30-топ. Микоплазмалар(тенерикуттар): клетка қабықшалары жоқ бактериялар. Топқа клетка қабықшалары жоқ бактериялар топтастырылған, осы қасиетке байланысты олар Tenericutes бөліміне, Mollicutes класына, Mycoplasmatales қатарына жіктелген.
Бұл микроорганизмдердің клетка қабықшасы жоқ, сондықтан олар культуралды, цитологиялық қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Ол плеоморфизмнен білінеді. Бір мезгілде бір түрдің дақылында жіпше, таяқша, диск, эллипс, шар және ұсақ дәнек тәрізді клеткалар болады. Клеткаларының мөлшері бактериялар арасында ең ұсақ – 0,15-0,25 мкм. Грам-теріс. Әдетте қозғалмайды, бірақ кейбір түрлердің ылғалды бетте сырғанауға қабілеті бар, еріппелі жіпше тәрізді клеткалар айналып, иіліп және үдемелі қозғалады. Топырақта, лас ақаба суларда таралған. Кейбір түрлері паразиттер, мысалы, M. Pneumonia, ол адамдарда пневмония ауруын қоздырады. Туыстары: Acholeplasma, Anaeroplasma. Asteroleplasma. Mycjplasma. Spiroplasma. Ureaplasma.
Архебактериялар(мендозикуттар). Архебактериялардың клетка құрылысы мен пішіні жағынан прокариот-ты бактерияларға ұқсастығы бар. Мысалы, оларға да кокк, таяқша және иілген клеткалар тән. Сонымен қатар көп клеткалы, мицелиалды және трихомды клеткалар архебактериялар арасында кездеседі.
Клетка қабықшасында пептидогликан болмайды. Мембранадағы липидтердің құрамы да өзгеше. Онда майлы қышқылдар эфирлерінің орнына ди –және тетраэфирлер, мысалы, глицеиннің фитанилді диэфирі ( құрамына - спирттері бар) мен диглицериннің бифитанилді тетраэфирі болады. Мембрананың қалыңдығы бактериялардың мембранасна қарағанда жұқалау, 7 нм- ден аспайды, сондықтан мембрана липидті моноқабаттан тұрады.
Архебактериялар метаболизмі жағынан хемоорганогетеротрофтар, хемолитоавтотрофтар және хемолитогетеротрофтар болып келеді. Архебак-териялардың ішінде аэробтар мен анаэробтар да кездеседі.
31-топ. Метаногендер. Метаногендер деп метанды түзетін бактерия-ларды атайды. Ортақ қасиеттері: облигатты анаэробтар және метан түзуге қабілеттілігі. Оларға- Methanobacteriales,Methanococcales,Methanomicrobiales. Қатарлар 6-тұқымдас, 13 туыс және 40-тан астам түрлерге бөлінеді.