Адамзаттың асыл тәжі мұхаммед (с а. у.) пайғамбардың өмірі


Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



бет5/107
Дата21.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#142185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107
Байланысты:
Adamzatty 1187 asyl t 1241 zhi 1

Дамира Өмірзаққызы Ибрагим
Алматы.





Пайғамбарымыз
дүниеге келгенге дейінге тауарих


I ТАРАУ


ЖАЛПЫ ӘЛЕМНІҢ ЖӘНЕ
АДАМЗАТТЫҢ ХАЛІ

Біздің эрамыздың алтыншы ғасыры аяқталуға жақын.


Бұл ғасыр – адамзат әлемінің күпір мен азғындық атаулыға құшақ жайған заманы. Күштінің әлсізді қанауы, дәулеттінің жарлы-жақыбайға әңгір таяқ ойнатуы осы шақтың үлесіне тиген.
Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) пайғамбарлық түскенге дейінгі жалпы жер жүзінің және адамзаттың руханиятының деңгейін білуде пайда бар. Сонда ғана Расулyллаһтың адамзат баласын қалайша рухани, пікір түнегінен, саяси шытырмандардан және қоғамның қою қараңғылығынан, азғындықтан аз уақыт ішінде алып шыққанын бағамдай аламыз.
Ол тұстағы ең мықты мемлекеттер мыналар: Византия, Иран, Мысыр, Үндістан, Александрия, Месопотамия, Қытай, т. б.
Бұл елдердің қай-қайсысында да:
А) Дұрыс наным-сенім жүйесі жоқ болатын.
Белгілі бір сенімнің болмауы адамзат руханиятын шөктіргені сондай, азғындықтың небір түрі етек алып, адамдардың адам атауынан басқа қасиеттері жойылып біткенді.
Барша болмыстың Жаратушысын танымағандықтан, адамдар табиғат құбылыстарына табынып, Аллаhтың әміріндегі жер мен көкке, жұлдыздарға, Ай мен Күнге сыйынып, рухтан ада тақтай мен тастардан жасалған пұттарға сәжде қылатын.
Адамзат баласының ар-ұжданы, рухы Аллаhқа иманнан мақұрым қалғандықтан “Бар жаратылыс иләһи құдіреттің нәтижесі” деуді білмей әбден адасқан, ақылды орынды қолданбау салдарынан көз байланып, көңілдер тұмшаланған.
Иман, рух байлығы деген қазыналардан ауылы алыс қалған бұл байғұстар бір сөздің, бір кітаптың жазушысы, ойлап шығарушысы болатынын, кішкентай иненің де ұстасыз жасалмайтынын біле тұрып, мыңдаған сырға толы, керемет жіңішке есеппен жаратылған мына дүниенің жаратушысы бар дегенге сенбейтіндей дәрежеде парықсыз еді…
Осындай мүшкіл халдегі дүние, тәухид3 сеніміне, Аллаhтың барлығы мен бірлігін паш етіп, соған илануға үндеушіге аса мұқтаж болатын.
Күпірлік пен азғындықтан арылудың жолын көрсетіп, бағытын сілтейтін жолбастаушыға деген қажеттілік, күллі әлемнің пайғамбарға зәрулігі күн өткен сайын сезіле түскен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет