«Ақерке бөбекжай» кмқК директоры А. Назирова



бет12/51
Дата06.09.2022
өлшемі388,79 Kb.
#38510
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51
Міндеттері

  • Қазақтың ұлттық ойындары арқылы баланың денсаулығын нығайту, шыңдау.

  • Тыйым сөздер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жырлар арқылы

  • ана тілін жетік меңгерту, сөздік қорларын байыту.

  • Ұлттық бұйымдарды,заттарды дұрыс пайдалана білуге,тануға ұмтылдыру.

  • Қарындаш, ермексаз, түрлі қағаздар арқылы ұлттық әшекейлерді бұйымдарды жасату арқылы шығармашылық мәдениеті мен елестету қабілеттерін дамыту.

  • Ұлттық тәлім-тәрбие арқылы жағымды мінез-құлық қалыптасқан, Отансүйгіш, ұлтжанды,үлкенді құрметтей, кішіге қамқор бола білетін тұлға қалыптастыру.

Осы бағытымызға байланысты бөбекжайда мұражай ашылды. Мұражай іші ертеде ата-бабаларымыз күнделікті тұрмыста пайдаланған ұлттық бұйымдар, тұрмыстық заттар, ұлттық киімдермен, киіз үй жабдықтарымен, мал әбзелдерімен жабдықталған. Мұражай этнопедагогика бағытында тәрбие беру ортасы ретінде кішкентай бүлдіршіндеріміз ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін естіп қана қоймай, көздерімен көріп танып білуіне жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес елдегі беделді тілдің бірі – халықаралық қатынастағы ағылшын тілі болып саналады. Ағылшын тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту сәбилердің коммуникативті даму біліктілігін арттырады, қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Ағылшын тілінде қатынас жасау мақсатқа сай болуы тиіс. Баланың шет тіліндегі сөздерді қабылдауының оң ыңғайын жасау керек. Бөбекжайда «Ағылшын тілін үйренейік» вариативтік компоненттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді. Осы бағдарламаны іске асыру баланың одан әрі әлеуметтік, тұлғалық, танымдық дамуына, көптілді және көпмәдениетті заманауи әлемде оның алғашқы бейімделуінің пайда болуына мүмкіндік береді. Балалар ағылшын тілінде тақпақтар жаттап, 1 ден 10-ға дейін санауды, түстерді ажыратуды, өздерінің аты-жөнін айтуды, отбасы мүшелері, жыл мезгілдері туралы мәліметтерді алып, сөздерді жатқа айтуды үйренді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет