Аңдардың психикалық іс-әрекеті Орындаған: Рахим Диана



бет2/4
Дата07.01.2022
өлшемі451,45 Kb.
#17038
1   2   3   4
 Жануарлардың инстинкті.

Инстинкт деп жануарлардың биологиялық өмірінде түқым қуалай отырып, бойына біткен мінезінің пайдалы тума түрін айтады.

Инстинктің мынадай өзіне тэн ерекщеліктері бар:

1)Амалдық-тұтастық егерде қарапайым рефлекс организмнің жеке мүшелерінің аз уақыт ішінде бір рет қана жауап қайыруы болса, инстинкт ұзаққа созылып жануар үшін биояогиялық мәні зор, күрделі әрекет түрінде өтеді (ін қазу, үя салу, аң аулау, ұясына, ініне тамақ жинау).

2)Туа пайда болу. Бүл жануардың нерв жүйесінің бойына біткен тұқым қуу арқылы берілген қасиеті. Бүл инстинкт қайталап отыруды тілемейді.

3)Санасыздық. Сырт қарағанда саналы сияқты болып жануарлардың "ақылына" байланысты көрінгенімен, жануарлар ісінде саналылық деген болмайды.

Мәселен, бал арасының балауызын тесіп қойсаң да бал арасы оған бұрынғысынша бал келтіре береді. Ұяда жұмыртқа басып отырған қасқалдақ жем іздеп ұшып кеткен кезде, оның жұмыртқаларын басқа орынға көрсетіп ауыстырып қойсақ, қасқалдақ оны байқамай үйреншікті орнына отыра кетеді. Жұмыртқаның жоқ екендігінде қасқалдақтың жұмысы болмайды, қасында көрініп жатқан жұмыртқаларының үстіне қонуға ақылы жетпейді, Өйткені оның бұл атқарып отырған іс-қимылдары тек қана инстинкт.

Сонымен инстинкт - жануарлар мінезінің бейімделу қасиетінің өте жай өзгеретін түрі. Инстинкт - «инстинк-тус» деген латын сөзі, қазақша «санасыз ұмтылу» деген мағынаны білдіреді.

Инстинкт - омыртқасыздардың, құстардың, балықтардың сондай-ақ т.б. жануарлардың мінез-құлық іс-әрекетінің негізі болып табылады. Инстинкт адамда да болады. Бірақ адамның іс-әрекеті әдетте интеллектіге, ақыл-ойға бағынады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет