқұмар дегеніңмен ұлық атаулыны бір жіпке көзінен тізу әбестік пе дейді. ... ». Айта кету керек, қауесеттің дәстүрлі эпитеттік теңеулері
мен предикаттарына қарағанда, бұл үзіндіде қаламгердің окказионалды
қолданысы әлдеқайда әсерлі.
Поэзиялық шығармаларда қауесетті балладаларда кездестіруге болады.
Өлеңнің негізгі ерекшеліктеріне сәйкес оны құрайтын әр элементтің, мейлі ол
вербалды немесе графикалық болсын, өзіндік ақпар беретінін ескерсек, қауесет
мәтін семантикасын, модальділігін түзетін интертекстуалды элемент ретінде
қарастырыла алады.
Өз сөзі мен бөгде адамның пікірін қатар алып, қарсы қою, оларды өзара
әрекеттестіру нәтижесінде күнделікті тұрмыстың бір үзігін толық, жан-жақты
көрсетеді. Ақын өзі өмірде кездескен қауесетті жоққа шығару немесе қолдау
арқылы жалпыадамзаттық құндылықтардың әр адам тағдырындағы орнын
көрсетеді, яғни көркем шығарманың мазмұндық-астарлы, мазмұндық-
концептуалды ақпарларын ұсынады. Мысалы, Ж. Нәжімеденовтің «Көп балалы
қыз туралы ода» өлеңін түзуге қауесет пайдаланылған:
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
61
Гүл секілді шешек жарған жаңадан
әсерлі-ақ ед,
адам деуші ек жаны адал.
Бір күні