Адаспаева Назым Максутовна Диктант – тіл дағдыларын дамыту құралы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі199,64 Kb.
#6612

Адаспаева Назым Максутовна 

Диктант – тіл дағдыларын дамыту құралы 

Семей қаласындағы физика-математика  бағытындағы Назарбаев Зияткерлік  мектебі 

Ағылшын  тілі  пәнінің  мұғалімі   

Тел:  87071267811, e-mail: 

adaspaeva_n@sm.nis.edu.kz

 

 



 

Көп  жылдар  бойы  диктант  оқушының  айтылған  мәтінді  қағаз  бетіне  грамматикалық 

және  пунктуациялық  катесіз  жазу  қабілетін  тексеру  құралы  ретінде  қарастырылды.  Яғни,  бұл 

жаттығу  түрі  бақылау  жұмысын  өткізуге  арналған.  Осы  жағдайда  оқушылардың  және 

мұғалімдердердің  санасында  диктант  білім  тексеруге  арналған  деген  ой  қалыптасқан. 

Коммуникативті  тәсілдің  енуімен  бұл  тапсырма түрі қолданыстан шығып қалды, себебі диктант 

мұғалімнің  басқаруымен  өтеді.  Бұған  қарамастан,  диктантты  бақылау  өткізу  үшін  емес  білім 

игеру  ретінде  қарастырып  және  оның  өзіндік  пайдалы  аспектілерін  қарастыруға  болады.  Пол 

Девис  және  Марио  Ринволукри  диктантты  қолдануда  оқушылар  белсенді қатысуын байқап, әрі 

оқушылардың  тыңдау,  жазу,  оқу  және  сөйлеу  дағдыларын  дамытуға  арналған құралдардың бірі 

ретінде  суреттейді.  Сонымен  қатар,  диктантты  өте  қызықты,  әрі  тиімді  тапсырма  ретінде 

қарастыруға  болады. Диктантқа негізделген  келесі  әдіс-тәсілдерін  айқындауға болады. 

 

Диктоглос  немесе  ерікті  диктант:  мұғалім  мәтінді  бірнеше  рет  оқиды,  ал  оқушылар 

негізгі  идеяларды  жазып  отырады.  Оқушылар  айтылған  текстті  жекелеп,  топпен  немесе 

сыныппен  жаңғыртады.  Мұндай  жұмыстың  түрі  оқушылар  арасында  көптеген  мәселелерге 

арналған талқылау тудырады, мысалы, грамматика, жалғаулар, сөйлемнің құрылымы және тағы 

басқа  мәселелерді  талқылап  оқушылар  бір  шешімге  келеді.  Соңында  олар  мәтінді  түпнұсқамен 

салыстырады. 

 

Диктоглос  арқылы  оқушылар  сөйлеу  барысында  болатын  ассимиляция,  яғни  дыбыс 



үндестіктерінне  зейін  қоюға  және де мәтінді жай ғана есте сақтап қана қоймай, оның мағынасы 

мен байланысына мән береді. 

 

Суретке  негізделген  диктант:  оқушылар  жүппен  жұмыс  жасайды,  бір  оқушы  суретті 

суреттесе,  екінші  оқушы  оны  салады, кейін олар суреттің түпнұсқасымен салыстырады. Осыған 

негізделіп,  өз  ойларымен  ауызша  немесе  жазбаша  түрде  бөлісенді.  Бұл  тапсырмада  қарапайым 

суреттерді  қолдану  тиімді.  Бұл  диктант  түрі  қазақ  тілі,  орыс  тілі,  ағылшын  тілі  сабақтарында 

айтылым  немесе  жазылым  сабақтарында  өте  тиімді,  себебі  оқушылар  өткен  материалға 

негізделіп  осы  дағдыларды  машықтайды.  Мысалы,  ағылшын  тілі  сабағында  айтылым 

дағдысына  негізделген  суретті  суреттеу  жаттығуында  қолданатын  сөз  тіркестерді,  негізгі 

сөздерді  қолданып жаттығады. 

 

Бос  орын  диктанты:  мұғалім  мәтінді  оқу  барысында  сөйлем  арасында  бос  орын 

қалтырып,  оқушыларға  белгі  береді  (ысқарады,  ымдайды  алақанын  соғады  және  т.б.),  ал 

оқушылар  бұл  бос  орныға  өз      сөздерін  қояды.  Олардың  жазған  сөздері  жауаппен  сәйкес  болу 

шарт  емес,  тек мағынасы мен грамматика тұрғысынан дұрыс және шындыққа жанасатын болса 

жеткілікті.  Келесі мәтінді  мысал ретінде  алуға  болады: 

 

Every  year  [1.________]  people  in  the  world  finish  school.  Some  of  them  go  to  other 



countries  to [2._________]. They  stay  there  for [3._______]. The  study  is  [4.__________].  

 

1.



 

Real  answer:  young.  Possible  answers:  happy,  a lot  of 



2.

 

Real  answer:  study.  Possible  answers:  work, travel 



3.

 

Real  answer:  five  years.  Possible  answers:  six  months,  one year 



4.

 

Real  answer:  hard.  Possible  answers:  easy, different 

Оқушылар  жауаптарын  бірге  талқылап,  олардың  жауаптарының  қай  тұрғыдан  дұрыс  немесе 

бұрыс екенін  анықтайды. 

 

Жалған  фактілі  диктант:  бұл  тапсырмада  мәтіндегі  сөйлемдер  алдын  ала  бұрыс 

фактілермен  алмастырылады.  Жалған  ақпарат  жалпы  білімге  немесе  жақында  өткен 

тақырыптарға  негізделеді.  Кейбір  мұғалімдер  оқылған  кітаптың  немесе  мәтіннің  негізінде 

жасалан  түйіндемені  бұрмалап  оқиды.  Оқушылар  жалған  ақпаратты  дәптерлеріне  жазып, кейін 



топпен  талқылайды  немесе  әр  жалған  ақпаратты  түзету  мақсатында  ауызша  жауап  береді. 

Оқушылар  осындай  диктант  түрін  өздері  дайындап,  сынып  алдында  баяндай  алады.  Мынадай 

тапсырма  түрін  тек  қана  тілдер  сабағында  емес,  сонымен  қатар,  тарих,  география,  физика, 

химия, математика және тағы басқа пәндерде қолдануға  болады. 

 

Топтастыру  диктанты:  Оқушыларға  алдын  ала  әр  түрлі  топтарға  бөлінген  кесте 

беріледі  немесе  оны  тақтаға  және  қабырғаға  іліп  қоюға  болады.  Мұғалім  немесе  оқушы  әртүрлі 

топқа  байланысты  сөйлемдерді немесе мәтінді оқиды, ал оқушылар оларды мағынасы бойынша 

дұрыс бағанаға жазады. Мысалы келесі  сөйлемдерді  берілген  кестеге  орналастыруға болады: 



‘I wake up at 7 o’clock.’, ‘I get up before 6.00 a.m.’ 

 

Often   



Everyday   

Sometimes   

Never  

 

 



 

I wake up at 7 o’clock. 

I  get  up  before  6.00 

a.m. 

 

 



Осыған  ұқсас  бірнеше  кестелерді  жасап,  басқа  пәндерде  де  қолдануға  болады.  Жылдарды, 

формулаларды  немесе атақты адамдардың өмірбаянын негізге  алуға  болады. 



Жугіру  диктанты:  өз  атында  тұрғандай  оқушылар  бұл  диктант  түрін  жүгіріп  жасайды. 

Мәтін  сынып  қабырғаларында  немесе  сынптың  сыртында  ілініп  тұрады.  Оқушылар  жұппен 

жұмыс  жасайды,  бір  оқушы  жүгіріп  мәтінді  бөлшектеп  есте  сақтап  айтады,  ал  екінші  оқушы 

оны  жазады.  Мұндай  диктант  түрін  оқушыардың  белсендігін  арттыру  мақсатында  сабақтың 

бастапқы  кезеңінде  қолдануға  болады.  Сонымен  қатар,  сөйлемдерді  және  мәтінді  аудару 

мақсатныда  осы  диктант  түрін  қолдануға  болады.  Яғни,  сөйлемдер  қазақ  немесе  орыс  тілінде 

берілсе,  бір  оқушы  оны  ағылшын  тіліне  аударады,  ал  екінші  оқушы  ол  сөйлемдерді  жазады. 

Осы  тұрғыда,  диктант  қандай  да  бір  грамматикалық  немесе  лексикалық бөлімдерді пысықтауға 

және қайталауға  арналады. 

 

Қорытындылай  келе,  жоғарыда  көрсетілген  диктант  түрлері  оқушылардың  білім  игеру 



үдерісінің  жандандырады.  Яғни,  диктант  білім  тексеру  мақсатында  ғана  емес,  сонымен  қатар 

білім  алу  құралы  ретінде  қарастыруға  болады.  Ол  оқушылардың  қызығушылығын  және  ойлау 

қабілет  арттырып, тіл дағдыларын жаттықтыру  үшін  қолданылады. 

 

Әдебиеттер тізімі  

 

Wilson,  J. J., & Harmer,  J. (2008). How to teach listening.  Pearson  Education. 



 

Cadwallader,  J. (1989). Dictations. 

 

Adams  for,  P.  (n.d.).  ESL  EFL  Teaching  Resources.  Retrieved  February  18,  2015,  from 



http://www.teach-this.com/

 

 



Khoii,  R.  (2011,  January  1).  Effects  of  Different  Types  of  Dictation  Practice  on  Immediate  and 

Delayed  Performance  on Tests  of Present  Tense  “To Be”  Verbs  and Indefinite  Articles. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет