Қадыр мырза әлі өЛЕҢдерінің ОҚушылардың Өмірлік танымын қалыптастырудағы рөлі б. Т. Гумарова



жүктеу 30.63 Kb.
Pdf просмотр
Дата06.03.2017
өлшемі30.63 Kb.

ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛІ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨМІРЛІК ТАНЫМЫН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ 

 

Б.Т.Гумарова  

Орал қ. 

 

Білім  беру  ісіндегі  ұлттық  құндылықтарды  оқушы  санасына  сіңіру  барысында  халқымыздың 



мақтан  тұтар  әдебиет  майталмандарының  педагогикалық,  психологиялық  көзқарастарын  білу,  ұрпақ 

кәдесіне жаратудың маңызы өте зор. Қазіргі кезде осы бай мұраны  толық пайдалануға мүмкіндік туып 

отыр. 

Бүгінгі  жеткіншек  ұрпақтың  ертеңгі  күні  елімізді  өркендетудің  барлық  саласына  араласатын 



болашақ  маман  екенін  ескерсек,  мектеп  оқушыларды  көркем  шығармалар  ұлттық  тәрбиеге  оқыту  – 

тәрбиелеу  жұмысының  өзекті  компоненті  ретінде  назарда  ұстауы  тиіс.  Әрине,  бұл  жерде  балаларға 

арналған  тамаша  туындыларды  дүниеге  келтірген  Қадыр  ақын  шығармашылығының  оқушылардың 

дүниетанымын қалыптастырудағы зерттелуі өте маңызды. 

Өзінің  шығармашылық  жолында  адамгершіліктің  ақ  туын  жоғары  ұстап  келе  жатқан  ақын 

ағамыз Қадыр Мырза Әлі 1935 жылдың 5 қаңтарында Батыс Қазақстан облысының Жымпиты (қазіргі 

Сырым ауданы) Жымпиты ауылында дүниеге келген. 

Туған халқымыздың әдебиетінде бүгінде еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін есімі 

ауыздарынан  түспейтін  Қ.Мырза  Әли  шығармалары  -  көл,  теңіздері  шалқыған,  жасыл  ормандары 

жайқалған,  мәңгі  мұз  құрсанған  шыңдары  көк  тіреген  асқақ  таулары,  миуа  жемістері  тіл  үйіретін 

бақша-баулары мол, бір шетінен екінші шетіне бағыт түзеп ұшқан құстың қанаты талатындай өзінше 

бір әлем. 

Халқымызға,  әсіресе,  жерлестеріне  Қ.Мырза  Әлидей  ақынды  таныстырып  жату  артық  шығар. 

Себебі,  бүгінгі  ұрпақ  Қадыр  жырымен  сусындап  өсті.  ”Күміс  қоңырау”  ерекше  сыңғырымен  бала 

біткеннің  жүрегін  тербесе,  өлең  сүйетін  жұртшылық  ”Ой  орманын”  көріп,  ”Дала  дидарын” 

тамашалады.  Жыр  құстары  сайраған  ”Бұлбұл бағына”  кіріп,  ұлы  “Көшпен” бірге  ”Жерұйыққа”  сапар 

шекті. Иә, айта берсе, қазақ туралы, дала хақында атамекен жайында Қадырдан артық жырлаған ақын 

кемде-кем. 

Ә дегенде өз шығармашылығын балаларға арнап өлең жазудан бастаған Қадыр ақын жұртшылық 

тамсана оқитындай етіп, аз ғана уақыттың ішінде сәби, бүлдіршіндердің жасөспірімдер мен жастардың 

сүйікті  ақынына  айналды.  Оның  қаламынан  туған  ертегілер  мен  балладалар,  сюжетті  өлеңдер  мен 

пейзаждар,  мысалдар  мен  мазақтамалар,  жаңылтпаштар  мен  жұмбақтар,  санамақтар  мен  диалогтар 

қазақ балалар әдебиетінің классикасына қосылып, балалардың рухани тәбетін ашып, ой-санасын оятар 

хрестоматиялық үлгілерге айналды. 

Өз өмірінің, қала берді шығармашылығының саналы бөлігін балалар әдебиетіне  арнаған  Қадыр 

ақын ең алдымен тақпақ деген шағын өлеңдер жанрын қалады және оны ойдан оймыштап өрнектеді. 

Өйткені  шығармашылықтың  қай-қайсысы  болмасын  жас  бүлдіршіннің  тәтті  тілін  шығарудағы 

шеберліктен  артық  шеберлік  жоқ  екендігіне  әбден  көзі  жеткен.  Содан  болар  бірден  үлкендерге  өлең 

жазудан  гөрі,  алдымен  тілге  жеңіл,  көңілге  қонымды,  тапқыр  тақпақтармен  бастап,  балғын 

бүлдіршіндердің жүрегін жаулап алуды алдына мақсат тұткан ақын, оларды ана тілінде сөйлеп, ұлттық 

сана-сезімді ұғындырмақ болды. Бұл және өте қонымды да жарасымды шықты. 

Мына бір өлеңін оқып көрейік: 

...Қарайып жарқабақтан күн ыстаған, 

Қырдан қар төмеи карай жылыстаған. 

Төсеген жалпақ дала күнге жонын, 

Денесін жазайын деп

Кұрыстырған. 

Ала бұлт аспанның бір 

қабатындай, 

Акырын төмендейді конатындай. 

Күміс бу жер бауырлап 

Қозғалады, 

Көктемнің ұшып келген 

канатындай. 

Жаз келіп, 

көктем жылжып  жүре берер, 

Інідей орын берген ағасына. 

Осы  үш  шумақ  өлеңнің  өзінен  өмір  суретін  де,  өмір-тіршілігін  де,  жұмыр  ұйқасты  да  көре 

аламыз.  Тіпті  үлкен  мен  балалардың  тіліне  өзінен-өзі  оралып  жеңіл  жатталатын  етек-жеңі  жинақы 

тұлғасы да сондай тәтті, сондай сәтті шыққан. Ақынның алғашқы құт қадамы дүниеге осылай келген,  



Ал ақын «Бұлт» өлеңінде: 

Жалбыр-жалбыр жүні ұзын, 

Жабағыдай. 

Жөңкіген бұлт көк жүзіи 

Жабады удай. 

Тұрамыз. 

Кетеді деп 

Нұр селдетіп, 

Каламыз, 

Кетеді тек 

Құр желдетіп. 

Шөлдеткенде алтын күн 

Егістікті, 

Жауа алмаған бұлтыңның 

Несі мықты?! 

Міне,  шағын  өлең.  Жас  балғын  табиғатпен  тілдесіп  тұр.  Өкпесі  де  қандай  орынды.  Осылай 

сілтеген  акын,  бірте-бірте  балалар  киялыи  жіктектейтін  жұмақты  өлкеге  карай  жол  тартып  жөнеле 

береді.  «Көктемнен»  басталған  жыр  жинағы

 

«Жаңғалақтар»  жинағы,  («Кішкене  Қожанасырлар», 



«Ноян-қоян», өзінің ешкімге ұксамас жұмбақтарын арқалап «Алуан-палуан» жинағы күрделеніп өзінің 

«Табиғат»,  «Хайуанаттар»,  «Тіл»,  «Еңбек»,  «Ғибрат»  сияқгы  бес  сабағын,  арасында  сол  сабақтарға 

астасып  жататын  жұмбақтар,  жаңылтпаштар,  ертегі,  диалогтары,  мазақтамаларын  арқалап  «Сабақ» 

жинағы  одан «Омар мен Құмар», «Мешін және  адам» кітапшалары көрік береді. Бірінен  - бірі асып 

түсіп, бірінен-бірі қызықтыра  түсетін, құрылымы бөлек, арнасы алуан, айтатыны шалқар, шақпа тілді, 

балғын үнді татымы тапқыр, танымы шат-нұр, өзге дүниеге еніп кеткендей жинақтар, балғын ұрпаққа 

үстемелеп  әкелген  көкірек  жұбантып,  көз  қуаныштай  бал-бұл  жүздерін  құлпыртып  жібереді  және 

ақынның өзі де сан түлеп, әр көктемнің өзіндік жұпар ажарындай ашыла түседі, арқалана түседі. Сол 

арқаланған шабыттың шат-шадыман ортасынан ертеңгі өсіп келе жаткан ұрпақтарды есті жолға салып, 

тәрбиелейді.  Өзі  де  тірліктің  тірі  бейнесінің  әрбір  жанды  жібін  түрткілеп,  түрлентіп  отырғаны  аян. 

Өзіміз  байқап  отырғандай  тек  кана  кітапша  емес,  оның  жасалу  жолындағы  ұтымдылықты  да  алғаш 

біздің балалар әдебиетіне орнықтырған осы Қадыр ақын болатын. Сонау орыс ақындары Чуковскийлер 

мен Маршактардың ақындық жолдарының қазақтың топырағына алғашқы шыбығын тіккен осы Қадыр 

ақын  десек  оған  ешкім  де  таласа  қоймас.  Бұл  бізге  аз  олжа  болған  жоқ.  Бүгінгі  таңдағы  бірінен-бірі 

өткен тамаша балалар ақындарының көзін аштырып, көбеюіне жол ашты. Демек, Кадыр ақын бастаған 

үлкен  жол  үлгісін  өнегелі  калыпта  өрбітіп  жатыр  деуге  толық  хақымыз  бар.  Бұған  карап  балалар 

жырын құлпыртқан басқа да ақындарымыз жоқ деген сөз болмаса керек. Бұл Қадыр ақынның балалар 

әдебиетіне қосқан үлесіне берілген әділ бағасы. 

Бала - балғын шақ, одан кейінгі жасына қарай бозбала, жігіт, ағай, отағасы, шал, қария, ақсақал, 

алжыған  қу  қақпас  атаулары  ғұмырының  ұзын-қысқалығына  байланысты.  Он  томдық  таңдамалы 

шығармалар жинағының алғашқы екі кітабын балаларға арнаған Қадыр ақынды қалай балалар ақыны 

деп атамайсың... 

Қазіргі  қазақ  әдебиеті  бұлақтары  мен  өзендері  жан-жақтан  жамырап  құйып  жатқан,  шалқар 

айдыны шалқып алыстан жарқырай көрінген, ұшы-қиыры жоқ ұлы теңіз іспеттес. Ал бүгінгі есімі елге 

әйгілі Қ.Мырза Әлидің поэзиясы – сол теңізге сарқылмай келіп, сарқырай қосылған мол сулы да, нулы 

арналардың бірі. Ол арнаның тұңғиығына бойлап, тұнығынан жүзіп ішкендердің қай-қайсысы да одан 



жанына таусылмас нәр, тәтті кәусар алып, мейірлене бір шөлін қандырары анық. 

 

Әдебиеттер 

1.

 

Мырза Әли. Ақ отау: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1968 – 176 б. 

2.

 

Мырза Әли Қ. Күміс қоңырау: Өлеңдер, мысал, жұмбақтар.-Алматы: Жазушы, 1970.-376 б. 

3.

 

Мырза Әли Қ. Көш.-Алматы: Жазушы, 1973.-318б. 

4.

 

Мырза Әли Қ. Жерұйық: Жыр кітабы.-Алматы: Жалын, 1976.-184б. 

 


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет