Аңдатпа қысқа сипаттама ретіндегі құрылымы. Ғылыми шолу мәтіндерін құрастыру принциптері



бет3/3
Дата02.12.2023
өлшемі17,39 Kb.
#131509
1   2   3
Байланысты:
10 дәріс

3 мысал.
Бұл мақалада Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі өзгерістеріне орай кәсіби құзыреттіліктері қалыптасқан мамандарды үздіксіз білім беру жүйесінде дамыту мәселесі қарастырылады. Үздіксіз білім беру жүйесі үш кезеңнен тұрады: кәсіпке дейінгі дайындық, кәсіби дайындық және дипломнан кейінгі қосымша білім. Осыған байланысты, мектеп оқушыларын педагогикалық мамандыққа бағыттау, жоғарғы оқу орындарындағы педагогтарды даярлау бағдарламаларын әзірлеу, сонымен қатар біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру бағытының жұмыстарындағы қазіргі кезеңдегі түйткілді мәселелерге назар аударылады және өзіндік пікірлер ұсынылады.
Зерттеу мәселесіне байланысты мектеп тәжірибесінен алынған деректер, жоғары оқу орындары және біліктілікті арттыру саласы білім бағдарламаларына жасалған талдаулар қорытындылары келтіріледі, теориялық ұғымдарға қатысты талдаулар жасалып, ғылыми тұжырымдар беріледі. Бастауыш мектеп мамандарының біліктілік деңгейлері мен соларға сәйкес жасалған құзыреттіліктерінің авторлық моделі келтіріледі.
Түйін сөздер: үздіксіз білім беру; мамандыққа бағыттау; кәсіби даму; кәсіби құзыреттілік; сертификаттау.
4 мысал.
Қазіргі заманғы білім беру әр түрлі ғылымдардың таза прагматикалық деректерін ұрпақтан-ұрпаққа таратуға, білім, білік және дағдыларды беруге ғана емес, сонымен қатар жастарда оны қоршаған материалдық және рухани әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға, әр адамның біртұтас адамзат қоғамдастығына жататындығын түсінуге ықпал етуге, мәдени құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізумен айналысуы тиіс. Мұндай білім жаһандық білім деп аталады. Жаһандық білім берудің мәні - оқушыларда әлем туралы кең, жаңа түсінік қалыптастыру. Мақалада педагогтардың оқушылардың жаһандық құзыреттілігін дамытуда кәсіби - әдістемелік деңгейін жетілдірудің тетіктері мен тәжірибесі сипатталады.
Кілт сөздер: жаhандану, жаһандық құзыреттіліктер, жаһандық білім, кәсіби - әдістемелік құзыреттілік.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет