Қадір түні оқылатын дұғалар kz Дұғалар


Кедейліктен, жаман мінезден сыйыну



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата21.04.2023
өлшемі388,5 Kb.
#85447
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Кедейліктен, жаман мінезден сыйыну
Я, Алла! Менің дінімді дұрыс, үйімді кең,
ризығымды берекелі қылғайсың. Уа, Алла!
Қатыгездіктен, бейқамдықтан, қорлықтан және
кедейліктен Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа,
Алла! Кәпірліктен, пасықтықтан, мақтаншақ-
тықтан, сұмғадан және риядан Өзіңе сыйынып,
пана сұраймын. Уа, Алла! Керең, сақау, алапес
болуымнан және жаман аурулардан Өзіңе
сыйынып, пана сұраймын.
«Аллаһумма әслих ли дини уә уәссиъ ли дәри, уә
бәрик ли фи ризқи. Аллаһумма инни әъузу бикә
минәл-қасуати уәл-ғафләти уәз-зулләти уәл-
мәскәнәти, уә әъузу бикә минәл-куфри, уәл-фусуқи
уәш шиқақи уәс-сумъати уәр-рия-и уә әъузу бикә
минәс-сумми уәл-букми уәл-жузәми уә сәи-йил-
әсқам».
Ризық сұрау
Я, Алла! Көбейте гөр, кемітпе, сыйлы қыл да,
бейшара қылма, бере гөр де, тыя көрме, бізді
таңда да, құр қалдырма. Уа, Алла! Барлық
істерімнің соңын жақсарт. Дүние қорлығынан және
ақырет азабынан құтқар.
«Аллаһумма зиднә уә лә тәнқуснә, уә әкримнә уә
лә туһиннә, уә аътыйнә уә лә тәхримнә, уә әсирнә
уә лә ту-әссир ъаләйнә. Аллаһумма әхсин
ъақибәтәнә фил-умури куллиһә, уә әжирнә мин
хизид-дуния уә ъазәбил-әхира».
Жақсылық сұрау
Я, Алла! Жақсылықтың бастауы мен соңын, әуелгісі
мен ақырғысын, әшкересі мен жасырынын,
Жәннаттағы биік дәрежелерді сұраймын. Менің
зікірімді жоғарылатып, ауыртпалығымды таста,
жүрегімді тазалап, әурет жерімді сақта және
күнәларымды кешір.
«Аллаһумма инни әс-әлукә фәуәтихәл-хайри уә
хауәтимәһу уә жауәмиъәһу, уә әууәләһу уә әхираһу
уә заһираһу уә бәтыйнәһу, уәддәражәтил-ъулә
минәл-жәннәһ. Аллаһумма инни әс-әлукә ән
тарфәъә зикри, уә тәдаъа уизри, уә тутаһһира
қалби, уә тухассинә фаржи, уә тәғфира ли зәнби».
Қиыншылықтан, бақытсыздықтан сыйыну
Я, Алла! Сынақ қиыншылықтарынан,
бақытсыздықтардың жалғасуынан, тағдырдың
жамандығынан, дұшпандардың басынуынан Саған
сыйынып, пана тілеймін. Уа, жүректерді
құбылтушы Алла! Жүрегімді Өз дініңе орнықтыр.
Уа, жүректерді бағыттаушы Алла! Жүректерді Өз
тағатыңа бағыттағайсың.
«Аллаһумма инни әъузу бикә мин жәһдил-бәлә-и,
уә дәркиш-шиқа-и, уә су-ил-қада-и, уә шәмәтәтил-
әъдә. Аллаһумма муқаллибәл-қулуби сәббит қалби
ъалә диник. Аллаһумма мусаррифәл-қулуби
сарриф қалби ъалә таъатик».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет