А.Ә. Ниязғалиева, Г. Г. Тҧрғаналиева



Pdf көрінісі
бет127/200
Дата06.01.2022
өлшемі1,37 Mb.
#14641
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   200
1.  Фразалық  тҥйдектер.  Бұлар  тұрақты  сҿз  тіркестерінің 
қатарына жатады. Құрамындағы сҿздердің жеке мағыналары мен 
жалпы  түйдек  қалпында  берілетін  ауыспалы  мағыналардың 
арасында  жақындық  бар.  Қалыптасу  ерекшеліктеріне  қарай 
говордағы фразалық түйдектерді мынадай түрге бҿлуге болады. 
а) Құрамындағы сҿздері жеке алғанда ҽдеби тілде кездесетін 
фразалық түйдектер. 
Ақ иық болу – жария, таныс болу. Бірақ Сатаев та, Қожақаев 
та тартымды еш нҽрсе айта алған жоқ, ұзақ цифр айтыла-айтыла 
ақ иық болған факт (―С.А‖ 15.7.2010). 


131 
 
Аяғынан  тозу  –  тарап,  ыдырап  кету.  Еңбексіз  жүргендіктен 
отбасы аяғынан тозып кете жаздады (Ақт., Байғ.). 
Ақырет  кӛру  -  азап  кҿру.  Арнаулы  үйдің  жоқтығынан 
ҽркімнің тастанды үйін иеленіп, ҿте ақырет кӛріп келеді. 
Бой қаққан – арпалысқан. Біздің ҽскерлер кешегі  бой қаққан 
ұрыстарда  жауға  қалдырған  жерлерді  қайта  қайтарып  алумен 
бірге жҽне бірнеше хуторларды босатты (Ҽ.Нұрпейісов). 
Бҧлды сатпайы болу – бетімен лағатындар, артық сҿйлеушілер. 
Бҥйірін шертіп шығу. Тойып шығу, күйлі шығу (мал туралы). 
2009  жылдың  қысында  Қатшаның  малдары  бҥйірін  шертіп 
шықты
Айшығы айналып жҥру. Шаршап, азып-тозып жүру. 
Аяқ ҥстінде жҥру. Бос жүру. Ол бойлай аяқ ҥстінде жҥреді 
(Орал, Жымп). 
Ай ҥйлі болып кету. (Орын., Ад.). Азып–тозып кету. 
Иттің ҧлы байғотан – кез келген адам. Иттің ҧлы байғотан 
барып жатыр емес пе? (Моңғол қаз.). 
Не  атамда,  не  ботамда  жоқ  –  бұрын  болмаған  нҽрсе, 
тұтқиылдан кенет болған нҽрсе. Не атамда, не ботамда жоқ еді, 
бұл пҽле қайдан шықты (Қарағ., Шет). 
Ерекше  қолтыққа  алу  –  ерекше  қамқорлыққа  алу.  Ҽсіресе, 
білімі  тҿмен  жас  мұғалімдерді  ерекше  қолтыққа  алсын  (Қ.орда, 
Арал) 
Жедел  беру  –  нұсқау  беру.  Сол  бетімен  тұз  тресінің 
директорына  келіп,  тағы  да  жұмысқа  бағдар  айтып,  директорға 
жедел берді
Жҧбатқа  алу  –  кҿңілін  аулау,  жұбату.  Сҿйтіп,  олар  баланы 
жұбатқа алады (Қ.орда, Арал). 
Илалап алу – жайлап салу. Дүйсен, атыңның тоқымын илалап 
сал (Қ.орда, Арал) 
Кӛңілі  біту  –  кҿңілі  толу,  тыну.  Полк  солдаттары  мен 
офицерлерінің 
азық-түлік 
жабдықтау 
ісінің 
бастығы 
Зильберманға да бірінші рет кӛңілдері біткен (Ҽ.Нұрпейісов). 
Мелшесінен  сҥзу  –  белшесінен  бату.  Матай  Ерімбетұлы 
байлықты  мелшесінен  сҥзіп,  жақын  жылдарда  алдына  1000  қара 
айдап... жүрген байдың ҿзі де.  
Мҧрындық  бере  білу  –  мұрындық  болу,  қол  ұшын  беру. 
Жазғы  маусымдағы  қарқынды  күшейтіп,  балық  аулауға 
балықшылардың  100  процент  шығуына  мҧрындық  бере  білулері 
міндет. 


132 
 
Сҧрам  беру  –  бағынбау,  тыңдамау.  Ертеректе  Жанғожа 
патшаға сҧрам бермей, қарсы тұрды (Қ.орда, Қарм.). 
Бала  иығы  болу.  Жҽрдемші  болу.  Зейнеш  маған  бала  иығы 
болды, енді мен жұмыс жасауды қойдым (Орал, Чап.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет