Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп Бағасы келiсiмдi Абай аудандық қоғамдық-саяси апталық газетi



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата15.03.2017
өлшемі13,35 Mb.
#9473
1   2   3   4   5

ма қ”   деген   а тау  та ри хи  әдеб иеттерд е

салжұқтар  заманында,  шамамен  X  және  XI

ғасырларда пайда бола бастаған сыңайлы. Бұл

сөз түркілерден өзге халықтарда да, мысалы,

атақты  алтайтанушы  Рамстедттің  еңбегінде

көрсетілгендей, татар тілінде arрamaq, ұйғұр

тілінде  arрumaq,  алтай  тілінде  argэmak,

моң ғол  тілін де  ar gama g,  қа лмақ  тілінде

arрomog түрінде  кездеседі. Сондай-ақ,  орыс

тілінде аргамак, тәжік тілінде арғумак. Орыс

тілі арқылы поляк тіліне өтіп, /rumak/ болып

орныққан.

Біздің шамалауымызша, “арғымақ” сөзі әу

баста  /arэр/  және  /mah/  деген  дербес  екі

түбірден құралып, бір сөзге айналған секілді.

Орта  ғасырлық  түркі  тілдеріндегі  /arэр/

деген  сөздің  өзі  туынды  түбір,

оның  негізі  ескі  түркі

тіліндегі  /arэ/  деген

етістік болуға тиіс, бұл сөздің

мағынасын  Габайн  ханым  “тазалану,

та зару”  деп  ш ешед і.  Ендеше,  /arэ р/

сөзінің  түпкі  мағынасы  “таза,  пәк”.  “Өткен

түрік  сөздігінде”  бұл сөздің  arэр,  arэk,  arэh

деген тұлғалары қатар беріліп, мағынасы:

1. Таза, пәк, сап,  асыл;

2.  Мінсіз;

3.  Қасиетті  деп  көрсетілген.  Бұл  сөздің

орта ғасырлық және қазіргі түркі тілдеріндегі

дrig,  дrik,  erik,  arэ,  aruр  деген  тұлғалары

“Қ а з а қ  тіл інің   қыс қа ш а   эти мол ог и ялық

сөздігінде”  келтірілген.  Тілдік  дамудың

нәтижесінде  бұл  сөз  қазіргі  қазақ  тілінде

“ а р у”   тұ л ға сы н а   т ұ р а қ т а ғ а н ,   б ұ ла й

болатыны, қазақ тілінде /р/ дыбысы байырғы,

төл сөздердің аяғында мүлде кездеспейді, өзге

түркі  тілдеріндегі  сөз  аяғында  келген  /р/

д ыб ысы   б із д ің   тілімізд е  /q/  немесе  /w/

дыбысына ауысып, яки түсіп қалып отырады.

Қараңыз: ұйғыр тілінде baр, қазақ тілінде baq;

ұйғыр  тілінде  taр,  қазақ  тілінде  taw;  көне

ұйғыр тілінде sarэр, қазақ тілінде sarэ. Қазақ

тілінде  “ақ  жауып  арулау”  деген  тұрақты

тір к естің  

қ ұ ра мы н да  

ға н а 

әд епк і


мағынасының  жұрнағы  сақталғанмен,  қазір

“ару”  сөзі  негізінен “сұлу,  сымбатты”  деген

мағынада  қолданылып  жүр.  Демек,  қазақ

тілінде орта ғасырлық түркі тілдеріндегі /arэр/

сөз інің  “мін сіз”   деген   ма ғы н асы  ған а

сақталған деуге болады.

Түр кі  ха лық та р ымен ,   сон ы ң  ішінд е

қ аз ақ ты  қ ұр аға н  ру-та й па ла р ды ң   а рғы

а та лар ымен  ғасыр лар   бой ы  са я си ,

экономикалық,  мәдени  байланыста  болып

келген  жұрттардың  бірі  –  парсылар.  Сол

парсылардың тілінде “махчы” деген сөз бар.

“Махчы”  деп  парсылар  араб  және  түркімен

жылқыларының буданын айтады. Зер салып

қараған адамға бұл сөздің соңғы /-чы/ деген

бөлігінің түркілік жұрнақ екені көріне кетеді

(қазіргі қазақ тіліндегі зат  есім тудыратын -

шы,-ші  жұрнақтарын  еске  алыңыз).  Демек,

осы  сөздің  өзі  де  “будан”.  Қазіргі  парсы

тілінде “мах” сөзінің:

1. Қоспа (алтын туралы);

2. Жасанды, жалған (ақша туралы);

3. Тексіз, арамза (адам туралы);

4.  Көнерген,  ескі  деген  мағыналары  бар.

Осыған қарағанда, бір кезде – түркі тілдерін-

де “арғымақ” атауы пайда болған X және XI

ғасырларға  дейін  –  парсы  тіліндегі  “мах”

сөзінің “будан, қоспа” деген мағынасы болды

ма екен? Себебі, “қоспа” және “арамза” деген

ұ ғы мда р  әр  түр лі  нәр сенің   б ір-бір ін е

қ осы луы н,   ар а ла суы н

меңзесе  керек.  “Махчы”

деген  сөзд ің  “будан

жы лқ ы”   д еген

мағы на сы   д а

б із дің 

бұ л

тұспалымызды  бекіте  түседі.



Немесе  “мах”  сөз ін  тү р кілер дің

“ қо сп а ,   б уд ан ,   т ұ қы м”   ма ғ ы н ас ы н д а

қ аб ылд ауы   д а  ы қти ма л.   Ола й  болса ,

“арғымақ”  сөзі  тегінде  түркінің  /arэр/  және

парсының  /mah/  деген  сөздерінен  құралып,

“ асыл   қос па ” ,   “а р а б   п ен   тү р кі мен

жылқыларын будандастырудан алынған асыл

тұқым”,  “будан  жылқының  асылы”  деген

мағына берсе керек деп топшылаймыз. Себебі,

қазақтар “арғымақ” деп атап жүрген түркімен

жылқыла рыны ң  өз і  таб иғи  тұқы м  емес,

мәдени  тұқым  санатында.  Ахмет  Тоқтабай

“Қазақ жылқысының тарихы” деген еңбегінде:

“ Тү р к і ме н с т а н ды   ға сы р ла р   б ой ы   О р та

Азияның асыл тұқымды жылқы базасы деуге

болады. Әмір Темір 5 мың араб биесін әкеліп

түркімен тайпаларына таратып берген, XVIII

ғасырда  Иран  шахы  Надир  теке  тайпасына

6 0 0   б и е  сы й ла ғ ан .   С оң ғы   5 0 0   ж ы лд а

түркімендер өз жылқыларының қанын екі рет

жаңалаған.  Демек,  Түркіменстан  мәдени

жылқы шаруашылығының бірден-бір отаны”,-

дейді.  Бұл  пікір  де  біздің  этимологиялық

талдауымызды құптай түседі.

“Арғымақ” сөзінің түп мағынасы ескі қазақ

тілінің өзінде күңгірт тарта бастаған секілді.

Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерінде “арғымақ”

ұғымы үнемі дерлік қазақтың байырғы жылқы

тұқымы – жабымен қарама-қарсы айтылады.

Мысалы, Төле би айтты делінетін “Арғымақ

баптап  не  керек,  жабы  қуып  жеткен  соң,

ағайын-туған  не  керек,  аңдысып  күні  өткен

соң ”  деп  к елетін   жы р  жолд а ры   осы ға н

мең зей ді.   М ұхтар   Әуез ов  “Қа ра к өз ”

пь еса сын да  бұл  сөзд і  “Сұң қар ың  қар ға

шықпаса, арғымақ жабы болмаса, Қаракөздей

б әй тер ек тің   б а сы н  ш ала р  ұл  жоқ ”  деп

қолданады.

Шалкиз жыраудың “ару” сөзін “арғымақ”

атауымен қатарластыра қолдануы тек әуезділік

үшін ғана емес, сөз мағынасын аша түсу үшін

де керек болған сыңайлы. Аталардан қалған,

кей  дерек  бойынша  Шернияз  ақын  айтты

делінетін:

“Арғымақ атқа көп міндім,

Садаға кетсін буданнан,

Азаматқа көп ердім,

Са да ға  кетсін  туған на н”  деп  келетін

қанатты  сөзде  “арғымақ”  ұғымы  “будан”

сөзіне қарама-қарсы қолданылады.

Б ұл  сөзд ің  ор ы стар ға  қа з ақ тар да н

ауысқаны анық. Себебі, Ахмет Тоқтабайдың

айтуынша: “Орыс княздіктері жылқы ұстауды,

жылқы бағуды, жылқы мәдениетін қазақтың

арғы аталары пешенектерден, қыпшақтардан,

т.б.  тайпалардан  алғаны  белгілі.  Ол  туралы

жылқы тарихының көрнекті маманы Вилкинс

“барлық  жұмысқа  жарамды  бесаспап  қазақ

жылқыларын біз назардан тыс қалдырмауымыз

керек,  сонымен  қатар  бұлар  бүкіл  орыс

жылқысының арғы тегі болып табылады” деп

жазады”.


Арғыма қ 

а йғыр лар ды  

қа з ақ ты ң

қарабайырларымен  будандастыру  арқылы

а лы нға н  жауын гер лік   жор ы қ  а ттар ы

“ Қа з а н ат ”  

д еп 

ата лға н.  



“М ұ р а ға т

д ер ек тер інд е  “Қа за н ат”   д еп   қа з ақ та р

а рғыма қта рд ың  

тұ қ ымын  

ай татын ы

хатталған... “Қазанат” терминінің шығу тегі

әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Қазан –

ежелгі сақ, скиф замандарынан тоқшылықтың,

құт-берекенің,  күштіліктің,  елдіктің  белгісі

болды.  “Қазандай  күшті  ат”,  “қазанның

аттар ы”  деген  сөздерден  “қазанат”   сөзі

шығуы  мүмкін”,-  дейді  Ахмет  Тоқтабай.

Бізше,  “қазанат”  термині  арабтың  “хсан”

(hэsвn)  және  түркінің  “at”  деген  сөздерінің

бірігуінен  шыққан.  Араб  тілінде  /hэsвn/

“жылқы” деген сөз. Осман түріктерінің тілінде

бұл сөздің “айғыр” деген мағынасы болғаны

“Өтікен  түрік  сөздігінде”  тіркелген.  Демек,

орта  ғасырлық  түркі  диалекттерінде  бұл

терминнің  “арабы  айғыр”  деген  мағынасы

болғанын  болжаймыз.  /hэsвn/  сөзінің  қазақ

тілінде “қазан” болып орнығуы фонетикалық

заңдылыққа  үйлеседі,  себебі,  бұл  сөз  қазақ

тіліне  төте  араб  тілінен  емес,  өзге  түркі

тілдері арқылы кірсе керек-ті. Ал түркі тілдері

үшін  айтқанда,  /э/  және  /a/  дыбыстарының

ауысуы заңды құбылыс, қараңыз: ескі түркі

тілінде  эрaз,  қазіргі  қазақ  тілінде  ағаш.

“Ұлттық  энци клоп ед и яда ”   а йты луы н ша ,

далалықтардың жергілікті жылқыларды араб

сәй гү лік тер імен  буд ан д асты р ып ,   а сы л

тұқ ымд ы  жылқы   алуы  сон ау  VII-VIII

ғасырлардан басталған. Ендеше, қазанаттың

түпкі  мағынасы  – арабы  айғырдан  алынған

асыл тұқым болуға тиіс.

Сөзімізді  түйіндесек,  “арғымақ”  атауы

дербес  екі  түбірден  құралған  біріккен  сөз.

Тәугі  ма ғын асы   а р аб   және  тү рк імен

жылқыларын будандастырудан алынған асыл

тұқымды меңзесе, кейін қазақ тілінде барлық

асыл тұқымды жылқыларды көрсете беретін

болған. Бұған арғымақтардың XIX ғасырдың

аяғына қарай қазақтардың табынынан мүлдем

құрып кеткені себеп болса керек. Сондай-ақ,

бұл  сөздің  қазіргі  тіліміздегі  “сымбатты,

сұлу” деген мағынасы (мысалы:

Естемес екі аяқтың арғымағы,

Қыз ық қ ан   сы мб а ты н а  әр к ім-да ғы .

І.Жансүгіров) сөз құрамындағы ескі түркілік

“arэр” түбірімен қатысты деп білеміз.

                                             Массагет  кз


16-22 маусым 2014 жыл

Жоғары технологиялы

операцияларды өзімізде

жасайды

 Гүлмира Ғабдуллақызы облыстық

он кологиялық  д испа нсер де  осы

жобалардың барлығы да ұштастырыла

жүргізілетінін  айтады.  2012  жылы

емд еу  орнын да  сәулелі  терап ия

қызметі іске қосылған. Инновациялық

тәсілдер  жайына  келер  болсақ,  егер

осыдан  бес-алты  жыл  бұрын  ауыр

науқастар 

а рнай ы 

кв отамен

Алматыд ағы  ради ология  мен

он кологиялық  ғылы ми-з ерттеу

институтына,  не  болмаса  бірінші

қа лалы қ  ауруха наны ң  ур ология

бөліміне  жіберіліп  отырылса,  бүгін

ондай науқастарды жергілікті онколог

мамандардың өздері де емдей алады.

Ол  үшін  емдеу  мекемесі  ең  озық

медици налы қ 

жа бдық тармен

жаб дықталға н. 

Д испа нсер дің

онкологтары  әсіресе,  онкоурология

саласында  үлкен  жетістіктерге  қол

жеткізуде.  Шетелде  оқып  келген

он колог-ур ологтар   қуы қ  асты

без дерінің 

обыр ына 

жоға ры

технологиялы операцияларды өздері



жасай береді. Онкология саласындағы

соңғы  жетістіктердің  тағы  бірі  -

мамандар  қазір  науқастың  ісігі  бар

органын мүмкіндігінше сақтап қалуға

ты рыса ды.  Бұл  әсіресе,  қы з-

келіншектердің  омырауларына  ота

жасаған  кезде  маңызды.  Мысалы,

дәрігерлер жуықта  тоқ ішегінде ісігі

бар адамның сол ісік жабысқан жерін

ғана  сылып  алып  тастады,  абырой

болғанда,  обырдың  жасушалары

ағзаға тарап  үлгермепті.



“Қатерлі ісіктің

құрығынан қалай

құтылуға болады?”

Хи ми ялы қ  тер ап иямен ,  я ғн и,

дәрі-дәрмектермен емдеу бағытында

жа лп ы  

мед и ц и н а н ы ң

өткен  жылдармен  салыстырғанда

қарыштап дамығаны байқалады. Ал

нақты диспансерді сөз етсек, химия

тера пия   қ абы лд ай тын   б өлмелер

н а уқ а ста р ға  

қ ола й лы  

етіп


жаб д ы қта лға н.   Инен ің   асты нд а

бірнеше сағат жататын жандардың

ағзасындағы өзгерістерді мүлтіксіз

тіркеп  отыратын  аппараттар,  ем

алушылар зерікпес үшін теледидар

орнатылған.  Қазір  химиялық  дәрі-

д әр мек тің  тү р лері  де  к өб ейген :

бұрындары  төрт-бес  препараттан

аспаса, бүгінде отыздан астам түрі

бар. Сонымен қатар дерттің бетінің

қайтуы кейінгі алатын ем-домға да

тікелей  байланысты.  Бұл  орайда

онколог  дәрігерлердің  облыстық

әкімдік  пен  мәслихатқа  алғыстары

ш ек сіз .  Гүлмир а  Ғаб д улла қ ыз ы

онкологиялық ауруларды тегін дәрі-

д әр мек п ен   қ а мта ма сы з   етуд е

бү гін де  қи ынд ық тар   жоқтығы н,

қаржыландырудың соңғы бес жылда

көп  артқанын айтады.  Бұған  дейін

н а уқ а с  әй елд ің  қ а тер лі  ісік к е

шалдыққ ан  сүт  б ездерімен  қоса

аналық жыныс бездері де тып-типыл

оталып  тасталса,  қазір  омыраудан

к есіп  

а лы н ға н  

ісік к е

п атомор фология лы қ  з ер тхан ад а

иммуногистохимиялық  зерттеулер

жүр гіз іліп ,  ісік тің   гормонд а рға

тәуелд ілігі  а ны қ та ла д ы .   Егер

обырдың жасушаларында гормонға

тәуелд ілік  

болма са ,  

б а сқ а

органдарды сылып алып тастаудың

қажеті  жоқ.  Тіпті,  осы  зертханада

ісікке  қай  препараттың  қалай  әсер

ететіні, қайсысымен емдеген тиімді

екенін  де  анықтауға  болады.  Бұл

тар гетті  химия лық   тер а пи я  деп

аталады.  Таргетті  терапия  термині

ағылшынның  the  target  -  нысана

сөзінен  шыққан.  Яғни,  пациентке

тек кеселді жасушаларына дәл тиіп,

он ы  


қ ұ р та тын  

д әр і 


ға н а

қолданылатын болады. Осылайша, ем

н а уқ а ста р д ы ң 

әр қ а й сы сы н ы ң

ер ек ш елік тер ін  еск ер е  оты р ы п

тағайындалады.

Қ а т е р л і   і с і к т і ң   қ ұ р ы ғ ы н а н

қа ла й қ ұты луға болад ы? Сәулелі

т е р а п и я   б ө л і м і   м е д и ц и н а н ы ң

с о ң ғ ы   ү л г і д е г і   қ ұ р а л д а р ы м е н

ж а б д ы қ т а л ғ а н .   Қ а т е р л і   і с і к т і

қ а ш ы қ т ы қ т а н   с ә у л е м ен   е м д е у

н е м е с е   б р а х и т е р а п и я ,   я ғ н и ,

с ә у л е н і   д е р т к е   ш а л д ы қ қ а н

о р г а н ғ а   т і к е л е й   т ү с і р у   ә д і с і

к е ң і н е н   қ о л д а н ы л а д ы .   Б ұ л

тә сіл д ің   ти імд ілі гі  -  с әул е  т ек

о б ы р д ы ң  

ж а с у ш а л а р ы н

ы д ы р а тад ы   д а ,   ма ң ы н да ғы   са у

а ғ з а ғ а  

з и я н  

к е л т і р м е й д і .

С он ы м е н   қ а т а р ,   қ а ш ы қ т ы қ та н

с ә у л е м е н   е м д е й т і н   а п п а р а т

а р н а й ы  

ж а п ы р а қ ш а л а р м е н

ж а б д ы қ т а л ғ а н .  

Б ұ л

ү ш б ұ р ы ш т а р   с ә у л е



ж і б е р г е н

к е з д е   с а у   о р г а н д а р д ы   ж а у ы п

т ұ р а д ы .   Б ұ л   әд і с   ү ш   ө л ш ем д і

конф ор мд ы  сәулелі  тер ап ия   д еп

а тала д ы .   Жоға ры д а   ата лға н  ем

тү рлер ін ің   б а рлы ғы   д а   жоға р ы

т е х н о л о г и я л ы қ  

д ә р і г е р л і к

көмекке жатады. Сәулелі терапия

б өлімін ің   жұ мы сы нд а   он к олог-

д ә р і г е р л е р м е н   қ о с а   р а д и о л о г

маман да рд ың ,  ин женер-техн ик -

т е р д і ң   р ө л і   д е   е р е к ш е .   С о л

с е б е п т і   о л а р д ы ң   б а р л ы ғ ы   д а

а р н а й ы   д а й ы н д ы қ т а н   ө т к е н .

С ә у л е м е н   е м д е у   ө т е   к ү р д е л і

б о л ғ а н д ы қ та н ,   о ғ а н   н а у қ а с т ы

а л д ы н   а л а   ұ з а қ   д а й ы н д а й д ы .

Жа ман  дертке  ш алд ыққа ндар ды

емдеудегі тағы бір маңызды кезең

-   о л а р д ы   о п е р а ц и я д а н   к е й і н

оң алту  ша ралар ы.   Мы са лы,   сүт

бездеріне ота жасалған әйелдерге

моральдік жағын ан да ауыр . Бұл

же р д е  н а уқ а с та р ға   қ а р а п а й ы м

е м д і к  

д е н е ш ы н ы қ т ы р у

ж а тт ы ғ ул а р ы м е н   қ о с а   а р н а й ы

массажға дейін жасалады. Отадан

к е й і н  

а д а м н ы ң  

қ о л д а р ы

қимылдатқан кезде ауыр сынады,

содан   көптеген  қыз-келінш ектер

а р т ы қ  

қ и м ы л  

ж а с а м а у ғ а

тырысады, оның аяғы қолдардың

қимылы шектеулі болып қалуына

әк еліп   соғуы   мү мк ін .   Осы н д а й

жа ғ ы мсы з   әсер л ер д ің   б олм а уы

үшін олардың қолдарына арнайы

аппаратта пневмокомпрес-сиялық

массаж жасалады.



Адам  өле-өлгенше

жаннан  дәмелі...

Науқастардың  отыз  пайызы

дәрігерге тым кеш қаралатындықтан,

оларға  тиімді  ем  жүргізу  мүмкін

болмайды. Тамырланып, дененің бар

органдарын  шырмап  алған  обыр

адамның  жанын  қоярға  жер

тапқызбай  ауыртады.

Б а с қ а

бірде-бір ауру дәл онкологиялық дер-

ттей адам жанына батпайды. Асқынғ-

ан  дертке  дауа  жоқ.  Қатерлі  ісіктің

соңғы  сатысына  шалдыққандардың

жағдайын қалай да жеңілдету, олардың

ауырсынуды сезулерін басу мақсатын-

да  дәрігерлер  қолдан  келген  көмек-

терін  аямайды.  «Адам  өле-өлгенше

жаннан дәмелі, кедей малдан дәмелі»

демекші, құлан-таза жазылудан үміті

жоқ науқастар үшін емдеу мекемесін-

де биылдан бастап паллиативті бөлім

ашылған.  «Басында мен өзім де осы

бөлім науқастарға қалай әсер етер екен

деп күмәнданғаным рас. Бұл бөлімге

ауыстырылған  жан  өзінің  жаман

дерттің құрығынан енді құтылмасын

түсінеді ғой. Алайда, қазір біз осында

жатқан  он  төрт  адамның  көңіл

күйлеріне,  олардың  туыстарының

пікірлеріне  қарап,  бұл  дұрыс  шешім

екенін  аңғардық.  Бұл  жерде  жатқан

адамдарға дәрігерлік көмектен басқа

әлеуметтік,  психологиялық  жәрдем

беріледі. Олардың туған-туыстарымен

де арнайы психологиялық жұмыстар

жүргізіледі,  кейде  пациенттен  гөрі

туғандарына  көмек  қажеттірек.

Өйткені,  жақын  адамының  дәмі

таусылар  сәт  таяу  екенін  сабырмен

қабылдау,  айтуға  оңай  болғанымен

өте  қиын.  Біз  туыстары  науқастың

жанында  қанша  отырам  десе  де

қарсылық танытпаймыз, қайта оларды

қаласа,  науқасты  күтуге  үйретеміз.

Медбикелердің  барлығы  да  арнайы

дайындықтан өткен. Олар өте төзімді,

мейірімді. Біздің басты мақсатымыз -

үмітсіз  науқастың  өмірінің  сапасын

жақсарту,  оның  соңғы  күндерін

барынша  ауырсынбай  өткізуін

қамтамасыз ету», -дейді Гүлмира Ғаб-

дуллақызы.

Диспансерде  обыр

диагнозы  қойылған  кез

келген науқаспен психолог маман

жұмыс істейді.  Мұндай әңгімелесу-

лер  әсіресе,  операцияның  алдында

маң ыз д ы.   Психологта р  мін ез -

қ ұлқы н да   өз геріс 

б ай қ алға н

паци енттермен  жеке  тренин гтер

өткізеді,  ол  үшін  арнайы  бөлмелер

жабдықталған.

Жас онкологтар

Париж бен

Стокгольмнен

оқып келді

Гүлмира  Сағидуллинаның  негізгі

мамандығы  реаниматолог-анестези-

олог  болғандықтан,  созылмалы

ауырсынудың не екенін, онымен қалай

күресу қажет екенін өте жақсы біледі.

Онкологиялық диспансерде істеген он

жеті жылдың ішінде тек онколог дәрігер

ғана емес, сонымен қатар білікті басшы

ретінде  де  танылып  үлгерді.  Шығыс

Қазақстанда қанатқақты жоба ретінде

енгізілген  сүт  бездері  скринингтік

тексерулерінің  қорытындылары

бойынша кандидаттық диссертациясын

қорғады.  Ғылыми  атағы  Гүлмираға

негізгі  жұмысын  педагогикалық

қызметпен  қатар  алып  жүруге

мүмкіндік береді. Ол кісі өз ұжымы, жас

дәрігерлер  және  студенттер  туралы

мақтанышпен әрі ұзақ айта алады.

Б асшы н ың   к а би н етін д е  жа с

әріптестерінің   әлемнің   тү кп ір -

түкпірінен  әкелген  сый-кәделері

жинақталған бұрыш бар. «Бұл жерді

біздің онкологтардың мамандандыру

сап а рлар ы ны ң   к ар тасы   д есе  д е

болғандай», - дейді дәрігер. Париж,

Стокгольм,  Вена,  Мәскеу,  Санкт-

Петербург,  Қазан,  Израиль,  Литва,

Ч ер ногор ья ,   Б ела русь  деп   к ете

б ер ед і.  Б асшы н ың   ай ты сын а

қарағанд а,  бұл  жерде  к ездейсоқ

ма ман дар  жоқ .  Соңғы  жы лда ры

қ атар лар ын а  

қ осы лға н 

жа с


онкологтар ұжымға жас күш-қайрат

пен  жа ңаш ылд ықты   ала  к елген.

Олард ың  еңб екк е  д еген  қ ұлш ы-

н ыста р ы,  

білімдер ін  

ү н емі


жетілд іруге  д еген  ұмтылыста ры

қуантады.  Гүлмира  Сағидуллина

Семей медициналық университетінің

Өскемендегі филиалында онкология

кафедрасында, медицина колледжінде

онкологиялық  хирургиядан  дәріс

оқи д ы.   Б ола ш ақ   д әрігер лер дің

білімпаз дықтарына ,  ола рдың   әр

нәрсеге  қызығушылықтарына  риза

екенін жасырмайды.



Айна Ескенқызы

Суреттерді түсірген:

Есімхан Орынбаев

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

16-22  маусым  2014  жыл

Газет  Қазақстан  Республикасы  Мәдениет,  Ақпарат  және  қоғам-

дық  келiсiм  министрлiгiнде  18.07.06  жылы  тiркелiп,        N  7371-Г

тiркеу  куәлiгi  берiлген.

Газет  “Спектр”  ЖШС    баспа  орталығында  офсеттiк  тәсiлмен

басылып  шығады.  Мекен-жайы:  Шугаев  к-сi,  30.

Таралымы  2200  дана.

Тапсырыс  №

2  Баспа  табақ.

Газет  айына  төрт  рет  шығады.

Редакция  оқырман  хаттарын

қайтармайды.

Автордың мақалалары  редакция-

ның көзқарасын  бiлдiрмейдi.

Жарнама  мен  хабарландыру-

дың  мазмұны  мен  мәтiнiне  жар-

нама  берушi  жауапты.



“Абай елі”

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Абай аудандық

қоғамдық-саяси апталық газет

Құрылтайшысы:

Абай ауданы әкiмдiгi



“Абай  елі”  Жауапкершілігі  шектеулі  сер-

іктестігінің

 

директор - Бас редакторы

Сәуле Зәрерқызы Нұртазина.

Редакцияның  мекен-жайы:

070100 Қарауыл  ауылы,

Құнанбай көшесi, 12-үй.Тел/факс: 9-23-43

e-mail:  abay_eli_1@mail.ru

Айналайын  бауырымыз

Нұрлыбек,баламыз  Динагүл!

Бүгінгі қамал алар 40жасың құтты

                                           болсын!

Гүлназ  бен  екеуің  қол  ұстасып,

бақытты  ғұмыр  кешіп,  балалардың

қызығын көре беріңіздер!

Динагүліміздің  мектеп  бітіріп,

азаматтық  өмір  жолына    басқан

қадамына ақ жол тілейміз!

Қуанышты  күнің ғой бүгін сенің,

40 жас құтты болсын Нұрлыбегім.

Қосағыңмен қоса ағарып бақытты

                                                 бол,

Жарқын болсын әрқашан келешегің.

Дастарханға құдайым ырыс берсін,

Құт қонып, қыдыр дарып үйіңе енсін.

Гүлназбенен жарасып бұл өмірде,

Балалар бақытты боп соңыңа ерсін.

Дикотай бақ тілейміз қадамыңа,

Сәттілік берсін сенің талабыңа.

Өресі мен өрісі кең азамат бол,

Білімді, лайықты заманына.



Тілек білдіруші  Нұрахметовтар

әулеті

Құндызды ауылы

Айналайын Айбек!

Сені  30  жасқа  толған  мерейлі

мерекеңмен құттықтаймыз!

Жасыңа  жас,  басыңа  бас  қосылып,

Тоғжан екеуің қол ұстасып, ортамызда

күліп-ойнап жүре беріңдер!

Айбекжан құтты болсын 30 жасың,

Дәл қазір орда бұзар шағыңдасың,

Әрқашан денсаулығың мықты болып,

Басыңнан бақ пен дәулет арылмасын.

Өзіңе бүгінгі күн тілерім сол,

Өмірде мәртебелі  тұғырлы бол.

Артыңнан өрген ұрпақ аман болып,

Тоғжанмен қол ұстасып ғұмырлы бол!



Тілек білдіруші Нұрахметовтар әулеті

Құндызды ауылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет