«Ақерке бөбекжай» кмқК директоры А. Назирова


-2019 оқу жылында аттестаттаудан өтетін педагогтардың тізімін қарастыру және бекіту



бет17/51
Дата06.09.2022
өлшемі388,79 Kb.
#38510
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
2.2.11. 2018-2019 оқу жылында аттестаттаудан өтетін педагогтардың тізімін қарастыру және бекіту
Педагог қызметкерлерді аттестаттау біліктілік деңгейін, кәсіби құзырлығы іс-әрекеттерінің нәтижелілігін және сапасын талдау, оның әдістемелік тәжірибе эксперимент және ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысу негізінде зерделенеді және негізгі лауазымы бойынша бірдей санат берілуімен өткізілді. Аттестаттау комиссиясының жұмысы қазан және наурыз айы аралығында ұйымдастырылды, бұйрықпен комиссия құрамы бекітілді.
Аттестаттау комиссиясы Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына сәйкес жұмыс жасайды.
Аттестаттау комиссиясының жұмысы келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

  • нормативтік талаптар деңгейіне жеткеніне сәйкес бағалау дәрежесін қорытындылауда педагогикалық қызметкерлердің шынайы кәсіпкерлік деңгейін белгілеу.

  • Білім беру қызметкерлеріне кәсіптік деңгейге сәйкес, біліктілік санатын беру.

  • Педагогикалық қызметкерлердің кәсіптік мәдениетін дамыту, педагогикалық кадрларды жаңа психологиялық, педагогикалық, ақпараттық технологияны меңгеруге бағдарлау, білім беру қызметкерлерінің кәсіптік-тұлғалық әлеуетін іске асыру.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығы ҚР «Еңбек Кодексінің» 139 бабының 7-тармағына және Қазақстан Республикасынң 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес әзірленген. Бұл ережеде мектепке дейінгі тәрбие және білім беру және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерді аттестаттау тәртібі анықталған.
Ережеге сәйкес аттестаттаудың алдыңғы аттестаттау мерзімі аяқталғаннан кейін, 5 жылда кемінде бір рет өткізіледі.
Бөбекжайда 13 педагог жұмыс жасайды. Оның ішінде 1 педагог І-санатты, 1 педагог І санатты, 6 педагог екінші санатты, 5 педагог санатсыз. 2017-2018 оқу жылына 5 педагог өтініш берген болатын. Оның біреуі жұмысты ауыстыруына байланысты, басқа балабақшаға ауысса, екінші педагог өз еркімен бас тартты. 1 педагог Жылкыбаева Казына Оразалиевна І санатқа, 2 педагог Абдуллаева Светлана Бердикуловна, Акишова Саркыт Орымбековна ІІ санатқа берген өтініштері қаралып, қазіргі таңда барлық құжаттар папкасы аудандық білім бөліміне тапсырылды. Нәтижесі шілде айында анық болады.
2018-2019 оқу жылына 1 педагог аттестаттауға өтініш берді. Ол:

Педагогтың өтініші аттестаттау комиссиясына қарауға жіберілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет