«Ақерке бөбекжай» кмқК директоры А. Назирова


Дене шынықтыру нұсқаушысының жыл бойы жүргізілген жұмыстарының талдауы



бет23/51
Дата06.09.2022
өлшемі388,79 Kb.
#38510
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51
Дене шынықтыру нұсқаушысының жыл бойы жүргізілген жұмыстарының талдауы

2017-2018 оқу жылында балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына қосымша ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292 қаулысы  талаптарына сәйкес «Денсаулық» саласының дене шынықтыру бөлімі бойынша жұмыс жүргіздім. «Ақбота» ересектер тобында оқу жылының басында 17 бала, ортасында 16 бала, оқу жылының соңында 16 бала болса, «Еркетай» ортаңғы тобында оқу жылының басында 20 бала, ортасында 21 бала, оқу жылының соңында 19 бала болды. Тақырыптық жылдық жоспар бойынша оқу қызметінің кестесіне сай ұйымдастырылған оқу қызметі жүргізілді. Сонымен қатар әрбір жас кезеңдері үшін ойын және еңбек әрекетіндегі баланың даму бағытымен, дидактикалық және қимыл-қозғалыс арқылы, көптеген спорттық сайыстар, музыкалық дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырамыз. Балалардың өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеу дербес қимыл іс-әрекеттерін мәдени-гигиеналық дағдыларды, салауатты өмір салтын, сауықтыру-шынықтыру шараларын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырдық. Өзінің денесі мен денсаулығына, мәдени-гигиеналық дағдылар мен салауатты өмір салты дағдыларын меңгертіп үйреттік. Отбасы күніне орай барлық топтар арасында «Әкем, шешем және мен» атты сайыс өтті. «Ақбота» ересектер тобында «Спорт-денсаулық кепілі» тақырыбында, «Еркетай» ортаңғы тобында «Шынықсаң шымыр боларсың» тақырыбында спорттық сайыстар өтті. Сайыста топ балалары «Сұңқарлар» және «Тұлпарлар» болып екі топқа бөлініп жарысты. Сайыс кезеңдері шаңғы тебу, шана тебу, қар тасу болды. Сонымен қатар күнделікті оқу қызметінде әр түрлі сайыстар жүргізілді. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
«Денсаулық» білім беру саласын ұйымдастыру және өткізу балалардың өмірін қорғауға, денсаулығын нығайтуға және негізгі қимыл түрлерін қалыптастыруға бағытталған. «Денсаулық» білім беру саласы бойынша «Ақбота» ересектер тобында оқу жылының басында балалардың білім деңгейі бірінші деңгей-6% екінші деңгей-94, үшінші деңгей-0% деңгейді көрсетті, оқу жылының ортасында балалардың білім деңгейі: бірінші деңгей-6% екінші деңгей-44, үшінші деңгей-50% деңгейді көрсетті, Ал оқу жылының аяғында балалардың білім деңгейі: бірінші деңгей-0% екінші деңгей-19, үшінші деңгей-81% деңгейді көрсетті. «Денсаулық» білім беру саласы бойынша «Еркетай» ортаңғы тобында оқу жылының басында балалардың білім деңгейі: бірінші деңгей-25% екінші деңгей-75, үшінші деңгей-0% деңгейді көрсетті, оқу жылының ортасында балалардың білім деңгейі: бірінші деңгей-9% екінші деңгей-67, үшінші деңгей-24% деңгейді көрсетті, Ал оқу жылының аяғында балалардың білім деңгейі: бірінші деңгей-0% екінші деңгей-32, үшінші деңгей-68% деңгейді көрсетті. «Еркетай» ортаңғы топ балалары Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты бойынша өз деңгейінде білім мен тәрбие алды деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет