Спортшыларымыз
сүйсінтті
Мұнан соң аймақ басшысы аудан
орталығындағы белгілі меценат, Абай
елінің тумасы, ел азаматы Медғат
Құтжановтың демеушілігімен былтырғы
жылы бой көтерген «Шыңғыстау» спорт
кешенінде болып, Ұлылар елінің
айбынын асқақтатып, әлемдік деңгейдегі
спорттық додаларда атой салып жүрген
ел ұландарымен жүздесті. Атап айтар
болсақ, боз кілем шеберлері, «Қазақстан
барыстары» Айбек Нұғымаров пен
Мұхит Тұрсынұлы, самбодан нәзік
жандылар
арасында
нәтижелі
көрсеткішімен дараланып, әлем
чемпионы деңгейіне көтерілген Зере
Бектасқызы, кеше ғана Ресейде өткен
әлем біріншілігінде алтыннан алқа
таққан, халықаралық спорт дәрежесінің
иегері Айдос Сейпілұлы, кіші буын
балуандар арасында «Қазақстанның жас
барысы» титулының тұғырына
көтерілген Қуан Барыс сынды спорт
саңлақтары, желкесі жерге тимей жүрген
балуандардың бірі Шалқар Жолама-
новпен сұхбаттасып, ахуал сұрасты.
Бұл ретте Даниал Кенжетайұлы спорт
саласы бойынша тек Абай ауданы ғана
емес, күллі Шығыстың намысын биік
ететін өрендердің баршылық екендігіне
разылығын білдіріп, заманауи талапқа
сай жасақталған комплекстің әлі де болса
әлем чемпиондарын баптайтындығына
үміт етті. Мұндай бірегей кешен
аймағымыздың көптеген аудандарында
жоқ. Абай елінің осынау жетістігіне
мерейленген облыс басшысы, тіпті, шет
елдерден кәсіпқой бапкерлер алдырып,
Шыңғыстау өңіріне шоғырландырып,
олимпиадалық ойындарға енетін спорт
түрлерін түлетіп, тиісті нәтиже көрсету
жолында жұмыс жасау керектігін мәлім
етті. Осынау ретте спорттың күрес, бокс,
шығыс жекпе жегі түрлері бойынша
абайлық ұландардан олимпиада
резервтерін даярлауға әбден болады.
«Бес қаруы сай» аталмыш спорттық
кешен, аудан әкімдігі тарапынан бөлінген
жіті көңіл – бұған зор мүмкіндік береді.
Сол себептен де хоккей, жеңіл атлетика,
қысқы ойын түрлері, жүзу, қазақ күресі
сияқты спорт түрлеріне екпін беріп,
елеулі жетістіктер қатарын көбейту
мақсатында облыс орталығында ашылған
жаттықтыру - даярлық кешеніне жыл
сайын 200-ге тарта дарынды жас
спортшыларды топтастырып, ел
чемпиондарын осы өңірден өрбіту,
біліктіліктерін өрістету керектігін негізге
алуды тапсырды. Жоғарыда есімдері
аталған спортшылардың елеулі
еңбектеріне көңілі марқайған басшы биік
белестерді бағындырған айтулы
азаматтарға арнайы қаржылық қолдау
мен шәкіртақылар тағайындалатындығын
айтып, самбошы қызымыз Зере
Бектасқызына Семей қаласынан баспана
берілетіндігін уәде етті. Бұл демеу сөз
жоқ, спортқа ден қойған өрендерді
қолдау ғана емес, оны өзгелерге үлгі ету
екендігі де белгілі. Облыс басшысы
тарапынан байқалған спортқа деген кең
жүректілікке осылайша тәнті болдық.
Жан - жақты қамтылған жастар
игілігіндегі спорт кешеніндегі әрбір
жаттығу бөліміне бас сұққан аймақ
басшысы спорттың түр - түрімен
шыныққан тәрбиеленушілерге толағай
табыстар тіледі. Бірі бокс залында
былғары қолғап түйістіріп, енді бірі боз
кілем үстінде белдесіп жатса,
тоғызқұмалақ бөлімінің бүлдіршіндері
өзара жеңімпаздарды анықтап жатқан
болатын. Д.Кенжетайұлы зіл темірлер
мен заманауи құрылғыларға толы
жаттығу залында шынығып жатқан
шымыр ұлдарға да тәнті болып,
жастардың спортқа деген құлшыныстары
мен қабілеттерін оятуға үлкен серпіліс
болып отырған осынау алып нысанның
жалпы жұмысына жоғары баға беріп,
ауданның
спорттағы
жеңісті
жетістіктеріне сүйсінді. Сондай-ақ, өңір
басшысы алдағы уақыттарда осы салаға
бөлінер қаражаттың да қомақты
болатындығын жеткізді. Аймақ
басшының бұл демеуі – спортшылардың
биік жетістіктерге жетуіне де себеп
болары ақиқат.
Денсаулық пен
әлеуметтік салада да
ілгерілеу бар
Осыдан соң аймақ басшысы аудандық
орталықтандырылған
емхана
жұмысымен жақынырақ танысты.
Емхананың сол жақ бөлігіндегі
поликлиникалық бөлімнен бастап,
күндізгі статционар бөлімдерін аралаған
Даниал Ахметов халықтың денсаулығын
жіті назарда ұстайтын ақ халатты абзал
жандардың жұмысы мен жаңадан
алынған, заман талабына сай
жабдықталған аппараттық құрыл-
ғыларды көріп шығып, күрделі жөндеуден
өткен емхананың іші - сыртымен
танысты, ем қабылдаушы тұрғындармен
пікір алысты. Аталмыш сала
мамандарының жұмысы толықтай
көңілдерінен шығатынын жеткізген
емделушілер де ешқандай шағымдары
жоқтығын айтып жатты.
Емхана бірлестігі жанынан тікелей
аудан әкімінің бастамашылдығымен
құрылып, БҰҰ –ы мен Тұңғыш
Президент қорынының қолдауымен
арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету
бөлімшесі бүгінде қызу жұмыс жасап
отыр. Онда кембағал жандар өз
мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып,
салт- дәстүрді берік ұстанатын «Нұр
Сана» орталығының әжелерімен
бірлесе қолөнер бұйымдарына
машықтанып, арнайы шынығу залында
түрлі спорттық құралдармен дене
сергітер жаттығулар жасауды әдетке
айналдырған еді. Мұнымен қатар,
мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған
арнайы компьютерлік бағдарламаларға
машықтану бөлімі де жұмыс жасап тұр.
Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауында
баса атап көрсеткен мүгедек жандарға
әлеуметтік көмек көрсету Абай
ауданында жүйелі қарқын алғандығына
осынау игілікті шаралар анық дәлел
бола алады. Қам көңіл жандарға
бөлінген көңілдің де ерекше екендігіне
аймақ басшысы айқын көз жеткізді. Ал,
зейнеткерлердің бос уақытын тиімді
өткізу мақсатында ұсынылған
ардагерлер бөлмесі де бұл күндері
ерікті қариялардың бас қосар орынына
айналған.
Орталықтың
осы
бөлімдерімен де танысқан облыс әкімі
ауыл ақсақалдарымен дидарласып,
әлеуметтік топтағы балғындардың кең
мүмкіндіктерін көріп, қолдарынан
шыққан қолөнер бұйымдарына бағасын
берді.
Мәдениет пен білім
саласына да баса мән
берілді
Өнері ұйыған, қасиеті тұнған Абай
елінің өнер сахнасының саңлақтары,
«Қаламқастың» қарлығаштары, мәдениет
саласының үздіктері, адуынды ақын
ағаларымыз мәдени ошаққа арнайы келген
аймақ басшысымен дидарласқан соң
өрісті өнерлерін ортаға салды. Әуезді ән
тербеліп, кербез билері көмкерілген
концерттік бөлімде Мәдениет саласының
үздіктері, күміс көмей әншілер мен
«Айгөлек» ансамблінің балғын
бүлдіршіндері тамаша нөмірлерін
назарға ұсынды. Сахна төрінде алып
монитор арқылы көрсетілген сюжеттік
қойылымды көріп Даниал Кенжетайұлы
өзге аудандармен салыстырғанда Абай
елінің дарындары даусыз алда деп жоғары
баға берді. Концерттік нөмірлер
жалғасынан соң Көкбай, Саржал, Медеу,
Қасқабұлақ сынды ауылдық округтер
көрсеткішінен тұратын презентацияға
кезек берілді. Ауылдық округ әкімдері
аймақ басшысына қарқынды атқарылған
құрылыс жұмыстары мен шараларды
баяндап берді. Аудан ахуалы слайд
көрінісі арқылы да көрсетіліп, бедел
арттырарлық
бірталай
істерді
тізбекетеген аудан әкімі Тұрсынғазы
Мүсәпірбеков тыңнан сүрең салған
серпілісті істермен де таныстырды. Атап
айтсақ, ауданымыздағы көріктендіру,
абаттандыру,
көше
бойларын
жарықтандыру шараларымен қатар соңғы
жылдары зор нәтиже беріп жатқан “Туған
жерге тағзым” акциясының жемісі жайлы
тұщымды мағлұматтармен кең көлемде
тоқталып өтті. Тұрсынғазы Жантұяқұлы
ауданымыздағы Көкбай, Саржал,
Қасқабұлақ тәрізді үш бірдей тірек
ауылды дамыту бағытындағы шаралар
жайы және бірқатар мемлекеттік
бағдарламалардың орындалу барысы
тарапында баяндап өтті. Сөзінің соңында
Елбасының халыққа арнаған “Нұрлы жол
– болашаққа бастар жол” атты жаңа
Жолдауының негізгі басымдықтарының
орындалуы жайлы да түсінік берді. Бұл
ретте ауданымызда идеологиялық
шараларға да баса мән берілуде.
Облыс басшысының келесі назарға
алғаны Абай ауданындағы білім беру
саласын бағдарлау болды. Осы орайда
аудандағы 40 жылдық тарихы бар Абай
атындағы мектеп - лицейінде болып,
ондағы «Қазақстан жолы» кабинеті мен
«Абай ұрпақтары» атты тарихи
мұражайдың ішін аралап, сөрелерге
қойылған құнды жәдігерлер мен шежірелі
кітаптарды көріп танысты. Өткізіліп
жатқан сабаққа кіріп, оқушылардың оқу
үлгеріміне де ден қоюды назардан тыс
қалдырмаған облыс әкімі сынып
журналына арнайы көз жүгіртіп өтті.
Аймақ басшысының оқушылардың
бұлайша сабақ үлгерімдерін ерекше
назарға алуы түлектердің талабы мен
білім деңгейлері Ұлттық бірыңғай
тестілеуде төмен көрсеткіштерге табан
тіреуінен болса керек. Сол себепті,
облыс басшысы өз сөзінде оқушыларға
оқуда озат болуларын міндеттеді.
Осылайша аудандағы спорт, денсаулық,
мәдениет және білім беру салаларымен
таныс болысымен кезек ауданның негізгі
кәсібі ауыл шаруашылығы саласына
ойысты.
Шаруашылық
саласында да маңызды
мәселелер бар
Мал шаруашылығына маманданған
ауданымыз
бүгінде
үкіметтік
бағдарламаларды игеруде белсенділік
танытып, мал басын асылдандыру, үлес
салмағын ұлғайту негізде қарқынды
жұмыстар жасауда. Осы тұрғыда іскер
азамат Сармурзин Ерсіннің иелігіндегі
«Серік» шаруа қожалығында болып,
жұмыс барысымен танысқан Даниал
Кенжетайұлы қожалықтағы мал сою
алаңы мен мал бордақылау алаңда-
рындағы асыл тұқымды жылқы, қылшық
жүнді қой мен МІҚ түліктері түрлерін
көріп, жұмыс барысымен танысты.
Жалпы аудандағы алынған субсидияның
үлесі жайында, өңірдегі аграрлық –
өнеркәсіп өнімінің көлемі жайында
баяндаған аудан әкімі Тұрсынғазы
Мүсәпірбеков арнайы әзірленген стенді
арқылы ауылшаруашылығы саласындағы
көрсеткіштерді ұсынды.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы
саласында жетекші маңызға ие бірқатар
шаруа қожалықтары басшыларымен
жүзбе-жүз пікірлескен облыс басшысы
оларды сөзге тартып, шаруашылық
жайымен жақынырақ танысты.
Бүгінде ауданымызда етті бағыттағы
қазақтың ақбас сиырларын өсірумен
шұғылданатын «Шәлипан» шаруа
қожалығының жетекшісі Сағатбек
Асқаров осы өңірге бейімделген 500 бас
түлік өсіріп отырғандығын жеткізіп,
аймақ басшысы тарапынан қолдау тапты.
Шаруашылық жетекшісінің бұл
бастамасын бірден құптаған Даниал
Ахметов өзге де қожалық иелеріне
жылдам салмақ қосып ет алатын, өсімтал,
шөлейтті аймаққа, аязға төзімді келетін
Облыс әкімінің ресми сапары
PDF
создан
с
пробной
версией
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
25-31 қаңтар 2015 жыл
Елі ардақтаған ел ағасы
Шәкірт лебізі
Өмірде осынау өлшеулі
жасалған,
Мереке болғанмен
әр күнгі атар таң.
Өмірдің есігін ашқан
күн әркімге,
Ерекше меншікті
мереке қашаннан.
Құтты боп мереке –
туылған күніңіз,
Әрдайым бақыттың
төрінде тұрыңыз.
Ешқашан тоқырап,
мұқалмай жыр-қалам,
Шаттықты жырласын
жазатын жырыңыз.
Қаңтардың қарындай
кіршіксіз көңілмен,
Жүректен ақ тілек лек-лек
боп төгілген.
Жүзге де келіңіз, баянды,
ұзақ боп,
Ырғақты бұл өмір
өлеңмен өрілген.
Ділда УӘЛИБЕКОВА
Қарауыл гимназиясының
10-сынып оқушысы
***
65- мерейлі жас ер үшін,
Еңбегіңіз еселенсін ел үшін.
Бұл ғаламда болса дағы
сан ұстаз,
Сіздің орын ерекше ғой
мен үшін.
Құтты болсын Төлеген
ұстаз тойыңыз,
Орындалсын мұрат-арман
ойыңыз.
Әулетіңнің құрметіне
бөленіп,
Әрқашанда биік төрде
болыңыз.
Зарина ОРАЛҚЫЗЫ
М.Ибраев атындағы
«Ақсұңқар»
ақындар сыныбының
оқушысы
«Ада болған ұсқыннан,
Ажарындай жігіттің.
Қара желі ысқырған,
Қарауылда туыппын...» деп, өз
ғұмырын өлеңмен сабақтаған,
мінезі де, тіпті, өлеңінің табиғаты
да өзі өскен өңір - Қарауылынан
аумай
қалған
Төлеген
Жанғалиевтей ақынның атын
білмейтін жерлесіміз жоқ шығар?!
«Ел» деп еңбек атқарып, «өлең»
деп өмір сүрген сол ақын аға
қаңтардың 27-і абыроймен 65
жасқа толды. Осынау күні өзі
ардақтаған елі ақыны үшін арнайы
кеш өткізді. Бұл шарада Қазақстан
Жазушылар одағының және
Журналисттер одағының мүшесі,
10-нан астам жыр жинағының
авторы, Жамбыл қорының және
Шығыс Қазақстан облысы әкімі
сыйлығының лауреаты, ұстаздық
ұлағаты
үшін
Ыбырай
Алтынсарин атындағы төсбелгі
иегері атанған Төлеген ағаны
ортаға алып, мерейлі мерекесімен
құттықтаған жерлестеріміздің
қатары көп болды. Мәселен,
айтулы мерекеге Қарауыл
гимназиясының ұжымы мейлінше
мән беріп, танымдық кеш
ұйымдастырса, аудандық тарихи-
өлкетану мұражайы сұхбат пен
сырлы әуенге толы мәдени шараны
тарту етті.
«Өмірге артар өкпем жоқ,
Өмірім-жарық шамшырақ!
«Өлең боп қана өтсем» деп,
Өзімді келем қамшылап» -
деген жыр жолдарының авторы
бұл күндері бір ауданның
бойында қазынасы мол ел
ағасына айналып отыр.
Төлеген Жанғалиұлы бүгінгі
поэзияның сыршыл ақыны
Қалқаман
Сарин,
қазақ
радиосының майталман журналисі
Жадыра Жүмакүлбай, белгілі тілші
Айдос Имантай, айтыскер ақын
Бақытжан Байболов, жыр
додаларының көмбесінен табылып
жүрген Арман Шеризатов,
жырлары облыстың ұжымдық
жинақтарға еніп жүрген Әлия
Құлбаева, Ұлан Сағадиев, Нұржан
Байтөс, Еңлік Құндызбаева,
Айсана Қайрат, Динара Қабышева,
Жайдар Жақсылықов, Айдана
Дәуренқызы, Серік Мұратов,
Нұрқыз Мырзаханова сияқты
көптеген жас ақындарға, Ұлпан
Қамбелова, Қуат Айтқали сынды
шәкірттеріне публицистика
бағытында бағдар беріп, ел ішінде
«ақын-ұстаз» аталып кеткен жан.
Төлеген аға Мерғали Ибраев
атындағы «Ақсұңқар» ақындар
сыныбын ашып, жазба ақындар
поэзиясы, айтыс, публицистика
жанрларында
сан
түрлі
таланттарды түлетіп ұшырды. Ол
сынып тек қана Қарауыл ауылынан
шыққан дарынды балаларды
құрамай, Құндыздыдан Мақпал
Жмашева, Медеу ауылынан
Әйгерім Әділбаева және Кеңгірбай
би ауылының тумасы, кеше ғана
ортамыздан өткен Дулат Аюбаев
сынды бірқатар жастарды да
қанатының астына алды. Сол
түлектерінің халықаралық,
республикалық
жыр
мүшайраларынан шаппай озып
жүргендеріне бұқаралық ақпарат
құралдары арқылы куәміз. Сол
себепті, өзінен кейін «сап-сары
саусаған қол» қалдырып келе
жатқан ақынның туған күні аудан
үшін де айтулы мереке екендігі
анық.
Қаңтардың 29-ы Қарауыл
гимназиясының акт залында
Төлеген ағаның оқушылармен
кездесу сәті өте әсерлі өткен
шаралардың алғашқысы болды.
Оған себеп, 2016-шы жылы
ашылғанына 20 жыл толғалы
отырған «Ақсұңқар» ақындар
сыныбы осы мектептің іргесінде
құрылған еді. Осындай сыныппен
арқаланып отырған аталмыш
ұжым аяулы ақынға сый-құрмет
даярлауда аянып қалмады.
Шара барысында әуелгі болып
тілек білдірген мектеп директоры
Қуаныш Жарасбаев ақынсыз қоғам
болса да, қоғамсыз ақынның
болмайтындығын, өмірдің өзі өлең
екендігін тілге тиек етті. Расында,
руханият пен мәдениет бар жерден
ақынды да табуға болатыны анық
қой. Артынша мектеп директоры
туған күн иесіне ұжым атынан
сыйлықтар табыстап, әлі де болса
жыр жауһарларын күтетіндігін
айтып өтті.
Осыдан соң кезегімен сөз
тізгінін алған мектеп ұстаздары да
жүрекжарды тілектерін білдіріп,
ақын өлеңдерін жатқа оқып, кеш
көркін қыздырып жіберді.
Ұстаздар қауымынан қалыспай
оқушылар да ақын
ағаларына әуезді ән,
арнау
жырларын
жолдады.
Мереке осы күннің
екінші жартысында
аудандық
тарихи-
өлкетану мұражайында
жалғасын
тапты.
Мұражай қызметкерлері
де 65 жасқа келген ақынға
айшықты тарту ретінде
ұ й ы м д а с т ы р ы л ғ а н
жиынға тыңғылықты
дайындалған
екен.
Мұражай меңгерушісі,
туған күн иесінің жақын
досы Малгаждар Жүнісжанов
бастаған ұжым аталмыш кешке
ауданымыздың саяси және мәдени
өміріне арқау болып отырған
зиялы қауым өкілдерін, қоғам
белсенділерін, Мерғали Ибраев
атындағы «Ақсұңқар» ақындар
сыныбының түлектері мен
оқушыларын шақырыпты. Атап
айтар болсақ, ауданның мәслихат
хатшысы Төлеубек Аманғазы,
ауданның мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімінің басшысы Әсет
Мырзақасым, аудандық мұрағат
бөлімінің басшысы Совет
Махметов, аудандық ардагерлер
кеңесінің төрағасы Марат
Түңлікбаев, «Қаламқас» ән-би
ансамблінің бұлбұл көмей
әншілері Бақыт Шағатаева, Тамара
Көзбаева және ақынның шәкірттері
Ұлан Сағадиев пен Нұржан Байтөс,
«Ақсұңқар» ақындар сыныбының
өрендері қатысты.
Әр басқосудың өз қызығы
болады. Бұл әдеби-сазды кеш те
өлеңмен өріліп, Төлеген ағаның
өмірінде болып өткен естеліктері
айтылып, кей жырлардың тарихы
ортаға салынып, тыңдарман
қауымға тартымды болды.
Жиналған көпшілік мекеме
қызметкерлері әзірлеген көрмеге
де көз салып шықты. Көрмеге
ақындар сыныбы ұстазының өз
шәкірттерімен түскен суреттері,
әр түрлі уақыттарда жарық көрген
жыр жинақтары, еңбегі үшін
алған төсбелгілері мен марапат
қағаздары тізілген екен. Оған қоса
қабырғада бейнеленген слайд
арқылы ақын өмірінен үзік
сырлар, қоғам қайраткерлерінің
пікірлері көрсетілгені айтулы
шараның айшықты сәттері болды.
Замандас достарының атынан
сөз алған Төлеубек Аманғазы
Төкеңнің тентектік жасаған
кездерінен сыр тартып, еңбекке
араласқан белсенді шақтарынан да
бірер мысал айтып берді. Мәслихат
хатшысының сөзіне құлақ түрген
қауым артынша ел ағасының
ақынға жазған арнауын да тыңдады.
Т.Аманғазы сондай-ақ, аудан әкімі
Т.Мүсәпірбеков арнайы жолдаған
марапатын да тапсырды.
Әдеби-танымдық
кеш
барысында мерекенің барлық
қатысушылары сөз алды. Ақжарқын
пейілді аға жайлы сыр тербеп,
ағынан жарылды. Өз өлеңдерін де
арнап жатты. Әсем әннен шашу
шашылып, ұстаз шәкірттері балғын
жырларымен сусындатты.
Кеш соңында мұражай басшысы
Төлеген Жанғалиұлына сый-
сипаттарын ұсынып, ақын иығына
шапан жапты. Жылы пікір, жарқын
естелікпен өрілген көркем шарадан
зор әсер алғандықтан болар,
тараған жұршылық арасында
Төлеген ағаның өлеңдерін оқып
бара жатқандарды да көрдік.
«Өз газетім - өз елім!»,
«Некролог» сияқты тақырып-
тардағы өлеңдері арқылы
аудандық басылымды да
жырына қосқан Төлеген
Жанғалиұлы газеттің де тұрақты
оқырманы, жанашыры! Редак-
ция алқасы өлкеміздің мақта-
нышы, өлмес мұра иесі Төлеген
ағаны құттықтай отырып, әлі де
қаламыңыздан жалынды жыр,
сарқылмас қазынадай жаңа
туындылар тосамыз дегіміз келеді.
«Абай елі» ақпараты
ақбас сиырлар өсірумен айналысу тиімділігінің жоғары екендігімен
келісетінін жеткізді. Осы тұста өнімділігі қарқынды көршілес
аудандармен тәжірибе алмасып, мал тұқымын асылдандыруда әртүрлі
тағы да басқа түлік түрлерін сатып алуды тапсырды.
- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі жүргізіп
отырған саясатының нәтижесінде еліміз тұрақты өркендеуге қол
жеткізді. Маңыздысы, бірлігімізді бекем етіп, елдегі тұрақтылықты
сақтау, шаруашылық саласында жүйелі жұмыс жүргізіп ел ырысын
еселеу – басты мақсат. Бұл орайда ауыл шаруашылығы саласына
келсек, ең бастысы асылтұқымды мал өсіруді мықтап қолға алып, ірі
қара шаруашылықтарының қатарын көбейту қажет. Бұл мақсатта
сіздерге жеңілдікпен несиелер беріледі. Асылтұқымды мал басын
арттыруға Абай ауданы баса мән беруі қажет. Бұл жолғы сапарымда
көңіліме біршама жайтты түйдім. Алдағы уақыттарда Абай елі
дамудың жаңа даңғылына түседі деп білемін. Бұл ретте қолдан келген
көмектен аянып қалмайтын боламыз, - деді Даниал Ахметов.
Д.Кенжетайұлы қожалық иелерімен қатар ауыл ақсақалдарына
да құлақ түрді. Өз сөзінде аймағымызда жайылымдық жерлер көп
болғанымен, шабындық, егістік жерлер жоқтығын атап өткен
Амантай Мұқатаев ақсақал өзі де шаруа баққан жандардың бірі
екендігін, осы ретте малдың тұқымдық сапасын жақсарту мақсатында
аудан көлемінде түрлі жұмыстар жасалып жатқандығын айтты. Алайда,
қойдың еті мен қазақтың қылшық жүнді қой жүнін тұрақты
саудалайтын арнайы нарық болса деген өз пікірін де білдіріп өтті.
Сондай-ақ, қазақ қойының етіне Иран, араб мемлекеттері үлкен
сұраныс білдіріп отырғанын жеткізіп, бұл іске барынша көмек
көрсетуін, өзара қарым- қатынасты реттеп беруін сұрады.
Бүгінде шаруамен күнелткен тұрғындар үшін жүн мен мал
терілерінің саудасы шатқаяқтап тұрғандығы шаруаларға біршама
теріс әсерін тигізуде. Осы орайда «Дерикар» ЖШС-нің жұмысының
да қаңтарылып, тері саудасының тоқтап тұрғанына да жылға
жуықтапты. Осынау мәселемен арнайы «Дерикар» ЖШС жұмыс
орынына барып, мәселенің мәнісіне ден қойған аймақ басшысы
тығырықтан шығар жолды қарастырып, шешімін табу керектігін
айтты. Жалпы, өндіріс орнының жұмысы жайлы тоқталып өткен
«Дерикар» ЖШС-нің директоры Тасболат Битенов шаруашылық
ауданы болған соң, жылына 1,5 млн.тонна жүн шығатынын айта
келіп, қара қойдың жүніне деген сұраныстың жоқтығының
салдарынан бірсыпыра тонна жүнді әлі күнге дейін қоймада сақтауға
мәжбүр болып отырғандарын жеткізді. Қара қойдың жүнінен түрлі
кілемдер тоқуға болатынын, алайда оның өзіне 120 млн. теңгеге
техника алу керектігі қол байлау болып тұрғандығын да қоса айтты.
Көзімен көріп куә болған бұл мәселені де көңілге түйген облыс
басшысы алдағы уақытта кәсіпорын жұмысын қайта жандандыру
бағытында бірқатар шараларды қарастырып көретінін айтты.
Осылайша облыс әкімі Даниал Ахметовтың Абай ауданында
жоспарланған жұмысының соңғы сапары «ГРК Бөрлі» ЖШС
«Мақсұт» кеніш орынындағы кен байыту цехының жұмысын көріп
танысумен қорытындыланды.
Бүгінде Мемлекет басшысының жиі назарға алып, заманның озық
технологияларын тарту арқылы жұмыс күшін жеделдететін үдемелі
индустриалды- инновациялық даму бағдарламасына бет түзеп,
өндірістік ошақтардың көптеп ашылуына көңіл бөлінуде. Осы ретте,
ауданымыздан ашылғалы отырған өндірістік жұмыстың жай-
жапсарына үңілген облыс әкімі «Бөрлі» тау-кен компаниясы ЖШС-
не 24 шақырым жерден 35 кв. электр желісі облыстық бюджет
қаражаты есебінен тартылатындығын мәлім етіп, күрмеуі шешілмей
тұрған мәселенің түйінін тарқатып берді.
Тобықтай түйін: Аймақ басшысы ауданымызға жасаған
осынау сапары барысында ауданның қазіргі қалыптасқан
ахуалын назарға ала отырып, жасалуы тиіс жұмыстардың
да баршылық екендігін баяндады. Әсіресе, Ұлы Абайдың
170 жылдық мерейтойы қарсаңында «тігісі сөгіліп» тұрған
тас жолдар мен алыс-жақыннан жиналған алаш жұрты зиярат
етер бабалар кесенесінің күрделі жөндеуден өтетіндігін
негізге алды. Абай елінің ғана емес, әрбір алаш баласының
ары мен намысы, ақыл кені саналар Абай хакімнің бұл
торқалы тойы өз мәнінде өтуі тиіс. Мерейтой атап өтілер
жаз соңына дейінгі аралықта қарқынды жұмыспен қауырт
қимылдап қалу қажеттігі туып тұр. Ең бастысы – облыс
басшысы тарапынан жанды қолдау бар. Тек осынау
мүмкіндікті сәтімен пайдаланып қалу шарт.
«Бітер істің басына – жақсы келер қасына» демекші бұл
ретте Абай елінде көптеген істің орайы келіп, шешуін табады
деп білеміз. Аймақ басшысының ресми сапармен алғаш басқан
аяғы құтты секілді. Абай елінің атын аспандатып жүрген Зере
Бектасқызына Семейден пәтер беруге уәде етсе, спорт
саласына тағы да тың серпін алдыруға алыстан бапкер
алдыратынын жеткізді. Сондай-ақ, тоқырап қалған «Дерикар»
ЖШС кәсіпорынына қайтадан дем бітіруге уәде етіп кетті.
Рас, мұның барлығы аз уақыт ішінде бітер шаруа емес. Облыс
әкімі тек орайын келтіріп берер, арғысы өзіміздің белді бекем
бууымызға, бірлікпен күш жұмылдыруымызға байланысты
деп білеміз. Ең бастысы Даниал Кенжетайұлы ауданымыздағы
атқарылған шараларға оң баға берді. Ендігі аралықта да осы
үдеден табылып, саясат сахнасында асығы алшысынан түсіп
жүрген бүгінгі аймақ басшысының сенімінен шығып,
қолдауына ие бола беру болса керек...
Нұржан БАЙТӨС,
Тоғжан РАХЫМБЕКҚЫЗЫ
«Абай елі»
PDF
создан
с
пробной
версией
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
25-31 қаңтар 2015 жыл
Бүгінгі нөмірде оқырман
назарына ауылдық округтерде
өткен спорттық сайыстар
жайлы
материалдар
топтамасын ұсынып отырмыз.
Ден қойсақ, өткен айда
ауданымызда айтулы спорттық
бәсекелер молынан өтіпті.
Сондай-ақ,
облыстық,
республикалық жарыстардың
жүлделері
қанжығамызды
майлапты. Аудан абыройын
асқақтатып
жүрген
өрендеріміздің қатары көп-ақ.
Ол әрине, жағымды жаңалық. Десек
те, спорттың бұқаралық сипатын
арттыруда, салауатты өмір салтын
қалыптастыруда ауданымыздағы ауылдық
округтердің орта буын өкілдері әлі де
белсене кірісе алмай жатқаны бет
қызартар жайттың бірі болып отыр. Олар
ересектер арасында өтіп жатқан
жарыстардан қалыс қалып, жас буынға үлгі
болудың орнына ауыл-үй арасындағы
тіршілік қамынан аса алмай жүрген
тәрізді. Қыс мезгілі екен деп қымтанып,
құр жүруге құлықты азаматтар спорт
түрлеріне деген белсенділіктерін қашан
байқатпақ?! Тілге тиек етер болсақ, таяуда
ғана Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай
ұйымдастырылған ересектер арасындағы
аудандық допты хоккей додасында кейбір
ауылдық округтер айбындылық көрсетпек
түгілі мұзайдын маңында төбе көрсеткен
де жоқ. Жекелей тоқталар болсақ, Медеу,
Қасқабұлақ, Тоқтамыс, Архат сынды
ауылдық округтер кері тартудан көш
бастап тұр. Бойкүйездікпен бейқам
жүрген ауылдар үшін бұқаралық спорт
қадірі артпай келеді. Осы ретте Дарын
Мұқтарұлы, Асхат Мұқатай, Ақылтай
Садырбай, Ардақ Өміртаев сияқты ауыл
әкімдері мен әкімдік мамандарына бұл
мәселе үлкен сын болып тұр. Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы
Қазақстан халқына Жолдауларында
халықтың дене тәрбиесі және спортпен
айналасуы үшін, спорттың бұқаралығын
арттырып,
спорттық
инфрақұрлымдардың қолжетімділігін
кеңейтіп, 2020 жылға дейін Қазақстан
халқының кем дегенде 30 пайызын
бұқаралық спортқа тарту міндетін
белгілегені белгілі. Бұл орайда аудан
әкімінің
һәм
спорт
саласы
жанашырларының бастамасымен
ауданымызда іргелі істердің жүзеге асып
жатқанын білеміз. Шағын спорттық
үйірмелер мен түрлі сайыстарға жолдама
алудан бастап, «Шыңғыстау» спорттық
кешенінің ішкі жабдықталуының өзі неге
тұрады. Рас, жергілікті билік тарапынан
қаузау бар, бастама бар, тек кежегесі кері
тартып, көшелі іске келгенде немқұрайды
қарайтын әдетіміз аракідік көрініс беріп
қалады.
Білуімізше, базбір ауылдарда
спортпен тұрақты айналысушылардың
есебі жүргізілмейді. Тіпті, кейбір округ
әкімдіктерінде
тұрақты
спорт
нұсқаушыларының
болмауынан
ақпаратты кімнен сұрайтынымызды
білмейтін кездер болады. Аға буынның
өскелең ұрпаққа үлгі боларлық өнеге
көрсетпестен, жас буынның жетістіктерін
«жуып жүріп» күн өткізгенінен келер
пайда қанша? Абай Құнанбайұлы:
«Керек іс бозбалаға талаптылық,
Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп,
Сыртқа пысық келеді, сөзге сынық» деп
айтқандай, шымыр денеде сергек ойдың
болғаны ең әуелі осы индевидтің өз ауылына,
өлкесіне, еліне тигізер үлесі болмақ.
Қысқа қайырар болсақ, Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың 2020 жылға қарай ел
тұрғындарының 30 пайызын бұқаралық
спортпен тұрақты айналысуы тиіс деген
тапсырмасын орындау - ауылдық округ
әкімдеріне де жүктелінген міндет екенін
естеріне сала кеткіміз келеді.
Ал,
бүгінгі
жетістігіміз,
жаттықтырушылар мен ұстаздардың,
талапты шәкірттердің ортақ жетістігі.
Ендеше ел мерейін еселер ұландарымыз
көп болсын, аға буын да қалтарыста
қалмасын деп тілек білдіреміз...
Нұржан БАЙТӨС,
«Абай елі»
Сондай-ақ, тағы бір жағымды ақпарат
спорттың бокс түрінен орын алды. 11 – 17
қаңт ар ара лығында еліміздің оңт үст үгі
Ш ым к е нт қ а ла с ында ө т к е н бо к с т а н
Қазақстан Республикасының чемпионатында
ауданымыздың жас спортшысы Берікжанов
Дарын бақ сынап, жүлделі орынға ие болды.
Б ы лғ а р ы қолғ а п ш ебер і елі м і з д і ң ә р
түкпірінен келген боксшылармен шаршы алаңда
жұдырық түйістіріп, бұл спорт түрі бойынша
ерекше шеберлік танытты. Шәкіртін баптап,
шеберлігін шыңдап жүрген білікті бапкері
Жанболат Ұлан да өз шәкіртінің болашағынан
з ор ү м і т кү т ет і н д і г і н а й т а ды . Ал, бі з ө з
кезегімізде қарсыластарына шақ келтірмеген
абайлық спортшымыздың жалаулатып жеткен
жеңісімен құттықтай отырып, бұл балғынның
алар асулары алда екендігіне үлкен сенім
артамыз.
Жалпы, өткен қаңтар айы
абайлық спортшылар үшін
жеңістерге толы болды. Атап
айтсақ, 15 – 17 қаңтар
аралығында Семей қаласында
1996 – 1997 жылы туған жастар
арасында қазақ күресінен ШҚО
чемпионаты болып өткен еді. Әр
ауданнан
жиылған
кіл
мықтылар
сынға
түскен
сайыста абайлық өрендер де топ
жарып, жүлделі орындардан
көріне алды.
Мәселен, 73 кг салмақта
белдесуге түскен Жарқынбаев
Руслан, 82 кг салмақтағы
Құсайынов Қуандық І - орын алып
аудан намысын айбарлы етті. Ал, 55 кг салмақта Маратов Ерхан, 60 кг салмақта Құмаров
Сұңғат, 73 кг салмақта Табықбаев Рахат сынды балуандарымыз ІІ - орын алды. Сондай-ақ, 82
кг салмақта өнер көрсеткен Кеңесов Мерей ІІІ - орынды місе тұтты.
Ендігі аралықта бірінші орын алған өрендеріміз спорттың қазақ күресі түрінен Қызылорда
облысының Шиелі ауданында өтетін турнирде сайысқа түсетін болады. Республикалық бәсекеге
жолдама алған абыройлы спортшылар қатарында 60 кг салмақта Құмаров Сұңғат, 82 кг салмақта
Құсайынов Қуандық, 73 кг салмақтағы Жарқынбаев Руслан сынды жас балуандарымыз бар.
Спортшы ұландарымызға жеңіс тілейміз.
Сүйінші!
Облыстық бәсекеде жеңімпаз
Құндыздыдағы спорттық дода
Жуырда Құндызды ауылында ел назарын аударған үлкен шара болып өтті. Екі күн
бойы Ш.Әбенов атындағы орта мектептің спорт залында балуандар бәсекесі өтті.
Бұл шараға ауылдық округ әкімдігі қызметкерлері бастаған ел азаматтары, жасы
үлкен қариялар, ауыл тұрғындары, қатысушы жастардың туыс – жақындары,
спортсүйер қауым мол жиналды.
Ел бойынша өтетін айтулы
дода «Қазақстан барысына»
қатысып, сом білектің күшін
танытып, Орынбор қаласында
өткен додада Әлем чемпионы
атанған жерлесіміз құндыздылық
Айбек Нұғымаровтың есімін
білмейтін спортшы жоқ бүгінде.
Бұл шараға Айбектің арнай келіп
қатысуы 8-9 жастағы енді ғана
спорт атты ұлы ұғымға ден
қойған балғындар үшін әсері
үлкен болды.
Әдеттегідей спорт сайысының
ашылу салтанатын - өз ауылында
өтетін игілікті шаралардың үнемі
басы – қасынан табылатын,
Құндызды өңірінде жасалынып
жатқан
талай
тамаша
ж ұ м ы с т а р д ы ң
ұйымдастырылуына ұйытқы
болып жүрген ауыл әкімі Тілек
Үркімбаев ашты.
Құндыздыдағы бұл айтулы
сайысқа спорт саласының
Ортбаев Бейбіт сынды ел
азаматының мойнына алуымен
өткізілген сайыс жоғары
ұйымшылдықпен өтті.
Әсіресе, балуандар белде-
суінің ашылу рәсімі ерекше
әсерлі болды. Айбек Нұғымаров
сөз сөйлеп, жас буынға
тілектестігін білдірді.
- Сендер ге айтар аға лық
кеңесім, ешқашан да ерінбеңдер.
Тек үнемі жаттығу ғана жеңіске
қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Әрдайым өзін өзі жетілдіріп,
жаттығудан қалмай, жаман
әдеттерге жоламай, алдына үлкен
мақсат қойған спортшылар ғана
қандай қиын жекпе – жек
болмасын қарсыласын тізе
бүктіріп, жеңіске жете алды.
Спорт, оның ішінде қазақ күресі –
бұл бабаларымыздан қалған мұра,
- деген Айбек сайысқа жиналған
жастарды жігерлендіре сөйледі.
Осылайша балғын балуандар
белдесуі басталып та кетті. Кілем
үстіне белдесуге шыққандар жас
категориясына қарай 8 – 9
жастан бастап, әр салмақ
бойынша кезектесіп сынға түсіп
жатты.
Айта кету керек, Құндызды
ауылы дәл осы күні мерекедегідей
түрленіп сала берді. Аспан төрі
шайдай ашық, күн тынық. Ауыл
азаматтарының мәрт көңіліндей
күлімдеп тұрған күн, сайысты
тамашалаушыларға мерейін мол
төгіп тұр еді.
Бұл сайыста алыпта жыққан,
шалып та жыққан жас балуандар
қатары көп болды. Соңғы кездері
Абай елінде кеңінен өріс ала
бастаған қазақ күресінің қарымын
байқатқан байқауда ауыл
спортшыларының қабілет деңгейі
анық айқындалды. Әр салмақ
бойынша сынға түскендер
арасында әдіс – айлаға мықты,
қара күшке берік ұландар қатары
көп ұзамай мәлім болды.
Ал, соңғы белдесу, аса ауыр
салмақ саналатын
Түйе-
балуандар белдесуі бойынша І
орын Жарқынбаев Русланға
бұйырса, ІІ орынды Әлшеков
Мансұр алып, ІІІ орынға
Шаймұратов Келдібек жайғасты.
Барлық жеңімпаздар мақтау
қағаздарымен марапатталып,
арнайы әзірленген сыйлықтар
иеленді. Жалпы, бұл жолғы
турнирге ұзын саны 142
спортшы қатысқан болатын.
Жеңімпаз өрендердің алдағы
уақыттарда да алар асулары биік
боларына сеніміміз кәміл.
Таяуда Семей қаласында 1997 – 1998
жылы туған жасөспірімдер арасында самбо
күресінен ШҚО чемпионаты болып өтті.
Байрақты бәсекеде Абай ауданынан ШҚО
дене шынықтыру және спорт басқармасының
«Аб ай
ауд аны
бойынш а
Ш ҚО
мамандандырылған балалар – жасөспірімдер
олимпиадалық резерв мектебі» КММ – нің
спортшылары бағын сынап боз кілем үстінде
та ртыс ты ойын өрн егін көр сеті п,
нәтижесінде қарсыластарынан айқын басым
түсіп, жүлделі орындарды қанжығаларына
байлап қайтты.
Атап айтсақ, 68 кг салмақта белдескен
Барыс Қуан қарсылас шақ келтірмей І -
орынды еншілесе, Жарқынбаев Руслан 73 кг
салмақта өнер көрсетіп, қоржынымызға тағы
бір бас жүлдені салды. Ал, 60 кг салмақта
сынға түскен Құмаров Сұңғат ІІІ - орыннан
көрініп, аудан мерейін асқақтата түсті.
Ендігі аралықта облыстық чемпионатта топ
жарған самбошылар Орал қаласында өткізілетін
республикалық сайыста белдесуге түсетін
болады. Оған жолдама алған Қуан Барыс пен
Руслан Жарқынбаевтан үлкен үміт күтеміз.
«Абай елі» ақпараты
PDF
создан
с
пробной
версией
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
25-31 қаңтар 2015 жыл
Қ а р а у ы л
ауылының тұрғыны
болған Смагулов
С е р і к б о с ы н
З е й н е л қ а б д е н -
ұлының өмірден
өткеніне 20 жыл
болды.
Ақтарсам
өткен күннің
мұрағатын,
Табамын
тағдырымның
ұлағатын.
Ешқашан аласармас асқарлардан,
Әкетай, әркез биік тұрады атың.
Шырмалып талай жылдар тұсауына,
Бұл өмір айналады-ау мысалыңа.
Бізді ғана құшақтап отырушы ең,
Бүкіл әлем сыйса да құшағыңа.
Қаққанын көрмедің-ау қанаттарын,
Ұл-қыздың тамырыңды таратқанын.
Қол жайып дұға қылдық, нәсіп етсін,
Жәннәттің төрін сізге Жаратқаным!
Еске алушылар: жолдасы Сания,
балалары: Мейіржан-Тоғжан, Әсет-
Ляззат, Әсет- Меруерт, Ержан-Гұлнұр.
Марқұмның атына бағышталған құран-
қатым 8 ақпан күні «Атамекен»
тойханасында сағат 13-00-де ерлер мен
әйелдерге бірге беріледі. Қатымға барлық
туған - туыс, құда - жекжат, ауылдастарды
шақырамыз.
Құндызды ауылдық округінің әкімінің
аппараты, ауыл әкімінің бас маманы
Омарханов Асқарға ардақты әкесі
Омарханов Ақанның
қайтыс болуына байланысты қамығып
көңіл айтады.
Көңіл айтамыз
Қарауыл ауылының тұрғыны,
үкілеген жалғыз ұл, қарын-
дастарына үлгілі аға, туыстарға
сыйлы жас бала, Қабылов
Дәулет Әсетұлы 2014 жылы
желтоқсан айының 23 жұл-
дызында өмірден өтіп, содан бері
40 күннің жүзі болды. Сұм
тағдыр біреуге ерте, біреуге жай
демекші, Дәулет ұлымызды
ортамыздан ерте алып кетті.
Қабырғамыз қайысып, жана-
рымыз жасқа толып, өзіңді
сағына еске аламыз. Жарқын да,
жас балғын бейненді мәңгі жүректе сақтаймыз.
Борышынды өтеп әскерден,
Келіп ең ботам нар болып.
Қуанысып қарсы алдық,
Ағайын-туыс, достарың.
Енді міне әп-сәтте,
Отырмыз күнім шарасыз.
Әкетті сені сұм ажал,
Алды-артына қаратпай.
Жасаған жасың 19,
Көрмедің өмір қызығын.
Ойламаған сан жерден,
Болған тағдыр ісі бұл.
Армандарың көп еді,
Қиып кеттің сен бәрін.
Көңілде түрлі сұрақ бар!?
Өзіңмен бәрін әкеттің.
Сағынысып бәріміз,
Бейнеңді сақтап жүректе.
Ұмытпаймыз әрқашан,
Қидық ботам өзіңді.
Жаның болып жәннатта,
Рухың тыныш дем алсын.
Қабірің нұрға бөленіп,
Періште болып жас жаның.
Артыңда қалған туысты,
Желеп-жебеп жүрерсің.
Сағынып еске алушылар: ата-анасы,
қарындастары, апайы Әсем және туыстары.
Марқұмның 40 күндік асы «Атамекен»
тойханасында 4-ші ақпан күні сағат 13-00-де ерлер
мен әйелдерге бірге беріледі. Қатымға барлық
туған-туыс, құда-жекжат, жора-жолдас және
ауылдастарды шақырамыз.
«Бата» деген сөзінің түп-төркіні
«Фатиха» сө зінен шыққан. Хз.
Пайғамбарымыздың
(с.а .с)
хадистерінде «Фатиха» сүресі - ең
күшті дұға-тілек (бата) екендігі
айтылған. Себебі «Фатиха» Құранның
барлық мазмұнын бойына қамтып,
«ашушы, беташар» деген қасиетті атқа
ие болған. Батаның Фатихадан
өрбитіндігіне бұл сөздің қазақ тіліндегі
нұсқалары
дәлел.
Халқымыз
Пайғамбарымыздың «Фатиха» сүресі
жайлы айтқан хадисіне сүйеніп, дұға
жасағанда «Фатиха» сүресін оқуды
әдетке айналдырған. Яғни «Бата»
сөзінің дұға ретінде қолданылуы
халқымыздың Пайғамбар сүннеттерін
ұстану ниетінен туындағаны байқалып
тұр. Пайғамбарымыз «Фатиха» сүресін
«Құранның анасы» деп атаған.
Біз мұсылман жұртшылығы ата-
бабамыздың дұға-тілектерінен нәр
алып, өсіп-өніп келе жатқан ұрпақпыз.
Ата-бабаларымыз біздің болашағымыз
үшін елі мен жерін сыртқы жаудан
қоғап, жорыққа аттанар сәтінде де,
тіпті бейбіт өмірде де алақандарын
көкке жайып, Құдайынан бар
жақсылық
атауын
сұрауды
жалғастырып келген.
Халық арасында кең тараған осы
бір бата беру дәстүрдің түп-қазығы
Хз.Пайғамбарымыздың (с.а.с) сара
жолы болған сүннетінен өрбіген. Әнәс
сахабаның анасы Умму Суләйм (р.а)
Пайғамбарға (с.а.с) келіп: «Уа
Расулалла! Мынау – Әнәс, сіздің
қызметшіңіз. Ол үшін Алладан дұға
тілеңізші»- деп өтінді. Сонда Алланың
Елшісі (с.а.с): «Уа, Алла! Оның малы
мен жанын көбейте гөр! Оған
бергеніңнің құт-берекесін бере гөр»-
деп тілек тілейді. (Бухари) Кейінірек
Әнәс сахаба (р.а) расымен де дәулетті
болып,
немере-шөбере,
шөпшектерінің қызығын көріп, ұзақ
өмір сүрген.
Халқымызда кең тараған батаға
тиісті дәстүрдің бірі - тамақтан кейін
ас қайыру. Ардақты Пайғамбарымыз
(с.а.с) тамақ жеп болған соң үнемі
Аллаға мадақ айтып, шүкірлігін білдіріп
отырған. Халқымыз астан соң бата
қайырғанда екі алақанын жайып бата
жасаған. Олар бұл әрекеттерін
өздерінің Алла Елшісінің: «Аллаға дұға
еткенде алақандарыңды ашып дұға ет,
қолыңды теріс қаратып дұға жасама»
деген сүннеттін ұстанғандарын
көрсетеді. Батадан кейін «әумин» деуі
Пайғамбарымыздың (с.а.с): «Адамдар
бір жерге жиналғанда біреуі дұға
жасап, қалғандары «әмин» десе, Алла
оларға міндетті түрде жауап береді»
деген.
Халқымыз батасыз өмір сүрмеген.
Бата - өмірдің мәні мен мағынасын
жоспарлы түрде бойына қамтып, әрі
сөз ұйқасын келістіріп, тілдің
қасиетін дамытып, жалбарынған
жүректің түбінен жарып шықтан
нұрлы тілек. Бата - еліміздің
тыныштығын,
халқымыздың
данышпандығын, жұртымыздың
ерлігін, жеріміздің кеңдігін сақтап
қалуына септігін тигізетін бірден –
бір құрал. Бата – адамның әлсіздігін
айқындап,
Жаратушының
құдіреттілігін паш етеді. Батаның
негізі мазмұны: «Уа Жаратушы Ием!
Бүткіл мадақ-мақту тек Саған тән.
Барлық жақсылық атауының тізгіні
Сенің қолында. Бізге жақсылығыңды
жаудыра гөр» деген шынайы сенімді
жүрекке ұялатып, тартымды тілмен
жеткізе білу.
Мүфтият кз
ҮСІК
Адам тек қатты суықта
ғана үсиді деген дұрыс емес. Үсу
3-7 градус арасында да болуы
мүмкін. Ол біріншіден, ауаның
ылғалдылығына, желге, киімнің
жұқалығына, аяқ киімнің
т арлығына, дымқылдығына
байланысты болса, екіншіден,
ашқарынға арақ ішкен, не
суықта көп отырып қалған
адам тез үсиді.
Үсік қан жүруінің баяулауынан,
зат алмасуының нашарлауынан
болады. Үсіктің жеңіл, ауырлығын
төрт кезеңге бөліп қарайды.
І кезеңде: Терінің беті ғана
үсиді. Үсіген жер бозарып шамалы
іседі. Жылынғаннан кейін сол жері
аздап көгеріп ауырады. Бірнеше
күннен кейін ісігі қайтып қалпына
келеді.
ІІ кезеңде: Үсіген жердің
терісінің
үстіңгі
жағы
жансызданып, көгеріп ісінеді.
Сосын күлдіреп, көтеріліп, іші
суға толады, ауырады. Адамның
ыстығы көтеріліп, мазасыздануы
мүмкін.
ІІІ кезеңде: Терінің астыңғы
ұлпалары да өледі. Тері күлдіреп,
іші қан ара лас қоңы р суға
толады. Өте қатты ауырады.
Мұнда дененің ыстығы көтеріле
түсіп, тамақ ішуі және ұйқысы
бұзылады.
ІV кезеңде: Дене сүйекке дейін
үсіп, өледі. Терісі күлдіреп,
қараяды, кейін кебе бастайды.
Бұлай үсіген жер адамның бүкіл
ағзасына уын таратып, зиянын
тигізеді. Мұндай жағдайда бүкіл
денесін суық ұстап, шаршағаны
білінеді, ұйқысы келеді. Ал,
ұйықтап кеткен кезде біртіндеп
тынысы тарылып барып, жүрегі
тоқтап қалады.
Үсіген адамды тез арада үйге
кіргізіп, денесін жылыту керек.
Ол үшін 40-41 градусқа дейінгі
жылы суға (ваннаға) жатқызған
дұрыс. Ыстық шәй, кофе, сүт
ішкізеді. Жүректің жұмысын
жа қсар тат ын дәрілер береді
( Ко ф е и н , Ко рв а л ол ) . Ү с і г ен
жерлерін қан жүгіргенше таза
қолмен ысқылау керек. Қармен
ыс қылау қате, с ебебі қарда
микробтар болады. Жылытқыш
(грелка) басу керек. Ал, ІІІ-ІV
кез еңде үсі ген кісі ні көп
ыс қылауға болмайды. Б ет
үсігенде әтір жаққан дұрыс.
Сосын вазелин, болмаса бетке
жағатын кремдерді пайдаланған
жөн. Одан кейін үсіген жерлерді
әтірлі таза шүберек, оның үстіне
мақта салып орап қояды. Егерде
қол, ая қ қа тты үсіс е, оны
қозғалмайтын қылып таңу керек.
Сод ан кейін тез дәр ігер ге
апарады. Ал, бүкіл денесі суыққа
ұрынып, тынысы және жүрегі
тоқтап қалса, дереу жасанды
тыныс алдыру және жүрекке
мас с аж жас ау әр екет тері не
кі ріскен жөн. Суы қ т иген де
көбінесе адамдардың тыныс
мү шелері, яғ ни көмекей і,
қолқасы, өкпелері қабынады.
Ауруд ың қозуы бірін шіден
микробтарға байланысты болса,
екінші ден
суы қ
ти гізуге
байланысты екені әлдеқашан
белгілі болған жайт.
Үсіген организм көп уақытқа
дейін суыққа сезімтал келеді. Денені
қайта үсітіп алмас үшін ауа райы
суық күндері жылы киім, су өтпейтін
аяқ киім, жүн шұлық кию қажет.
Алтын ИСАБАЕВА
Ш. Абенов атындағы орта
мектептің медбикесі
Дәстүрлі дін – діңгегіміз
БАТАЛЫ ҰЛҒА БАҚ ҚОНАР
Л д и б а е в
Ра ш и т
Кең г і р б а й би ауы лды қ
округі әкімдігі ұзақ жылдар
басқару қызметтерінде еңбек
ет і п , ауда н м ә ден и ет і н
д а м ы т ы п , экон ом и ка с ы н
көтеруде елеулі үлес қосқан
еңбек ардагері.
Л д и б а ев Р а ш и т 1 9 2 9
ж ы лы М ұ қы р ауы лы н д а
дүниеге келген. Қызылтас
ор т а м ект ебі н бі т і р г ен .
1941-1945 жылдары сұрапыл
с оғ ы с т ы ң от т ы ж а лы н ы
ауылдарды шарпыған кезде Рашит аға
жанқиярлықпен еңбек етті. Балалық бал
дәуреннің қызығын ұмытып, бала болса
да ұйқысыз түндер мен тынымсыз күндерді
бастан кешіп, майдан даласына өзіндік
үлесін қосып жатты. 1945 жылы Семейдегі
Ауылшаруашылығы техникумына түсіп,
1948 жылы бітіріп шықты. 1949 жылы
Совет Армиясы қатарына шақырылып,
Белоруссияның Гомель облысында Отан
алдындағы азаматтық борышын өтеп
келгеннен кейін, аудандық ДОСААФ - та
председатель болып қызмет істеді. КПСС
Орталық Комитетінің қаулысымен тың
и г ер уг е б а й ла н ыс т ы 3 0 м ы ң д ы қт а р
ұранымен сентябрь пленумы шешімдеріне
алғашқылардың бірі болып үн қосқан осы
Рашит ағамыз болатын.
1954 жылдан - 1963 жылға дейін Абай
атындағы колхозда комиссия председателі
болып, тың игеру жылдарында колхоз
шаруашылығын қалыптастыруға және
дамытуға ерекше үлес қосқан.
1963 - 1975 жылдар аралығында Абай
атындағы совхозда жүргізуші, қойма
м ең г ер уш і с і қы з м ет т ер і н ж оғ а р ы
жауапкершілікпен атқарған.
1 9 7 5 - 1 9 8 9 ж ы л ғ а д е й і н 1 4 ж ы л
қат а р ы н а н Аба й ат ы н д а ғ ы с ов хоз
директорының орынбасары қызметін
тыңғылықты атқарған.
5 ж ы л қ а т а р ы н а н Аб а й с ел о л ы қ
советінің депутаты болып сайланып,
ха лы қп ен бір г е ү лкен - ү лкен
ауқымды жұмыстар атқарған.
Абай аудандық КПСС ХIХ-ХХ
партия съездерінің делегаты
болып сайланған.
Лдибаев Рашит қызмет істеген
жылдарында өзін тек қана жақсы
жақтарымен көрсетіп, адал да
қа ж ы рлы ең бег і м ен ауда н
экономикасын көтеріп, мәде-
ниетін дамытуға және жас ұрпақ
т ә р б и ес і н д е де ө з і н д і к ү лес
қосқан тынымсыз жан болды.
1 9 6 7 - 1 9 7 9 ж ы л д ар ар а лы -
ғында Абай ауданы ха лық сотының
заседателі болған. Әрқашанда береке –
бірлікті, ынтымақты, әділдікті, адал
еңбекті ту еткен қажырлы жанның еңбегі
де лайықты бағасын алып отырған.
1 9 5 6 ж ылы СССР Жоға р ғы Сове ті
Президиумының «Тың жерлерді игергені
үшін» медалімен марапатталған.
1 9 6 6 ж ы л ы « Е р е н е ң б е г і ү ш і н »
м е д а л і м е н , 1 9 7 4 ж ы л ы Қ а з С С Р
халықтық бақылау комитетінің қаулысы
б о й ы н ш а
Х а л ы қ т ы қ
б а қ ы л ау
о р г а н д а р ы н ы ң ж ұ м ы с ы н а б е л с е н е
қатысқаны үшін АЛҒЫС хатпен, 1987
жы лы «Ең бек а рда гер і» медалымен,
«Тыңға 5 0 ж ыл» мер екелік м еда лім ен
марапатталған.
1989 жылы құрметті еңбек демалысына
шыққан. Еңбек демалысына шыққаннан
кейін де ауылдың тыныс тіршілігінен қол
ү з ген ем е с . Ұз а қ ж ы лда р ауы лда ғ ы
Ардагерлер кеңесінің төрағасы болған.
Ағалық - кеңесімен, өмірлік ұлағатты
өнегесімен, ауылдың ұйтқысы, береке-
бірліктің бастауы болып отырды.
Ауыл ардагерлерінің ортасында үлкен
бедел иесі, ауыл халқының құрметтейтін,
пір тұтатын қазыналы қариясы болды.
Рашит атамыздың жаны жаннатта,
иманы жолдас болсын!
Кеңгірбай би ауылдық
округі әкім аппараты
Дәрігер кеңесі
PDF
создан
с
пробной
версией
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
25-31 қаңтар 2015 жыл
“Абай елі”
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Абай аудандық
қоғамдық-саяси апталық газет
Газет айына төрт рет шығады.
Редакция оқырман хаттарын
қайтармайды.
Автордың мақалалары редакция-
ның көзқарасын бiлдiрмейдi.
Жарнама мен хабарландыру-
дың мазмұны мен мәтiнiне жар-
нама берушi жауапты.
Құрылтайшысы:
Абай ауданы әкiмдiгi
“Абай елі” ЖШС Бас редактордың міндетін
атқарушы Нұржан БАЙТУСОВ,
Жауапты хатшы Анар СӘРСЕНБИНА
Редакцияның мекен-жайы:
070100 Қарауыл ауылы,
Құнанбай көшесi, 12-үй.Тел/факс: 9-23-43
e-mail: abay_eli_1@mail.ru
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет, Ақпарат және
қоғамдық келісім министрлігінде 01.07.13 жылы тіркеліп,
№13720- Г тіркеу куәлігі берілген.
Газет “Спектр” ЖШС баспа орталығында офсеттiк тәсiлмен
басылып шығады. Мекен-жайы: Шугаев к-сi, 30.
Таралымы 2200 дана.
Тапсырыс №
2 Баспа табақ.
...деген екен!
Орда ауылының тұрғыны,
бауырымыз
Елубаев Айдын
Болатқазыұлын
ақпан
айының 6 күні толатын 40
жасымен шын жүректен
құттықтаймыз! Дос - жаран,
туысқа адал, жанұяда қамқор
әке, жарқын жүзді, ақ көңіл
бауырымызға мықты денсаулық,
қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр,
жан - жарың Гүлнәр екеуіңе
таусылмас бақыт тілей отырып
қос құлыныңның қызығын
көріңдер демекпіз!
Шығыпсың қырық жастың қырқасына,
Береке, бірлігісің отбасында.
Бақытты ғұмыр кешіп жүре берші,
Демекпіз жанұяңның ортасында.
Бір бөлісіп әркез жақсы көңілді,
Алғы күнге адымдай бер сенімді.
Шын жүректен құттықтаймыз біз, бүгін,
40 жастық мерейіңмен өзіңді!
Шапағатқа малынып-ап шат күліп,
Отбасыңда орнай берсін бақ пен құт.
Берекелі бола берсін қашанда,
Босағаңа ұялаған жақсылық.
Ізгі тілекпен: Елубаевтар әулеті
Қарауыл ауылының тұрғыны,
асқар таудай әкеміз, үлгі тұтар
азамат, Әнет бабаның ұрпағы
Отарбаев Иманбек Күлем-
байұлын
4 ақпан күні 80 жас
мерейтойымен шын жүректен
құттықтаймыз!
Туған-туыс, құда-жекжат,
ортасына сыйлы да құрметті,
ұрпағын ұйымшылдыққа ұйытып
отырған ардақты әкеміздің
анамыздың көрмей кеткен
қызығын көріп, ауырмай-
сырқамай ортамызда аман-есен
бақытты өмір сүруіне тілектеспіз! Мәуелі бәйтерек,
паналайтын сая бағымыз болған әкеміз бүгінде 24 немере,
12 шөбере сүйіп отырған бақытты АТА! Ұрпақ қызығына
тоймай, Алланың берген жасын жасай беріңіз демекпіз!
Немерелерді аймалап мейіріміңмен,
Дос-жаранға қол создың пейіліңмен.
Ұл-қыздарың да өмірден өз жолын тапты,
Зердеге құйған өзіңнің зейініңмен.
80 жас 100-ге қарай жетелесін,
Көретін қызықтарың еселенсін.
Көргенді ұрпақтарың ізің жалғап,
Көгеріп, гүл-гүл жайнап өсе берсін!
Ізгі тілекпен: күйеу баласы-Айбек, қызы-Ардақ,
немерелері: Ринат - Арай, Ержан-Гүлзана, шөберелері:
Айсұлтан, Алина, Жаннұр.
Өткен апта ауданымыз үшін
айшықты күндерге толы
болды. Әсіресе, еңбегімен
танылып,
елінің
алдында
абырой-
құрметке бөленген
б і р қ а т а р
ж е р л е с т е р і м і з
м а р а п а т п е н
марқайды.
Абай
аудандық мәслихаты
д е п у т а т т а р ы н ы ң
бірауызды шешімімен
есімдері тек ұлылар
еліне ғана емес, күллі
алашқа таныс болған қос
бірдей
қадірлі
жан
ауданымыздың
Құрметті
азаматы атанды.
Аймақ ақсақалы Сарбас Исақұлы биыл
86 жасқа аяқ басты. Ол кісі Абай
ауданының тарихында алғаш рет жоғары
білімді дәрігер болып келген жан. Бұл
1956 жыл болатын. Осыдан кейінгі 40
жылға жуық уақыт медицина саласында
өнімді еңбек етті, аталмыш саланың
ауданымызда өркендеуіне елеулі үлес
қосты. Қатардағы дәрігерден бастап
басшылық қызметтер де атқарды. Осынау
жылдар аралығында өңірдегі халықтың
денсаулығын жақсартуда қажыр-қайратын
сарқа жұмсады, соңынан ізбасар
шәкірттер тәрбиеледі. Қоғамдық
жұмыстарда да белсенділік танытты.
Қарауыл ауылдық кеңесінің депутаты
болып сайланып, ел өміріне, әлеуметтік-
саяси ахуалын жақсартуға да білек сыбана
араласты. Зейнеткерлікке 1992 жылы
шықты. Еңбегінің зейнетін көріп,
көптеген алғыс-марапаттарға кенелген
жан. Атап айтсақ, КСРО-ның «Денсаулық
саласының үздігі», «Еңбек ардагері»,
«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60
жылдығы» медальдарын өңіріне тақты.
Бұдан өзге кәсіподақ, облыстық денсаулық
сақтау басқармасының марапаттарын да
иеленген-ді. Бүгінде абыз ақсақал үлкен
әулеттің арқа тұтар, немере-
шөберелерінің пана тұтар асқақ
бәйтерегіндей саялы. Өмірде де, қызметте
де қарапайым, парасатты да кемел білімді
«ЕВРОМЕБЕЛЬ» РЕСЕЙ, УКРАИНА,
БЕЛАРУСЬ ЖИҺАЗДАРЫНЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРІ.
ЖЕТКІЗУ, ҚҰРУ.
Байланыс телефоны:
+77753901099,
+77777099989. Үй
телефоны: 9-18-29.
Басқа да жиһаздарға
тапсырыс аламыз.
Малға да айырбас
жасалады.
Ағымдағы жылдың 22-23 қаңтары күндері «Абай ауданының дене
шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен 1999-2000
жылы туған жасөспірімдер арасында кіші футболдан аудандық деңгейдегі
жарыс болып өтті. Бұл жолғы бәсекенің мақсаты - салауатты өмір
салтын қалыптастыру және де облыстық чемпионатқа лайықты
ойыншыларды іріктеу болды.
Мектеп оқушылары арасында өткен бәсекеге аудан көлемі бойынша 9
команда қатысты. Атап айтқанда, Абай мектеп-лицейі 1, Абай мектеп-лицейі
2, Қарауыл гимназиясы, М. Әуезов орта мектебі, Көкбай орта мектебі,
Молдағалиев орта мектебі, Ш.Әбенов орта мектебі және Тоқжігітов мектебі
мен Шәкәрім орта мектебі командалары өзара қарымта байқасты.
Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша I-орынды Абай мектеп
лицейі 1, II-орынды Көкбай орта мектебі, III-орынды мектеп лицейдің 2
мектебі командалары жеңіп алды. Сонымен қатар ойын барысында ерекше
өнерімен көзге түскен спортшылар арнайы тағайындалған марапаттауларға
ие болды. «Үздік қақпашы» атағына Мақсатұлы Қуаныш (Қарауыл гимназия),
«Үздік ойыншы» атағына Уалитов Елдар (Молдағалиев орта мектебі), «Үздік
қорғаушы» атағы Еділбаев Диас (Мектеп-лицейі 2), «Үздік шабуылшы» болып
Толымқан Аслан (Көкбай орта мектебі) атанды.
Ал, жарыстың бас төрешісі Медетов Қайрат және Ғабитов Аман сайыстың
өз деңгейінде өтуіне ерекше үлес қосты.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Абай ауданының дене шынықтыру
және спорт бөлімі» ММ мадақтамалары және сыйлықтарымен марапатталды.
Абай аудандық дене шынықтыру спорт бөлімі
азамат бүгінде
ақылы дария
қарияға айналған.
Ал, ауданның
Құрметті
азаматы
атанған келесі жанның есімі
тек Абай еліне ғана емес, Шығыс
жұртшылығына,
тіпті,
байтақ
республикаға
танымал
десек
қателеспейміз. Ол ардагер ұстаз Түгелжан
Әзімжанова. Архат ауылында өмірге келіп,
педагогикалық институтты тәмамдаған
соң осы ауылда алғашқы еңбек жолын
бастап, табан аудармай 47 жыл ұстаздық
етіп, осы ауылдағы мектептен
зейнеткерлікке шыққан жанға қандай
құрмет-марапат көрсетілсе де артықтық
етпейді. Ауыл-аймағы ғана емес, Семей
жұртшылығы да ерекше қадір тұтып,
«Түгелжан мұғалім» атап кеткен ақжарма
мінезді жанның мағыналы өрбіген
өмірбаянына тоқтала кетсек, жігерлі
жастық шағын текке жұмсамағанын
аңғарамыз. Отандық педагогика саласына
жаңашылдық әкеліп, білім беру сапасын
арттыруда елеулі еңбегімен танылды.
Мектеп оқушыларын сыныптан тыс
уақытта
қоғамдық
шараларға
жұмылдыруда бай тәжірибеге ие. Жас
ұрпақтың рухани тұрғыда кемелді болып
өсуі жолында патриоттық шараларды
басты меже етіп алды. Бұл ретте Түгелжан
ұстаз құрған «Баян клубының»
шығармашылық жұмысының жемісті
болғанын білеміз. Зейнеткерлікке
шыққаннан кейін де еңбектен қол үзген
жоқ. Мерзімдік басылым беттерінде
танымдық-тағылымдық мәні зор мақалалар
жариялауда. Еңбегі де бағаланды.
Атап айтсақ, 2007 жылы
мәдениет пен өнерді
дамытуға қосқан үлесі
үшін ШҚО әкімі
Б е р д і б е к
Са п а р б а ев т ы ң
«Клуб ісі» номи-
нациясы бойынша
сыйлығын иеленді.
Ал, 2009 жылы
Ы.Алтынсарин
а т ы н д а ғ ы
т ө с б е л г і м е н
м а р а п а т т а л д ы .
Мұның барлығы да
шәкірт жүрегіне жол таба
білген ұстаздың абыройын
асқақтата түсері анық.
Ал осы жолы аудандық мәслихаттың
кезекті сессиясында қос бірдей қадірлі
жанды ауданның «Құрметті азаматы»
марапатына ұсыну туралы ұсынысты
аудан әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбек өзі
жасапты. Мәслихат депутаттары бір
ауыздан қолдап дауыс берді. Бұл сөз жоқ
кешегі еселі еңбекке берілген әділ баға,
ел атынан айтылар алғыс.
Сіздердің кешегі еңбектеріңіз бүгінде
ұрпақтың игілігіне айналуда. Әлі де болса
зор шығармашылық табыстар тілейміз.
Дәл
осылай әдемі
қартайған
қалыптарыңызда қоғам игілігі үшін
атқарар жұмыстардан қол үзбеңіздер
демекпіз. Аймағымыздың қазыналы
қарияларына немере-шөбере қызығын
көріп, елінің алғысына кенеле берулеріне
тілектестік білдіре отырып, алған
марапаттарыңыз қайырлы-құтты болсын
деп тілейміз.
Ілтипатпен «Абай елі»
газетінің ұжымы
Хабарландыру
Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы пәндері бойынша 10, 11
сыныптарға жеке репетитор. Қарауыл ауылы. Телефон: 8 705 509
51 14; 8 702 140 50 22.
Шағын футболдан өткен сайыс
Марапатқа бөленді
Ақыл парасатымен де, шешендік-тапқырлығымен де есімі елге мәшһүр
Құнанбай Өскенбайұлы мен Мұса Шорманұлы сұхбаттасып отырса
керек. Бір сөздің орайы келгенде медреседе оқып жүрген Абай: «Мұсеке,
балаңыз Садуақасқа Сағид ибн Уақас деген әкелі-балалы екі кісінің атын
қойыпсыз ғой», - деп тосын пікір қосады. Мұны көңіліне алған Мұса
ертеңінде біраз адам бас қосқан жиында қолдан ашытқан сыра - кіршіме
ішіп отырған Абайға өзі тиісіп: «Мұны татарлар «кіршімә» дейді, бізше
ол «кіріспе» деген сөз. Сондықтан бұған кіріспеген мақұл ғой», - дейді.
Сонда Абай: «Жоқ олай емес, «кішірме» парсының «гаршама» яғни
«шамаңа қарай» деген сөзінен жұғысты болған. Бұл бір. Екіншіден, әр
нәрсенің есімінен гөрі жемісіне қараған жөн. Мәселен, «алма» деген
тәтті жемісіміз бар, бірақ сіз оны атына қарай алмай, жемей отыра
аласыз ба?»- деп, Мұсаны тағы да сөзден тосылтқан екен.
PDF
создан
с
пробной
версией
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Document Outline
Достарыңызбен бөлісу: |