Адамзаттың асыл тәжі мұхаммед (с а. у.) пайғамбардың өмірі


УАХИДЫҢ БІРАЗ УАҚЫТ ТОЛАСТАУЫ КЕЙІНЕН ҚАЙТА КЕЛЕ БАСТАУЫ



бет42/107
Дата21.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#142185
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   107
Байланысты:
Adamzatty 1187 asyl t 1241 zhi 1

УАХИДЫҢ БІРАЗ УАҚЫТ ТОЛАСТАУЫ КЕЙІНЕН ҚАЙТА КЕЛЕ БАСТАУЫ
Арадан көп уақыт өтпей жатып пайғамбарымызға Аллаhтан түсетін уахи толастайды. Оның себебін пендешілікпен олай-былай деп айту тілге жеңіл болғанмен сол кездегі Мұхаммедтің (с.а.у.) көңіліндегі ауыр азабын әрине, әр пенде сезіне алмасы хақ. Дүние тарылғандай әсер алып, осынау дүниеден өзге түгіл, өзіне де беймәлім бір жаққа қашып кеткісі келді де тұрды. Осылай қиналып жүргенде Жебірейіл мен Исрафил періште көзіне көрініп, бірнеше рет жұбату айтқан.
Азапты мезгіл қырық күнге созылды…
Осынау дүние, данышпан сөзімен айтқанда, дарул-хикмет, яғни даналықтың бесігі. Мұнда болып жататын әрбір оқиға астарында міндетті түрде терең мән болары анық. Оған әр пенденің пайымы жете бермейді. Дегенмен пайғамбарға белгілі бір уақыт уахидің толастауының түрлі себептерін көрсеткендер де бар. Төменде сол дәлелдердің кейбіреулерін ұсынғанды жөн көрдік, яғни:
А) Аллаh Расулы уахи келе бастағанда қатты толқып, рухы қатты қиналған. Сол себепті рухты тынықтырып, келесі уахиді қабылдауға дайындау мақсатымен толастаған.
Ә) Пайғамбар рухын болашақта басына келуі мүмкін ауыртпалықтарға қазірден үйрету, шыдамдылыққа әзірлеу мақсаты көзделген.
Б) Әрбір уахиды асыға күтуге, оған деген зарығу сезімін оятуға бағытталған.
Араға қырық күн салып пайғамбарымызға Аллаh тарапынан аян қайта келе бастады.
Бұл оқиға хақында Мұхаммедтің (с.а.у.) өзі былайша баяндайды:
“Бір күні жолда келе жатып көктен бір дауыс есіттім. Басымды көтеріп, төбеме қарағанда баяғы Хирада жүздескен Жебірейіл періштенің жер мен көк арасында алып тақта отырғанын көрдім. Бойымды түсініксіз бір сезім билеп, тұрған жерімде тіземнің әлі құрып отыра қалдым. Әлден уақытта есімді жиып, үйге қарай бет алдым. Келе салысымен:
“Менің үстімді жабыңдар, тезірек жамылғы беріңдер”, - дедім де, қымтанып жата қалдым.
Сол сәтте Аллаh Тағаладан мына аят түсті:
«Ей, жамылғымен қымтанып жатқан (пайғамбар)!
Орныңнан тұр, адамдарды (ақырет азабымен) ескерт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет