Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет65/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   80
Байланысты:
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Спецификалық трансдукция. Трансдукцияның бір түрінде фаг бекітілген жерінде орналасқсн гендер ғана тасымалданады. Спецификалық трансдукцияны лизогенді бактериялардың біркелкі фагтары жүргізеді.
Спкцификалық емес жалпы трансдукция. Бұл трансдукция түрін бактерия хромосомасында белгілі учаскеде орын алмайтын фагтар жүзеге асырады, бұл фагтар, әдетте автономды жағдайда болады. Алайда бұл жағдайда трансдукциялаушы фагтар бсктерия хромосомасымен фаг хромосомасы арасында болатын рекомбинация нәтижесінде түзіледі. Мұндай фагтар бактерия геномының әртүрлі учаскелерінде орналасқан түрлі гендерді тасымалдайды.
Трансдукцияның тағы бір түрі – абортивті трансдукция. Бұл жағдайда фагпен тасымалданған ДНҚ транскрипциялануы мүмкін, яғни өнімнің түзілуіне әкеп соқтырады. Алайда ДНҚ-ның репликациясы жүрмейді. Клеткалар үшін селективті қатты қоректік орталарда ұсақ колониялар өседі. Дегенмен , бірнеше рет генерациядан соң өсу тоқтайды.
Көптеген бактерияларда хромосомадан тыс тұқым қуалаушылық гендік заттартың болатын анықталды. Олар плазмидалар, транспозондар түрінде болады.Плазмидалар, транспозондар пластикалық және энергетикалық мета-болизмге қатысатын ферменттер синтезі бойынша ақпарат тасымалдамайтын болғандықтан бактерия жасушасының тіршілігіне қажетті генетикалық элемент болып табылмайды. Олар бактерияға селективті артықшылық қасиет қызмет атқарады, мысалы антибиотикке төзімділік қасиетін береді.
Плазмидалар хромосомамен байлансыпаған (автономды) немесе оның құрамына тіркескен (интеграцияланған) жағдайда болады. Автономды жағдайда олар өзінше репликацияланады. Транспозондар мен Is – тіркесім-дер өзінше репликациялануға қабілетсіз, әрқашанда хромосомамен байланысқан жағдайда болады.
Плазмидалар - реттеуші және кодтаушы қызмет атқарады. Екі тізбекті ДНК молекулалары. Олар бактерияларға аса қажетті қызметтерді кодтамайды, бактериялар қолайсыз жағдайларға ұшырағанда маңызды рөл атқарады. Біріншісі – иесінің жасушасының ДНҚ метаболизмінің бұзылыста-рының орнын толтырады
Плазмидалардың кодтаушы функциясы – бактерия жасаушысына жаңа ақпарат енгізуіне негізделген. Ол жаңа белгіге ие болумен, мысалы, пили түзілуі (F плазмида), антибиотикке резистенттілік (R плазмида), бактериоцин болу (Col плазмида) және т.б. көрінеді
Плазмидалардың автономды жағдайға көшуі, ондағы жазылған ақпараттың іске асырылуы жиі сыртқы орта әсеріне байланысты болады. Кейбір жағдайларда плазмидалық гендердің өнімдердің бактериялардың тіршілігін сақтауға мүмкіндік береді. Плазмидалық ДНҚ – ның өзінше репли-кациялануы ұрпақтың сақталуы мен таралуына мүмкіндік береді. Транс-позондар мен Is – тіркестер бактерия хромосомасының кез-келген жеріне тіркесе, плазмидаларды профоитар сияқты бактерия хромосомасының тек гомологиялық аймағына тіркеледі. Қазіргі кезде 200-ден астам плазмидалар анықталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет