Адамзаттың асыл тәжі мұхаммед (с а. у.) пайғамбардың өмірі


ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ХAЗІPETІ АЙШАМЕН НЕКЕЛЕСУІ



бет81/107
Дата21.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#142185
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   107
Байланысты:
Adamzatty 1187 asyl t 1241 zhi 1

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ХAЗІPETІ АЙШАМЕН НЕКЕЛЕСУІ
Хазіреті Хадишаның мәңгілік сапарға аттануы Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) отбасылық өмірінде қиындықтар туғызды. Бұл жағдайды асхабы да сезбей қалмады…
Бір күні Осман ибн Мазун есімді сахабаның әйелі Хаула ардақты Пайғамбарымызға келіп:
“Уа, Расулаллаh! Үйіңде Хадишаның жоқтығы қатты білінеді екен”- деді.
Аллаh Расулы:
“Әрине, ол – балаларымның анасы, шаңырағымның шаттығы, отауымның тірегі еді ғой”- деп жан қиналысын сездірді.
Әңгіменің орайы келгенде Хаула:
“Уа, Расулаллаһ! Өлгенмен бірге өлмек жоқ. Үйленуге қалай қарайсың?” - деп сұрады.
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) :
“Кімге?” - деді.
“Хазіреті Әбу Бәкірдің қызы Айшаға немесе Зәманың қызы Сәудаға…”
Ойланып қалған Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Хаулаға:
“Барып, екеуімен де сөйлесіп көрсең қайтеді?” - деді.
Хаула шыққан бойда Әбу Бәкірдің үйіне барды. Үйде Хазіреті Айшаның анасы Үммү Руман бар еді.
Хаула табалдырықтан аттар-аттамаста:
“Ей, Үммү Руман! Аллаhтың сіздерге керемет берекетті нәсіп еткенін білесіңдер ме?” - деді.
Үммү Руман:
“Нені айтасың?”
Хаула:
“Расулаллаh қыздарың Айшаны айттыруға мені жолдады.”
Отағасы Хазіреті Әбу Бәкір болмағандықтан Үммү Руман Хаулаға нақты жауап айта алмады. Хаула Хазіреті Әбу Бәкірдің келуін күтті. Келген соң оған да бұйымтайын жеткізді.
Хазіреті Әбу Бәкір біраз ойланып қалды да:
“Біз Мұхаммедпен (с.а.у.) бауырмыз ғой. Қыз алысуға болар ма екен?” - деп, күдігін айтты.
Хаула Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) Хазіреті Әбу Бәкірдің күмәнді ойын жеткізді.
Расулаллаh:
“Әбу Бәкірге айта бар, біздің бауырластығымыз қандас немесе бір анадан сүт емгенімізге қатысы жоқ. Біз діндес бауырлармыз, жақындығымыз нанымымыздың ортақтығына байланысты. Сондықтан қыз алысуға әбден болады” - деді.
Хаула Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) сәлемін Хазіреті Әбу Бәкірге айтқанда, парасатты сахаба бір сөзге келместен ризашылығын берді. Сөйтіп (ай календары бойынша) шәууал айында Хазіреті Мұхаммед пен Хазіреті Айшаның некесі қиылып, той кейінге қалдырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет