Облигатты аэробтық организмдер тотығу реакциясы кезіндегі энергияны пайдаланады, мысалы, сірке қышқыл бактериялары этил спиртін сірке қышқылына дейін, ал кейбір зең саңырауқұлақтары қанттарды лимон, қымыздық, глюкон қышқылдарын түзгенге дейін тотықтырады.
Факультативті аэробтық организмдер тобына оттектің бар-жоғын талғамай тіршілік ететін организмдер жатады, мысалы, күкірт, темір бактериялары оттекті нитраттардан, сульфаттардан, т.б. қосылыстардан алады.
Аэробты микрорганизмдердің арасында ең маңыздысы фотосинтез процесіне қатысатын– цианобактериялар. Аэробтық организмдер табиғатта кеңінен таралған және ондағы зат айналымына үлкен әсерін тигізеді, мысалы, қарапайым аэробтық организмдер топырақтағы күрделі органикалық қосылыстарды өсімдіктердің жақсы сіңіруіне көмектесіп, топырақтағы түрлі ауру қоздыратын бактерияларды жояды. Аэробтық организмдерді өндірісте сірке суын алуға, ауыл шаруашылығында, т.б. қолданылады. Аэробтық организмдердің тіршілігіне ауаның құрамындағы оттектің белгілі мөлшері мен қысымы қажет, егер осы жағдай шамадан тыс өзгерсе, олар өліп қалады.
Анаэробтар, анаэробты микроорганизмдер — қоршаған ортада бос оттегі жоқ кезде өмір сүруге және көбеюге қабілетті микроорганизмдер; атмосфералық оттегі болмайтын жерде тіршілік етуге бейім микроағзалар. Анаэробты тыныс алу процесінде соңғы электронның акцепторы бейорга-никалық қосылыстардың оттегісі болады, мысалы нитрат, сульфат, фумарат, көмір-қышқыл газы. Реакцияның соңында судың орнына тотықсызданған өнімдер пайда болады. 1861 жылы Л.Пастер май қышқылын ашытатын бактерияны тапқаннан кейін анаэробты организмдер терминін ғылымға енгіз-ген. Анаэробты организмдер негізінен прокариотты және эукариотты организмдер арасында кең тараған. Олар ауа енуі қиын терең қабаттарда тіршілік етуге бейімделген.
Акцептордың түріне қарай анаэробты тыныс алуды облигатты және факультативті деп екіге бөлінеді.
Облигатты (нағыз) анаэробтар тек оттегі жоқ жерде ғана тіршілік етеді. Оларға май қышқылы бактериясы және сіреспе бактериялары жатады