«Ақерке бөбекжай» кмқК директоры А. Назирова


«Тілдер туралы» Заңының орындалуы және көрсеткіші туралы мәліметі



бет13/51
Дата06.09.2022
өлшемі388,79 Kb.
#38510
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51
2.2.9. «Тілдер туралы» Заңының орындалуы және көрсеткіші туралы мәліметі
Бөбекжайда Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңының орындалысы бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. Біздің бүгінгі бүлдіршіндер - Қазақстанның болашағы. Кез-келген қоғамдағы азаматтыққа және патриоттыққа тәрбиелеудің маңызды факторларының бірі өз мемлекетінің ана тіліне деген құрметі болып табылады. Бала өзінің ана тіліне жастайынан үйренсе, соғұрлым ол тілді меңгеру де оңай болмақ. Бөбекжайда білім мен тәрбие мемлекеттік тілде жүргізіледі. Арнайы пән мұғалімдері жұмыс жасайды. Барлық құжаттар, ата-аналарға ақпараттар екі тілде жүргізіледі. ІІ кіші, ортаңғы, ересек топтарда «Орыс тілі» мен қатар ересек топта ағылшын тілі ұйымдастырылған оқу қызметі жүргізіледі. Қазақстан Республикасының тілдер күнін бөбекжайда атап өту, тәрбиеленушілердің бойында тілге деген сүйіспеншілік, өзге тілді үйрене отырып өз тіліне құрметпен қарау сезімін ояту мақсатында бөбекжайда «Тілім менің байлығым» тақырыбы бойынша апталық іс-шаралар жоспары жасалды.
Жоспар бойынша бөбекжай әкімшілігі Тілдер мерекесіне байланысты Топар кентінде өткізілген іс-шараларға қатысты.
18 қыркүйек күні бөбекжайда Тілдер мерекесіне байланысты өтетін апталықтың ашылу салтанаты болды. Апталықтың ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнімен басталды. Әдіскер К.О.Жылкыбаева мемлекеттік тіл мәртебесі және өзге ұлт тілдеріне деген құрмет туралы айта келіп, тәрбиеленушілер мен педагогтарды Қазақстан Республикасының Тілдер күнімен құттықтады. Сонымен қатар, аудандық білім бөлімінің Қазақстан Республикасы тілдер күнін атап өтуге арналған іс-шаралары жоспары аясында бөбекжайда «Тілім менің байлығым» тақырыбы бойынша мерекелік апталық өтетінін және апталықтың жоспарымен таныстырып өтті. 18-22 қыркүйек аралығында бөбекжайдың тәрбиелік шаралар кестесіне сәйкес барлық топтарда «Тілдер достығы - ел бірлігі» тақырыбында тәрбиелік шаралар өтті.
19 қыркүйек күні «Ұлттарды біріктірген – ұлы тіл» атты ата-аналар мен тәрбиеленушілердің қатысуымен сурет көрмесі өтті. Көрмеге 18 ата-ана, 31 тәрбиеленуші қатысты. Ата-аналар өз қолдарымен салған суреттерді тамашаласа, педагогтар Қазақстан Республикасында тұратын әр түрлі ұлт өкілдерінің достығы туралы тәрбиеленушілер мен ата-аналарға әңгіме – сұхбат жүргізді.
20 қыркүйек күні ағылшын тілі мұғалімі А.Берлибаева «What? Where? When?» тақырыбында «Ақбота» ересектер тобында ұйымдастырылған ашық оқу қызметін өткізді. Онда тәрбиеленушілер үш тілде заттардың атауын атап, тіл туралы үш тілде тақпақтар айтып, дидактикалық ойындар ойнады. Тәрбиеленушілердің қызығушылығы өте жоғары деңгейде болды.
21 қыркүйек күні «Қазына» ІІ кіші тобында орыс тілі мұғалімі М.Зейтова «Даша в гостях у ребят» тақырыбында ашық ұйымдастырылған ашық оқу қызметін өткізді. Онда тәрбиеленушілер тіл туралы тақпақтар айтып, мемлекетімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің тілі, тұратын үйі туралы екі тілде мәлімет алды. Ұйымдастырылған ашық оқу қызметіне тәрбиеленушілер қызығушылықпен қатысып отырды. Осы күні педагогтармен «Тіл–біздің тұтастығымыз» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында педагогтар «Тілдер туралы» заңның баптары бойынша дайындалған сұрақтарға жауап беріп,мемлекеттік тіліміздің қазіргі күндегі қолданысы туралы өз ойларын ортаға салды.
22 қыркүйек күні музыка жетекшісі Г.Салауатованың ұйымдастыруымен ортаңғы және ересек топ тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбында мерекелік ертеңгілік өткізді. Оған 38 тәрбиеленуші қатысты. Мерекелік ертеңгілік үш тілде жүргізіліп, тәрбиеленушілер үш тілде тақпақтар, ән айтып, би биледі. Мереке тәрбиеленушілерге жақсы көңіл-күй сыйлады.
Тұңғыш Президент күніне орай іс-шаралар жоспары жасалынып, «Елбасы еңбектері» кітаптар көрмесі өтті. Тәрбиеленушілерге елбасы туралы мәліметтер беріліп, Елбасының өмір жолымен таныстырылып, тәрбиеленушілер елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың туындыларымен танысып, мәліметтер алды. 28 қараша күні тәрбиешілер С.О. Акишова, С.Б.Абдуллаевалар «Еркетай» ортаңғы және «Қарлығаш» ІІ кіші топтарында «Елбасым-мақтанышым», «Туған елім-Қазақстан» тақырыптарында ұйымдастырылған оқу қызметін өткізіп, тәрбиеленушілерге Елбасымыз туралы мәлімет беріп, осы жылдар ішінде жасаған жұмыстарын слайд арқылы көрсетіп, балалар елбасы туралы тақпақтар айтты. 29 қараша күні музыка залында «Елін сүйген Елбасы!» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Ертеңгілікте балалар Елбасы туралы тақпақтар айтып, би билеп, ән салды.
Тәуелсіздік мерекесіне орай 12 қараша күні «Тәуелсіз елім-Қазақстан» тақырыбында тәрбиеленушілер мен ата-аналардың бірлесе салған суреттері бойынша сурет көрмесі ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілерге Тәуелсіздік туралы түсінік бере отырып, елін, жерін сүйетін ұлтшыл патриот тәрбиелеу, өз елінде тұрып жатқан барлық ұлт өкілдеріне құрметпен қарау болып табылады.13 желтоқсан күні «Қарлығаш» ІІ кіші тобында тәрбиеші К.Н.Муканова «Менің сүйікті туған жерім!» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізіп тәрбиеленушілерге туған жері топар кенті туралы мәліметтер берді.
14 желтоқсан күні «Қазына» ІІ кіші тобында тәрбиешісі Г.Б.Серік «Тәуелсіз елім-тірегім!» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізсе, осы күні музыка жетекшісі Г.Салауатованың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздігімді жырлаймын!» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Онда тәрбиеленушілер тәуелсіздік туралы тақпақтар айтып, көрініс қойды. Мереке соңы әсем әнмен биге ұласты. Мереке жақсы көңіл күй сыйлаған балалардың қуанышынде шек болмады. Тәуелсіздіктің мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік шаралар бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп, оған педагогтар ұжымы мен тәрбиеленушілер түгелдей қатысып, үлкен белсенділік көрсетті.
Қазақтың ұлттық құндылықтарын паш ететін ұлттық мереке Наурыз мерекесі үнемі тойланып тұрады.
Балалар:

  • Қазақтың ұлттық ойындарын біледі, жақсы көреді және ойнайды;

  • Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін тарихын біледі;

  • Қазақстанның Қызыл кітаапқа енген жануарлар мен өсімдіктерін біледі;

  • Қазақ эпостарындағы батырларды, билерді біледі;

  • Елеулі халық қаһармандарын, тұңғыш ұшқыштарын, олардың Қазақ еліне сіңген еңбектерін біледі;

  • Қазақстан ағартушыларын, өнер адамдарын танып-біледі.

Арнайы мұражай кабинетінде этнопедагог К.Муканова ересектер мен ортаңғы тобының балаларымен жұмыс жасайды. Мұражай бөлмесі аудиомагнитафон, әдістемелік және көрнекілік құралдар, ұлттық тұрмыстық бұйымдар, үй жабдықтары, дидактикалық электронды құралдар мен балаларға арналған ертегі кітаптар, ойыншықтармен толығымен жабдықталған.
Наурыз – Жер бетіндегі барлық адамдардың ынтымақтастық, татулық және табиғат мейрамы, үйлесімдік, шұғыла және мейірімділік мейрамы! Құт пен бақ дарыған ұлыстың ұлы күні деп бұл мерекені әр жылы асыға күтетініміз шындық. Осы ұлыстың ұлы күні қарсаңында барлық топтарда "Наурыз-жыл басы" жылжымалы папка, тәрбиеші А.Куршибаева «Қазына» ІІ кіші тобында «Наурыз – жыл басы» тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызметі және әжелер арасында «Өнерлі әжелер» отбасылық сайысы өтті. Сайыстың мақсаты ата-анамен тәрбиеші, бала мен ата-ана, бала мен тәрбиеші арасындағы ынтымақтастықты нығайту, «Отбасы-балабақша» жобасы аясында ата-аналардың ұлттық құндылықтарға қызығушылықтарын ояту, ата-ана мен тәрбиешінің бірлескен іс-әрекеті негізінде балалардың бойына осы құндылықтарды сіңіру болып табылады. Сайысқа қатысқан отбасылар өздерін жан-жақты қырларымен көрсетті. Өздерін сызылта салған әнімен, көркем сөздерімен таныстырған сайыскерлер, салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, үй тапсырмасын орындау барысында бала тәрбиесіне байланысты көрініс көрсетті. Сайысқа қатысқан әжелерге топтардың ата-аналар комитеті демеушілік танытып сыйлықтар берді. Бала тәрбиесіне ықпал ететін осындай шаралар жиі өткізіліп тұрса, ата-ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастық нығая түседі деп ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет