АҢдатпа 6-бет 2-бет



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата12.03.2017
өлшемі3,52 Mb.
#9224
1   2   3   4   5   6

Сәкен ОРЫНБАСАРҰЛЫ,

«Заң газеті»   

№139 (2917) 

9 желтоқсан 2016

3

zangazet@mail.ru



қоғам

Бүгінгінің бас тақырыбы



(Соңы. Басы 1-бетте)

рақымшылық 

жасау – 

ізгіліктің белгісі

Атап айтқанда, ұсақ бұзақылық 

жасап,  абайсызда  көлікпен  адам 

қағып кеткендер, заңсыз аң аулаған-

дар сынды қоғамға зиян әкелмей-

тін қылмысқа ұрынғандар жазадан 

біржола құтылады. 

Жалпы, колониядан босатылатын-

дардың саны 1500 сотталушы болса, 

олардың 20 пайыздайы ғана толықтай 

жазадан құтылады. Ал, қалғандары 

пробация қызметінің қадағалауында 

болады. Түрмеден шығатындар қа-

тарында екіқабат, жас және мүгедек 

балалары бар, жасы 50 және одан 

асқан әйелдер, кәмелеттік жастағы 

балалар, қарттар сынды әлеуметтік 

әлжуаз топқа жататын жандар бар. 

Бүгінде қоғамда бұл рақымшылық 

актісіне қатысты  туындаған көптеген 

сауалдар жұртшылықтың орынды 

алаңдаушылығына  себеп  болуда. 

Мұндай  ахуал негізінен амнистия-

ның  қажеттігіне, оның көздеген мақ-

сатына, оған кімдердің ілігетініне, 

әділ жүзеге асырылуы және бостан-

дыққа шыққан жандардың қоғам нан 

өз орындарын табуының күмәнділі-

гіне қатысты орнығып отыр. Жа қып  

Қажыманұлы қашанғысындай жиын­

ға үлкен дайындықпен келіпті. Оның 

әр сөзі осы шараға байланысты жұрт-

шылықты  мазалаған    сауалдарға 

берілген тұшымды жауап болды. 

Бас прокурордың айтқан әңгімесі-

нен түйгеніміз, бұл амнистияның 

көздегені бұрынғыдай түрмедегілерді 

босатып, олардың санын азайту емес. 

Бүгінгі күні мұндай қажеттілік те 

жоқ. Өйткені, 25 жылдың ішінде 

түрмедегілердің саны үш есе азай-

ды. Тек соңғы төрт жылдың ішінде 

бірде­бір амнистия жасалмай, 30 

пайызға кеміді. Оған себеп болған – 

Жоғарғы Сотпен бірлесіп жасалған  

«Түрмедегілерді  азайтудың 10 шара-

сы» деген жоба. Оның негізгі идея сы 

– «Бостандыққа шығу өз қолыңда». 

Яғни, әрбір сотталған түзелгенін 

дәлелдесе, зиянды өтесе, түрмеден 

шыға алады. Осы  жоба іске асқаннан 

бері амнистияға да қажеттілік болмай 

қалды. Қазақстан әлемдік түрмелік 

рейтингте ең нашар 50 елдің қата-

рынан шығып, позициясын үшінші-

ден 62 орынға жақсартты.

«Жақсылықтың басы – кешіру» 

дейді халық. Амнистияның да мақ-

саты – сотталғандарға рақымшылық 

жасап кешіру. Жалпы,  амнистия 

баяғыдан келе жатқан тәжірибе. Бұл 

акт  КСРО тарихында 22  рет болған. 

1992 жылдан бері Ресейде он сегіз, 

Беларусьте он төрт рет, Украина мен 

Қырғызстанда жыл сайын жасала-

ды. ТМД елдерінің ішінде амнистия 

Қазақстанда ғана бар болғаны сегіз 

мәрте жасалыпты. Соңғысы төрт жыл 

бұрын жүзеге асқан екен. 

Жұртшылық  қауіп  еткендей  

амнистия қылмыстық ахуалды үдет-

пейді. Асанов мырзаның айтуынша

егемендік  алған  кезде  және  одан 

кейін орын алған қылмыстарға сол 

уақыттағы гиперинфляция, эконо-

микадағы дағдарыс, тапшылық әсер 

етті. Мұның сыртында сталиндік 

репрессиядан қалған түрмелердің 

де кері әсері болды. Сол кезде Ел-

басымыздың құқық қорғау жүйесін 

бақылауға алып, қызметін өзі үй-

лестіруі нәтижесінде жағдай жақсара 

бастады. Кісі өлтіру, денсаулыққа 

ауыр зиян келтіру, қарақшылық жасау 

сынды аса қауіпті қылмыстар 20 жыл 

қатарынан азайып келеді. Әлемде 

қоғам қауіпсіздігі тап осы қылмыс 

түрімен  бағаланады.  1996  жылы 

2625 кісі өлтіру болса, 2016 жылы 

бұл сан үш жарым есеге азайды. Сол 

секілді денсаулыққа ауыр зиян кел-

тіру үш есеге, қарақшылық бес есеге 

кеміді. Қазіргі статистика баяғыдай 

өтірік емес. Себебі, заң қатайды және 

бәрі ашық. Әрбір қылмыс ғаламтор 

арқылы халыққа жедел тарап, бар-

ша қауымның талқылауына түседі. 

Мұның бәрі бұрын жабық болды. Ол 

кезде жұрт көше, тіпті, подъезде не 

болып жатқанын білмейтін. Бір сөз-

бен айтқанда, өмір қауіпсіздігі жыл 

сайын жақсарып келеді. Сондықтан, 

бұл рақымшылық қоғам қауіпсіздігі-

не теріс әсер етпейді. Мұнымен қоса, 

ол қоғамға қауіп төндірмейтіндерді, 

әлеуметтік әлсіздерді ғана жазадан 

босатады.

Заң қабылданатын болса, амнис­

тия төрт топқа қолданылады. Олар-

дың  біріншісі, яғни, колониядан 

шығатындар жайлы жоғарыда ай-

тылды.  Екінші  топтағы  11  мың 

сотталушыны  да  жазадан  босату  

ұсынылып отыр. Асанов мырзаның 

айтуынша, олар жазасын колонияда 

болмай өтеп жатқандар, олар бостан-

дықтың шектелуі, түзеу жұмыста-

ры, айыппұлдармен жазаланғандар. 

Яғни, бұл топтағылар  негізінде үй-

лерінде тұрып жатыр. 

Үшінші топ – олар ауыр және аса 

ауыр қылмыстары үшін сотталған-

дар. Олар үшін өтелмеген мерзімін 

жартылай немесе төрттен, не бестен 

бір бөлігін қысқарту ұсынылды. Егер 

әлеуметтік әлжуаз, қылмысы ауыр 

болса жартысын, егер ерекше болса 

бестен бірі кесілмек. Бұл ретте әлеу-

меттік әлжуаздар ретінде кәмелеттік 

жасқа толмағандар, екіқабат әйелдер, 

жас немесе мүгедек балалары бар әй-

елдер, барлық топтағы мүгедектер, 50 

жастағы немесе одан үлкен әйелдер, 

60 жастағы, одан үлкен ер адамдар,  

соғысқа қатысушылар және тағы 

басқалар санатқа алынып отыр. Егер 

ауыр қылмыс жасап, зардабын өтеген 

болса, оның өтелмеген мерзімінің 

төрттен бір бөлігі қысқартылмақ. 

Тағы бір топ істері тергеуде не сот-

та жатқандарды қамтиды. Егер олар-

дың әрекеті қылмыстық қылықтар 

немесе ауырлығы онша емес қылмыс 

болса амнистияға ілігеді. Олармен 

қатар, ауырлығы онша емес әлеумет-

тік әлжуаздар да бар. Олардың саны 

– 2300. 


Өз кезегінде Асанов мырза бос­

тандыққа шығатындар санының неге 

аздығына қатысты да түсінік берді. 

Оның айтуынша, ол бүгінгі сот прак-

тикасына байланысты екен. Мәсе-

лен,  бұрын  орташа  ауырлықтағы 

кішкентай қылмыс үшін азаматтар 

ұзақ мерзімге сотталып келді. Тіпті, 

шұжық, тауық ұрлағаны үшін үш­

төрт жыл жазаға кесілгендер болды. 

Өйткені, ол кездегі талап бойынша 

заң бұзып, қылмыс жасаған адамға 

осындай  мерзімге соттауға судьялар 

міндетті болды. Бүгінде соттар мұн-

дай ұсақ қылмыстар үшін бостан-

дықтан айырмай, көбіне баламалы 

жазалар қолданады. Сондықтан, бұл 

амнистия бойынша  бостандыққа 

шығатындар аз болып отыр. Осыдан 

бес жыл бұрынғы амнистияда олар-

дың саны екі есе көп болған еді. 

Бас прокурор, сонымен қатар, кім-

дердің бұл рақымшылықтан сырт қа-

латындығына да тоқталды. Оның сөзі-

нен түйгеніміз, бұл рақымшылықтан  

лаңкестер, экстремистер, педофил-

дер, кісі өлтірушілер, есірткі тасы-

малдаушылар, жыныстық зорлық 

жасағандар, азаптаушылар, рециди-

вистер, өмірлік бас бостандығынан 

айырылғандар, топтасып қылмыс 

жасағандар еш үміт күте алмайды. 

Депутаттар сауалына жауап беру 

барысында Бас прокуор бұл амнис­

тияның идеясы тек жазадан босату 

немесе қысқарту емес, босағандар-

дың қайтадан қылмыс жасауын бол-

дырмау екенін атап көрсетті. Осы 

мақсатта бостандыққа шыққандарға 

әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Олар: 

жұмысқа тұрғызу, жеке құжаттарды 

рәсімдеу, үйсіздерді оңалту орта-

лығына, қарттар үйіне орналастыру 

сынды шаралар. Денсаулық сақтау 

және  әлеуметтік  даму  министрі  

Тамара Дүйсенованың айтуынша, 

бүгінгі таңда бұл шараларды жүзеге 

асырудың құқықтық тетіктері жа-

салған. Мәселен, былтыр «Жұмыспен 

қамту туралы» заң жобасына енгізіл-

ген өзгерістер негізінде түрмеден бо-

сағандарды жұмысқа қабылдау үшін 

квота көлемі 0,5 пайыздан 5 пайызға 

көбейіпті. Сол секілді қоғамға бейім-

деу, оңалту мақсатындағы жұмыстар 

да ойдағыдай жүзеге асатын болады. 

Оларға қосымша қаржы шығыны 

қажет емес.

Депутаттар заңның қажеттігін, 

аталмыш шараның дер кезінде қол-

данылып отырған дұрыс шешім екен-

дігін атап көрсетті. Олардың айтуын-

ша, әсіресе, аналар мен балалар үшін 

жасалып отырған жеңілдіктің үлкен 

әлеуметтік маңызы бар. Осылайша 

құжат тұтастай мақұлданып, Сенатқа 

жол тартты.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ

Мәселен, құрылым өз несие өнім-

дерін екінші деңгейлі банктерді, несие 

серіктестіктерін, лизингтік компания-

ларды қорландыру арқылы ұсынады. 

Оларды корпорация әдістемелік көмек 

көрсете отырып тартып отыр. Корпо-

рация негізінен мал өсіру саласына 

арналған «Сыбаға», «Алтын асық», 

«Құлан» несие өнімдері арқылы таны-

мал. Сонымен қатар, несие серіктестік-

тері арқылы берілетін қаржылық көмек 

үлкен сұранысқа ие. Оған қатысатындар 

барлық мақсаттарын қаржыландыра 

алады. Оның ішінде ауылдардағы ауыл 

шаруашылығына жатпайтын өнімді 

қайта өңдеу бизнесі де бар. Сонымен 

қатар, көктемгі және күзгі дала жұмыс­

тарына  арналған  мемлекеттің  жыл 

сайын бөлетін несие өнімдері айрықша 

сұранысқа ие. 

  Қарызды алуға қойылатын  талап 

өте жеңіл. Мал шаруашылығы үшін  

жайылымдық, тұрғын жай және мал 

болуы қажет. Егер малы жоқ болса, онда 

бұл іске салатын ақшасын ұсына ала-

ды. Несие бюджет қаражаты есебінен 

6 пайыз, несие серіктестіктері арқылы 

14,5 пайыз, корпорациядан тікелей 16 

пайыз өсімақымен беріледі. Бюджеттен 

өзге барлық өсімақылардың 7 пайызы, 

мал шаруашылығына алынған несие 10 

па йызға дейін жергілікті атқару орган-

дары арқылы субсидияланады. Корпо-

рация құрылған уақыттан бері 70 мың 

кәсіпкерге 700 млрд теңге несие берді. 

Корпорацияның ауыл шаруашы­

лығын қолдау бағытындағы жұмысы 

тек қаржылай көмек көрсетумен шек-

телмейді. Ұйым шаруа қожалықтары, 

шаруашылық серіктестіктері жұмысын 

насихаттау, жас мамандарды тартып, 

ауыл шаруашылығына білікті, іскер, 

қайратты жас мамандарды тарту бағы-

тында да  игілікті іс­шараларға ұйытқы 

болып келеді. Жуырда осындай жастар 

үшін тағылымды басқосудың біріне 

өзіміз куә болдық. «Аграрлық несие 

корпорациясы» АҚ басқарма төрайымы 

Гүлназ Атамқұлова бастаған бір топ 

шаруашылық жетекшілері, кәсіпкерлер  

елордадағы Сәкен Сейфуллин атындағы 

Қазақ агротехникалық университетіне 

келіп, студенттермен кездесу өткізді. 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 

арналған «Табысқа жетудің сырлары» 

деп аталған бұл акцияда олар өздерінің 

бүгінгі жетіп отырған еңбек жеңісі 

жайлы ғибратты әңгіме айтып, тәжіри-

белерімен бөлісті. Өз істерін қара пайым 

ғана  күнкөріс  қамы  үшін  бастаған 

бүгінгі іргелі шаруашылық иелерінің 

осы жолдағы қиын да қызықты сәттері, 

алған сабақтары болашақ жас маман-

дардың  зор қызығушылығын тудырды. 

Шынында да, кездесуге келген әрбір 

тұлғаның өз ісін жандандырып, табысқа 

жетудегі жолдары  қарапайым бола 

тұра, тағылымды еді. Мәселен, «Ша-

тан» шаруа қожалығының директоры, 

Қарағанды политехникалық институ-

тының түлегі Евгений Апейсовтің жеке 

ісін ашудағы алғашқы қадамы өзінің 

өндірістік­құрылыс конструкторы ма-

Міндет

табысқа жетудің кілті



мандығы бойынша  жұмыс таппаған 

соң, бала­шағасын асыраудың қамымен 

өзгенің етін сатып беруден басталып-

ты. Сол үшін күніне бар болғаны 200 

теңге ғана алып отырған. Уақыт өте 

бұл азғана нәпақаны қанағат тұтпай, 

одан әрі бір сыныптасымен бірге етті 

көтере  сатып  алумен  айналысады. 

«Күндіз­түні жұмыс істеуге тура келді. 

Күндіз сатушы болсақ, кешке ауылдарға 

шығып, мал сатып алып оларды союмен 

айналыстық. Осылайша бірнеше жыл 

өтті. Артық ақша пайда бола бастаған 

соң мейрамхана ашуға бел байлап, оған  

қол жетті. Келесі кезекте еншілеген 

дү нием толық салынбаған сауда үйі 

болды. Оның жартысын жалға беріп, 

сонда өзімнің алғашқы «Ет ауласы» деп 

аталған дүкенімді аштым. 2010 жылы  

екінші  балам  дүниеге  келген  сәтте 

алып­сату қағидатымен өмір сүруден 

шаршағанымды сездім. Оның үстіне ет 

бағасы тұрақсыз, ол бірде маусымдық 

сұранысқа, бірде жеткізуші пейіліне 

сай болады ғой. Осындай сәттердің 

бірінде табысты бизнес үшін біреуге 

тәуелді болмай, бәрін өз қолыңа алу 

керектігін түсіндім. Осылайша шаруа 

қожалығын құру туралы идея туды. 

2012 жылы өзімнің студенттік өнді­

рістік тәжірибелерім өткен Қарағанды 

облысының Бұхар жырау ауданындағы 

Ақ өре ауылынан жер алдым. Бәрін 

нөлдан бастау керек болды. Қора­жай 

салып, біртіндеп мал сатып ала баста-

дым. Тәжірибесіздіктен алғашында 

ұтылдым. Осындай қиын сәттерде мем­

лекеттің ұсынған субсидиясы, арзан 

несиелері, техникаға берілген лизингтің 

пайдасы тиді. 

Алғашқы қыс ауыр болды. Малым-

ның жартысынан айырылып қалдым. 

Қателігімді түзей жүріп алға ұмтыла 

бердім. 2012 жылы ферманы сатып ал-

дым. «Аграрлық несие корпорациясы» 

АҚ көмегінің арқасында ірі қара саны 

2015 жылы екі есе артып, бүгінде 1200 

басты құрап отыр. Қазір фермамыз 

қазақтың ақбас сиыры мен әулиекөл 

тұқымдарын өсірумен айналысады», – 

деген фермер жастарды ауылға жұмыс 

істеуге шақырды. Оның айтуынша, 

мал шаруашылығына мал дәрігері, зоо­

техник, экономист сынды мамандар 

өте қажет. Агросектор, әсіресе, озық 

ойлы, жаңа технологияларды меңгер-

ген мамандарға айрықша зәру. Осы 

ретте Апейсов өзіне жұмысқа келетін 

мамандарды тегін жатақхана, тегін 

тамақпен қамтамасыз етіп, оларға 100 

мыңнан басталатын жалақы төлеуге де 

уәде берді.

«Даниловское и К» жауапкершілігі 

шектеулі серіктестігінің бас директо-

ры Айбат Есентуровтың да әңгімесі 

әсерлі болды. Оның айтуынша, атал-

мыш компания бастапқыда егін ша-

руашылығымен айналысып, енді мал 

шаруашылығын қолға алған екен. 2015 

жылы  «Сыбаға»  бағдарламасы  бо­

йынша 140 бас ірі қара сатып алынған. 

Кәсіпорын қыс мезгілінде жемшөп да­

йындаудың еуропалық технологиясын 

меңгерген. Қатты аяздарға қарамастан, 

өзінің пайдалы қасиеттерінен айырыл-

майтын бұл азықтың арқасында   шару-

ашылықтағы  сиырлардың салмақ өсімі 

мен төлі еселене түседі екен.

Өз кезегінде сөз алған «KazBeef Ltd» 

жауапкершілігі шектеулі  серіктестігі 

бас директорының орынбасары Ермек 

Өмірзақов америкалық компаниямен 

бірлесудің арқасында пайда болған ірі 

жоба жайлы айтып берді. «Аграрлық 

несие корпорациясы» берген қаражатқа 

ферманың инфрақұрылымы салынып, 

абердин­ангус және герефорд тұқым­

дарының сиырлары сатып алыныпты. 

«KazBeef Ltd» жауапкершілігі шектеулі 

серіктестігі – жем дайындаудан бастап, 

төл өсіру, жеке ет комбинатында ет 

өңдеумен айналысатын ірі компания. 

Кәсіпорынның мақтанышы сирек әрі 

қымбат деликатес болып саналатын 

«мәрмәр» сиыр етінің өндірісі екен.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 

басқарма төрайымы Гүлназ Атамқұлова 

да студенттерге өз лебізін білдірді. 

«Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде ауыл 

шаруашылығы саласында жарқын да 

табысты  қадамдар жасаған адамдар 

көп. Студенттер осы еңбегі ерен за-

мандастарды көріп, олардың жеңіске 

жету тәжірибесінен, жолдарынан үлгі, 

кәсіби фермерліктің қалай қалыптаса-

тыны, оған елімізде жасалып отырған 

қолдау жайлы мағлұмат алуы керек. 

Агроөндірістік кешен – Қазақстан эко-

номикасындағы басым бағыттардың 

бірі, сондықтан, оған білікті кадрларды 

да йындау аса ма ңызды іс. Болашақ 

кәсіпті таңдаған кезде бұл – өмір ісі, 

яғни, өмірдің өзі екенін ұмытпау өте 

маңызды. Біз сіздерге өмір ісін табулар­

ңызды, ол сіздер үшін жайлы, табысты 

болуын тілейміз. Біздің корпорацияның 

филиалдары барлық облыста бар. Біз 

сіздерді оларға тәжірибеден өтуге де, 

тұрақты жұмысқа қабылдауға да да­

йынбыз. Өйткені, сіздердің мамандықта-

рыңыз  нақ  ауыл  шаруашылығында 

өте қажет. Сондықтан, оқуларыңызды 

ойдағыдай аяқтап, еліміздің аграрлық 

саласының өркендеуіне лайықты үлес 

қосатындарыңызға сенеміз», – деді 

Гүлназ Атамқұлова. 

Ал, «С.Сейфуллин атындағы Қа-

зақ  агротехникалық  университеті» 

АҚ  басқарма  төрағасының  бірінші 

орынбасары Айтжан Әбдіров  келесі 

жылы университет өзінің 60 жылдық 

мерейтойын атап өтетінін, осы уақыт 

аралығында ЖОО ауыл шаруашылығы 

саласында қажетті білікті маман даяр-

лап келе жатқанын жеткізді. Оның ай-

туынша, осындай шаралардың беретін 

пайдасы мол. Өйткені, студенттер ауыл 

шаруашылығы бизнесі жайлы онымен 

айналысып жүрген азаматтардың өз 

ауыздарынан естіп, тәжірибе жинақтау­

ға мүмкіндік алады. Ал, бұл өз кезегінде 

еңбектегі  ұрпақ сабақтастығының үзіл-

меуіне сеп болады.  

Шара барысында студенттер спи-

керлерге өз сұрақтарын қойып, олармен 

емен­жарқын әңгіме құрды. Фермерлер 

жайлы  түсірілген  бейнероликтерді 

та машалады. Осылайша ауыл шаруа­

шылығының болашақ мамандары сала-

ның тыныс­тіршілігі, ондағы жетістікке 

жету жолдары хақында кең мағлұмат 

алды. Біздіңше, мұндай жиынның бо-

лашақ мамандар үшін берері көп. Сон-

дықтан, игілікті іс жалғасын тапса 

дейміз.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА,

«Заң газеті»

Б

үгінде ауыл шаруашылығын индустрияландырып, әрта-

раптандыру – ел экономикасын дамытудың негізгі ба-

сымдықтарының бірі. Бұл ауқымды шараның аясында халықты 

жұмыспен қамту, азық-түліктің молшылығы мен қауіпсіздігін 

қамтамасыз ету, Қазақстанды бәсекеге қабілетті елдер сапы-

на қосудың міндеттері жатыр. Осы асқаралы мақсатты жүзеге 

асырудың бірден-бір мүмкіндігі – олардың қаржылық тұрғыдан 

қамтамасыз етілуі. Осы ретте «Аграрлық несие корпорация-

сы» АҚ бүгінде ауыл шаруашылығына тиімді қаржылық құралдар 

ұсынуда заманауи да қолайлы тәсілдерімен ілкімділік көрсетуде. 


4

№139 (2917) 

9 желтоқсан 2016

zangazet@maiI.ru

ТАРАЗЫ

Әрбір  ел  дамуында  сот, 



құқықтық жүйенің алар орны 

ерекше. Себебі, елдегі экономи-

каның қарыштап дамуы, әлеу-

меттік жағдайдың жақсаруы осы 

заң саласымен тікелей байланыс­

ты десем артық айтқаным емес. 

Ал, тәуелсіз елде тәуелсіз сот са-

ласын қалыптастырып, еліміздің 

шаңырағын биік ұстап, өзге ел-

дермен терезесін теңестірудегі 

Елбасымыздың еңбегі ерен. 

Президентіміздің  тікелей 

ат салысуымен  осы  уақытқа 

дейін тиімді реформалар жүр-

Әкесі Зейнел Асылбекұлы мен анасы 

Евдокия Григорьевна тәрбиелеген он бала-

ның ішіндегі сүт кенжесі Әсия Зейнелқызы 

еңбек өтілін 1975 жылғы 7 ақпанда Петро-

павл қаласының «Динамо» спорт тауарла-

рын шығару фабрикасында тігінші ретінде 

бастаған. Бала кезінен біреудің ала жібін 

аттамауға үйреткен ата­анасының берген 

тәрбиесі шығар, ол заңгер болуды алдына 

мақсат етіп, 1981 жылы Талдықорған заң 

техникумына түсіп, 1983 жылы заңгер ма-

мандығын иемденген.

Сол жылы дипломын қолдарына алған 

Талдықорған заң техникумының 10 түлегі 

Жоғарғы Сотта тәжірибеден өтіп, топтың 

ішінен білімі мен ұйымдастыру қабілетімен 

ерекшеленген  Әсия  Зейнелқызы  1983 

жылғы 8 қаңтарда Жоғарғы Сотта баспаха-

нашы ретінде қызмет атқару мүмкіндігіне 

ие болады. Сол жылдың 25 тамызында ол 

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөнін-

дегі сот алқасы сот отырысының хатшысы 

лауазымына ауысып, сол алқада жетекші 

маман, кеңсе меңгерушісі қызметін атқа-

рып, бүгінгі таңда  судья көмекшісі лауазы-

мынан зейнеткерлікке шықты.

Жоғарғы Сотта 33 жыл бойы үздіксіз 

қыз мет атқарған Ә.Асылбекова Жоғарғы 

Сот тарихының төрінен орын алған бас-

шылар – Т.Айтмұхаметов, М.Малахов, 



БАБАЛАР ДӘСТҮРІНЕН 

БАСТАУ АЛҒАН ЗАҢ



БЕРІЛГЕН БАҒА 

БАҒДАРДЫ НАҚТЫЛАУҒА 

КӨМЕКТЕСТІ

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында кезектен тыс өт-

кізілген Судьялар одағының VІІ съезі сот жүйесіне оңтайлы 

нәтижесін енгізіп, ел азаматтарының заңға деген сенімдерін арт-

тырды. Съезд жұмысына Елбасымыздың қатысып, сот әділдігін 

күшейту жолдарын саралап, бағыт-бағдар беруі өміршең тарихи 

шешімдердің өмірге келуіне жол салды. 

Съезд қарсаңында заңдар бойынша туындаған қажетті сұрақтар 

мен қорытындылар талқыланды. Бұл орайда, соңғы жылдары сот 

жүйесінің мәртебесін жоғарылату үшін қабылданған заңдар жұмы-

сының тиімділігін атап көрсетуге болады. 

«Сот жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты – тәуелсіз және са-

тылмайтын сот билігін қалыптастыру. Бұл жерде судьялардың адал-

дығы мен біліктілігі, сот төрелігінің әділеттігі мен қолжетімділігі 

маңызды», – деді Қазақстан Президенті. Сондай­ақ, Елбасымыз 

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары құқық қорғау органдары мен сот-

тар қызметінің барлық қырын қамтитынын атап өтіп, «Бұл реформа-

ның басты буыны сот билігі болып саналады. Біз оны жаңғыртпасақ, 

басқа шараларымыздың пайдасы болмай қалады», – деді. 

Бүгінгі күні сот төрелігі үш буынды сот жүйесіне ауысты. 

Сондай­ақ, инвестициялық даулар бойынша сот өндірісі енгізілді, 

IT­технологиялар негізінде барлық жерде сот талқылауларын ды-

быс, бейнежазбалар арқылы фиксациялау тәсілдері қолданылуда. 

Сонымен қатар, алқабилер сотының қолданылу аясы кеңейтіліп, 

судьяларға қойылатын талаптар барынша күшейтілді. Съезде осы 

айтылған тың бастамалар тілге тиек етіліп, одан әрі жетілдіру жол-

дары сараланды. Қазіргі таңда жеке сот орындаушылар институтын 

нығайтуға мән берілуде. Жиын төрінде бұл тақырып  та талқыға 

салынды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жиын барысында Қа-

зақстан соттарының алдында тұрған міндеттерді атап көрсетті.

«Қазіргі заманда Қазақстан соттарының алдында төмендегідей 

міндеттер тұр: біріншіден, заң үстемдігін қамтамасыз ету, бұл 

міндетті шешуде сот басты рөл атқарады. Екіншісі – судьялардың 

жауаптылығын күшейту, бұл олардың тәуелсіздігіне қол сұғу деген 

сөз емес. Үшіншісі – лайықты судьялар корпусын қалыптастыру. 

Төртіншісі – сот істерін қарау тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз 

ету. Ал, бесіншісі – бұл құқықтық ағартушылық мәселесі. Азаматта-

рымыздың құқықтық сауаттылығының арқасында сот дауларының 

санын айтарлықтай азайтуға болады», – деді Елбасы.

Съезд жұмысының тарихи салмағының артуына судьялардың 

жаңа Әдеп кодексінің қабылдануы өз үлесін қосты деп білеміз. Бұл 

әділдікті ту еткен қазіргі заман билерінің абырой биігінен көрініп, 

халыққа қалтқысыз қызмет етуіне жағдай жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет