«Ақерке бөбекжай» кмқК директоры А. Назирова


Жылдық жоспардың негізгі бөлімдері



бет2/51
Дата06.09.2022
өлшемі388,79 Kb.
#38510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Жылдық жоспардың негізгі бөлімдері

І. Педагогикалық қызметті ұйымдастыру

1.1.

Әдістемелік деңгейін және кәсіби біліктілігін арттыру.

1.2.

«Қазақстан Республикасының Тілдер туралы», «Баланың құқықтары туралы », «Мемлекеттік рәміздер» Заңдарының орындалуы.

1.3.

Әдістемелік кабинет жұмысының ұйымдастырылуы мен мазмұны

1.4.

Психологиялық- медициналық- педагогикалық консилиум

1.5.

Педагогикалық кеңестер

1.6.

Мектепке дейінгі мекеменің ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері

1.7.

Семинар-практикум

1.8.

Кеңестер

1.9.

«Тәлімгер мектебі» жұмысы

1.10

Бақылау және басқару

ІІ. Балалардың өмірін қорғау және денсаулығын нығайту

ІІІ. Қоғамдық және отбасылық тәрбие

ІV. Мектеп пен балабақша сабақтастығы

V. Мерекелер мен ойын-сауықтар

VІ. Материалдық-техникалық базаны нығайту



ІІ. Өткен оқу жылының тәрбиелеу мен оқыту жұмысы бойынша талдауы
2.1. Бағдарламаның барлық бөлімдері бойынша білім беру салаларының мониторингі:
Бөбекжайдағы жемісті жұмыстарының көрсеткіштерінің бірі, балаларды мектепке сапалы дайындау болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беруге жүргізілетін мониторинг балалардың бес білім беру саласы бойынша даму динамикасын қадағалауға мүмкіндік берді. Тәрбиеленушілердің білімін мөлшерлеуші ретінде, балаларды жетілдіруді дамыту деңгейінің диагностикалық картасы қолданылады. Бұл үшін барлық жастағыларды зерттеу картасы әзірленген. Мөлшерлеу құралы болып, әр түрлі тақырыптағы тапсырмалар, 5 білім беру саласы: «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» салалары бойынша әр түрлі жастағы топтарда жүйелендірілген дидактикалық материалдар қолданылады. Балаларды бақылау әңгілелесу, бала әрекетінің өнімдерін талдау, диагностикалық жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Тексеру нәтижелеріне өтпелі тақырыптық есеппен қорытынды жасалады және одан әрі жұмыс істеу үшін түзетулер енгізіледі.
Мектепке дейінгі білім беруде сапалы қызметті қамтамасыз етуде мектепке дейінгі жастағы балалардың біліктері мен дағдыларын дамытудың маңызы зор. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап, республиканың мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің мектепалды даярлық сыныптарындағы балалардың даму деңгейлеріне мониторинг жүргізудің біріңғай жүйесі енгізілді. Индикаторлар – білім беру салалары бойынша баланың жасына сәйкес күтілетін нәтижелерге жету көрсеткіштері. Күтілетін нәтижелер баланың әр жас топтарына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған. Баланың күтілетін нәтижелерге жетуі педагогтың баланың дамуын үнемі бақылауы яғни диагностика арқылы іске асырылады. Мониторинг баланың біліктері мен дағдыларының даму динамикасын оның түзетуді қажет ететін ерекшеліктерін ашуға, өзара әрекет ету тәсілдерін өзгертуге, педагог тарапынан қамқорлық пен көңіл бөлуді ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, жүйелі бақылау ретінде қарастырылады. Балаларды жектілікті дамытуды бағалау үшін, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына қосымша ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292 қаулысы  талаптарына сәйкес тәрбиеленушілердің білімін бағалау өлшемдері қолданылады. Балаларды тәрбиелеу мен оқыту деңгейлерін қадағалау баланың жасына сәйкес жетістіктерінің мониторингі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы дайындаған Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын игеру бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымына сүйеніп жасалынды. Стандарт талаптары бала дамының 3 деңгейі болуын қарастырады және бала жетістіктерінің мониторингі негізінде жасына сәйкес іске асырылады:
1) 1-деңгей – бала белгілі бір қимыл мен біліктерді қайталай алады;
2) 2-деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие;
3) 3-деңгей – бала өзінің білетінін жасай алады, білімін өз бетінше шығармашылықпен қолданады.
Диагностиканы жүргізу кезеңдері: жылына 3 рет – оқу жылының басында, ортасында және соңында жүргізіледі.
- бастапқы – қыркүйек;
- аралық – қаңтар;
- қорытынды – мамыр.
Индикаторлар көрсеткіш ретінде баланың даму мониторингін қамтамасыз етеді және оның жеке дамуын жоспарлауға негіз болып табылады. Осы диагностика негізінде тәрбиеші, психолог және педагог мамандармен бірге Үлгілік бағдарлама мазмұнын меңгеру деңгейін анықтады. Нәтижесінде оқу жылының соңында «Балбөбек» І-кіші тобының МЖМБС талаптарына сай төрт білім беру салалары бойынша балалардың білім көрсеткіші І-деңгей 40%, ІІ деңгей 40%, ІІІ деңгей 20%-ды құрады. Балалар не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие. Тәрбиеленушілермен жүргізілген мониторинг нәтижесінде балалардың білім-біліктілік дағдысының даму деңгейі төмен деңгейде екенін, тілдік дағдылары мен танымдық дағдыларын дамыту жұмыстарын жандандыру қажет екені анықталды. «Қарлығаш» ІІ кіші тобында ІІ деңгей-45%, ІІІ деңгей-55%-ды құрады. Балалар не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие, сонымен бірге бала өзінің білетінін жасай алады, білімін өз бетінше шығармашылықпен қолданады.«Қазына» ІІ кіші тобында І-деңгей 20%, ІІ-деңгей-25%, ІІІ-деңгей 55%-ды көрсетті. «Қазына» ІІ кіші тобында тәрбиеленушілермен жүргізілген мониторинг нәтижесінде балалардың білім-біліктілік дағдысының даму деңгейі төмен деңгейде екенін, тілдік дағдылары мен танымдық дағдыларын дамыту жұмыстарын жандандыру қажет екені анықталды. «Еркетай» ортаңғы тобында ІІ-деңгей 32%, ІІІ-деңгей 68%-ды көрсетті. «Еркетай» ортаңғы тобында тәрбиеленушілермен жүргізілген мониторинг нәтижесінде балалардың білім-біліктілік дағдысының даму деңгейі жоғары деңгейде екенін, балалар не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие, сонымен бірге бала өзінің білетінін жасай алады, білімін өз бетінше шығармашылықпен қолданады. «Ақбота» ересектер тобында І-деңгей 6,25%, ІІ-деңгей 18,75%, ІІІ деңгей 75%-ды көрсетті. «Ақбота» ересектер тобында тәрбиеленушілермен жүргізілген мониторинг нәтижесінде балалардың білім-біліктілік дағдысының даму деңгейі жоғары деңгейде екенін, бір баланың мүлде сөйлей алмайтыны, ата-анасына, аудандық білім бөліміне ескертіліп айтылғаны анықталды. Мониторинг нәтижесі бойынша балалардың құзыреттіліктерінің даму динамикасының оңтайлы екендігі байқалады. Бұдан ұйымдастырылған оқу қызметтері жеткілікті деңгейде жүргізілуде деген қорытынды жасауға болады. Биылғы жылы бөбекжайда балалардың даму құзыреттіліктерінің диагностикасы ғана емес, сонымен қатар балалардың мектепке дайындығына да талдау жасалған. Бітірушілер тобы біреу. Талдау нәтижесі төмендегідей:

№ р/с

Зерттелген білім беру салалары



Қыркүйек 2017ж.

Қаңтар 2018 ж.

Мамыр 2018 ж.

Балалардың даму деңгейі

І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет