Адресанттың академиялық шешендігі сөйлемнің көркемдік және



Дата04.04.2022
өлшемі13,45 Kb.
#29780

22. Академиялық шешендік өнер

Шешендік өнер әлеуметтік өмір салаларында. Академизм түсінігі. Академиялық тіл. Шешендіктану – академиялық салада.Ғылымның кез келген салаларындағы әдеби тіл негізінде жасалған баяндамалар мен хабарламалар, шаршы топтың алдында оқылған дәрістер, сот үдерісіндегі қорғаушы, қаралаушы немесе айыпталушының сөзі академиялық шешендіктің көрсеткіші бола алады.

Адресанттың академиялық шешендігі сөйлемнің көркемдік және

Мазмұндық, сондай – ақ жаңашылдық сипатымен, қоғам тынысын айқын ашуымен, ғылыми тұжырымдарының тереңдігімен өлшенеді.

Академиялық шешендік өз бастауын халықтың шешендік өнерінен алады. Қарсыласын мойындататындай нақты дәлелдерге құрылған шешендік сөздер ұлттық ділімізді көрсетіп қана қоймай, көркем әдебиетіміздің бастауы да бола білді. Саясатқа қатысты, ел ішіндегі дауға қатысты, діни уағыздарға қатысты айтылған шешендік сөздер қолданыс орны мен мағынасына қарай бір-бірінен ерекшеленіп отырған. Терең ой, тапқыр қисын, ұтқыр шешімге құрылған шешендік сөздер халық ауыз әдебиетінің жемісі болса, кейін жазба әдебиеті қалыптасқан уақытта академиялық шешендік, тіл мәдениеті сияқты ұғымдар қалыптасты. Академиялық шешендік сөйлеудің басқатүрлеріне қарағанда қисындылығымен, ғылымилығымен, терең дәлелділігімен ерекшеленеді. Сөйлеушінің академиялық шешендігі

Баяндаудың түсініктілігі, айқындық, эмоционалдылық сипаттарынан



Аңғарылады.

Академиялық шешендік өзіне тән стильде баяндалып, тыңдармандарды сендіре алатындай терең дәлелге құрылады, соған сай логикалық мәдениеттің сақталуы талап етіледі. Академиялық шешендікте адресант адресатты өзіне баурап қана қоймайды, айтылған ойдың қалтқысыз шындық екеніне иландырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет