Тақырыбы: Шешілетін және нильпотентті Лейбниц алгебралары.
Мақсаты: Шешілетін Лейбниц алгебрасы, нильпотентті Лейбниц алгебрасы ұғымдарымен, оның мысалдарымен және қасиеттерімен танысу.
Тапсырмалар, сұрақтар:Шешілетін Лейбниц алгебрасы, нильпотентті Лейбниц алгебрасы ұғымдарына анықтама беру, олардың мысалдарын және қасиеттерін қарастыру.
Орындауға әдістемелік нұсқаулар: Тапсырмаларды келесі ретпен орындаған қолайлы болады:
- төменде көрсетілген әдебиеттерденш шешілетін Лейбниц алгебрасы, нильпотентті Лейбниц алгебрасы ұғымдарының анықтамаларын тауып, конспект дайындау;
- төменде көрсетілген әдебиеттерден шешілетін Лейбниц алгебрасы, нильпотентті Лейбниц алгебрасы ұғымдарына мысалдар тауып, конспект дайындау;
- төменде көрсетілген әдебиеттерден шешілетін Лейбниц және нильпотентті Лейбниц алгебраларының қасиеттерін тауып, конспект дайындау;
- дайындалған конспектіні түпнұсқамен тағы бір салыстырып, есептеулерді тағы бір тексеріп, қате тұстарын дұрыстау;
- дайындалған конспектіні түсінгенше қайталап оқу.
- материалдың түсінбеген тұстары бойынша оқытушыдан кеңес алу үшін сұрақтар дайындау.