Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен


Микроорганизмдерге құрғатудың әсері



бет71/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   80
Байланысты:
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Микроорганизмдерге құрғатудың әсері. Микроорга­низмдер спорасы денесінде ылғал кем болғандықтан, ұзақ жылдар бойына тіршілігін жоймай сақталады. Құрғату, әсіресе микроорганизмдердін вегетативтік клеткасына күшті әсер етеді. Әр түрлі микроорганизмдердің құрғақшылыққа қатысы да түрліше. Мәселен, сүт қышқылы бактериялары тіршілігін құрғақшылық жағдайда 10 жылдай жоймайды, туберкулез таяқшасы 3-9 айдай сақтайды. Құрғатқанда микроорганизмдердің тіршілік процесі өте баяулайды, көбеюі тоқталады. Сондықтан ет, балық, сүт, түрлі овощ және басқа да тағамдарды құрғату арқылы сақтайды. Тіпті шөпті шауып кептіру де микроорганизм-дердің осы қасиеттеріне негізделген.
Микроорганизмдерге жарықтың әсері. Жарық, негізінен зат алмасу процесінде жарық энергиясын пайдаланатын микроорганизмдер үшін ғана қажет, ал басқа микроорганизмдерге тікелей әсер ететін сәуле аса зиянды. Паразит бактериялардан гөрі сапрофит микроорганизм­дер күн сәулесіне төзімді келеді. Туберкулез таяқшалары, сүзек және топалаң микробтары күн сәулесінен тез қырылады. Шашырап түскен күн сәулесінің күші, тікелей түскен сәулеге қарағанда, әлсіздеу болатыны белгілі. Дегенмен, шашырай түскен сәуле ұзақ әсер етсе, микроорга­низмдер тіршшігі тежеледі. Сондықтан да лаборатория жағдайында микроорганизмдерді қараңғы жерде сақтаған жөн.
Күн сәулесінің осы қасиетінің гигиеналык маңызы бар. Сондықтан үй, мектеп салғанда жарықтын жақсы түсуін еске алады. Қараңғы бөлмелерге қарағанда, жарык бөлмелерде микробтар анағұрлым аз болады. Күн сәулесінің ультракүлгін, күлгін және көк құрам беліктерінің әсері күшті. Ультракүлгін сәуле тура түскенде микроорганизмдер тез қырылады. Бұл сәуленің осындай әсері суды, сүтті, тағамдық басқа да заттарды және аздап бөлмелерді зарарсыздандыруда тұрмыста кеңінен қолданылады. Ультра-күлгін сәуле микроорганизмдердің тек вегетативтік клеткаларын ғана емес, спораларын да қырады.
Ультракүлгін сәуленің мұнымен қатар кемшілігі де бар. Ол зарар-сыздаңдырылатын заттардың терең қабатына өте алмайды. Олардың беткі жағындағы микробтарды және олардың спораларын ғана жоя алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет