Қабір азабынан, жаман халде қартаюдан сыйыну «Я, Алла! Ақиқатында, мен Саған сараңдықтан
сыйынамын, әрі Саған қорқақтықтан сыйынамын,
және Саған қаусаған қарт болып қалудан
сыйынамын, сондай-ақ Саған дүние бүлігінен және
қабір азабынан сыйынамын».
«Аллаһуммә, инни ә’узу бикә мин әл-бухли, уә ә’узу
бикә мин әл-жубни, уә ә’узу бикә мин ән ураддә
илә әрзәлил-’умури, уә ә’узу бикә мин фитнати-д-
дунйа уә ‘азәбил-қабр».
Алладан көркем құлшылық жасауда көмек сұрау «Я, Алла! Өзіңді зікір етуге, Өзіңе шүкір етуге әрі
Өзіңе көркем түрде құлшылық етуге маған жәрдем
бер».
«Аллаһуммә, ә’инни ‘алә зикрикә, уә шукрикә, уә
хусни ‘ибәдәтик».
Я, Алла! Мені Өзіңді әрдайым еске алушы, Саған
шүкір етуші, Саған бойсұнушы әрі Өзіңе қайтушы
қылғайсың. Уа, Раббым! Менің тәубемді қабыл ет,
күнәлардан тазала, дұғамды қабыл ет, дәлелімді
мықты ет, жүрегімді тура жолға сал, тілімді берік
қылғайсың және көкірегімнің кегін басқайсың.
«Аллаһуммаж-ъәлни зәккәрән ләкә, шәккәрән
ләкә, мутаууәъан ләкә, мухбитән иләйкә, әууәһән
мунибә. Рабби тәқаббәл тәубәти, уәғсил хубәти, уә
әжиб даъуәти уә сәббит хужжәти, уәһди қалби, уә
сәддид лисәни уәслул сәхимәтә садри».
Алладан Жәннатты сұрап, Тозақтан сыйынатын дұға «Я, Аллa! Расында, мен Сенен Жәннатты
сұраймын, әрі Оттан Өзіңе сиынамын!»
«Аллаһуммә инни әс-әлукәл жәннәтә уә ә’узу бикә
мин ән-нәр!»
Қарызға, уайымға батқан кісінің дұғасы «Я, Алла! Расында, мен Саған уайым-қайғыдан,
әлсіздік пен жалқаулықтан, сараңдық пен
қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығынан әрі
адамдардың жәбірлеуінен сиынамын» (Бұл жерде
адамдар жиі жағдайда не жәбірлеуші, не
жәбірленуші болатыны меңзеліп тұр. Аударманың
келесідей басқа нұсқасы да болуы мүмкiн: «...әрі
адамдардың арасында қор болған күйге
түсуімнен...»).
«Аллаһуммә инни ә’узу бикә мин әл-һәмми уәл-
хазәни, уәл-’ажзи уәл-кәсәли, уәл-бухли уәл-
жубни, уә далә’ид-дәйни уә ғаләбәтир-рижәл».