Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


Едіге басқа жол, басқа мақсаттағы адамдардың бәрін құрт-құмырсқа



Pdf көрінісі
бет55/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

Едіге басқа жол, басқа мақсаттағы адамдардың бәрін құрт-құмырсқа 
санайтын, оларға әдетте жирене, тіксіне қарайтын, немесе назар аударуға 
татымайтын жандар санатына қосып, елемеуге, ескермеуге тырысатын. 
Ол, тіпті екі аяқты адам атаулыны қоғамға пайдалы және пайдасыз деген 
екі-ақ түрлі категорияға бөліп қойған еді. Аралық топ жоқ. Бұл үкімнің 
күші тек әлі бәлиғатқа толмаған, немесе оқуларын бітіріп үлгірмеген бала-
шағаға ғана жүрмейтін. Осы тәрізді, кездейсоқ естіген адамның әумесер, 
яки ақымақ санауына негіз берерлік шетін ойлар Едігеде өте көп еді. 
Болашақ жарты құдай, толық пайғамбар, әзірше бүкіл әлемдік қазы – 
яғни бірінші жылдық филолог аспирант төсекте дөңбекшіп, ұзақ жатты». 
Осы текстегі ерекшеленген лексика-синтаксистік құрылымдар келтірінді 
романда да кездеседі, ал бұл текстаралық байланыстың дәлелі: «
Сол ғажайып 
гүл кеудесінде көктесімен-ақ Адамның ақыл-ойы күн санап өлшеусіз өсе 
берді. Тәңірінің өзі білмейтін жаңа өнер, жаңа ғылым тапты. Асқақтығы, 
тәкаппарлығы шектен шықты. Ақыры, жақсы ұйықтап тұрған бір күні 
Жаратушының ойына кіріп-шықпаған ғаламат сұмдық, басбұзар тентек 
сауалды, Құдай үшін қаралы сауалды қойды өзіне-өзі. «Мен – Адаммын! – 
деді. – Қолымнан келмейтін нәрсе жоқ. Ауада құстай ұша алам. Суда 
балықтай жүзе алам. Жердің майын сусын қып, тасын отын қып, 
жансызға жан бітірдім. Күннің жарығын қолдан жасадым. Бұлт 
жайлатып, жауын жауғыздым, найзағай ойнатып дауыл тұрғыздым. Жер 
бетінде мен бітірмеген шаруа қалмады. Енді жұлдыздарға жол салып 
жатырмын. Менің құдіретім жетпейтін не бар? Айды да қопара алам, 
күнді де өртей алам. Маған бәрі де оңай! – деді. – Сонда Құдайдан менің нем 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет