«Ақерке бөбекжай» кмқК директоры А. Назирова


Балабақша мен мектеп сабақтастығы жұмысының талдауы



бет27/51
Дата06.09.2022
өлшемі388,79 Kb.
#38510
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51
2.5. Балабақша мен мектеп сабақтастығы жұмысының талдауы
«Ақерке бөбекжай» КМҚК және Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің оқытып-тәрбиелеу жүйесіндегі сабақтастық іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді. 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінде «Ақбота» ересектер тобы тәрбиеленушілері мектепке саяхатқа барып, алғашқы қоңырауға қатысты. Бөбекжайда ересек топтың, мектепте 1- сыныптың сабақтарына қатысып, педагогтар мен тәрбиешілер тәжірибе алмасты. Ересек топ балаларының білім, білік және дағды бойынша бастапқы диагностикалары алынып, талдау жасалынды. Психолог психологиялық даму көрсеткіштерін анықтап, талдама жасады. Ересек топ балаларының мектеп өміріне бейімделуіне жағдай жасау ретінде экскурсия ұйымдастырылды. Мектептегі 1-сынып, дене шынықтыру залы, кітапхана, технология бөлмелеріне тақырыптық қараулар болды. Мектептің бастауыш сынып мұғалімдері мен бөбекжайдың ересек топ тәрбиешілерінің қатысуымен «Мектеппен сабақтастықтың өзекті мәселелері» дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында тәрбиеші А.К.Бодыкова мен Абай атындағы жалпы білім беретін мектептен бастауыш сынып оқытушысы А.Назирова аталған тақырыпта баяндамалар оқыды. Ұстаздар арасында өзара ашық әңгіме өрбіп, балаларды мектепке дайындаудың жауапты кезеңінде (6-7 жас) кездесетін кейбір қиындықтарға ерекше тоқталды. Әрине, балалар 1 сыныпқа барғанда балабақшадан дайындықпен барған бала мен үйден келген баланың арасында үлкен айырмашылық болатыны атап көрсетілді. Алайда, балабақшадан дайындықпен келген баланың 1 сынып бағдарламасын біліп келгені, олардың қызығушылығын кемітіп, оқуға ынтасын жоғалтады, деп тәжірибелі ұстаз Дәрменова Манар өз ойын ортаға салды. Балабақшада бала жан-жақты тәрбиеленсе, 1 сыныпқа келгенде оқуды бастаса біз ұтпасақ, ұтылмаймыз – деген оның пікірін педагогтар мақұлдады. «Мектеппен сабақтастық» жоспары бойынша алдағы уақытта балабақша тәрбиеленушілері аталған мектептерге экскурсияға барады, оқу процесімен, қоңырау, асхана, спорт зал т.б. орындарымен танысуды жалғастыру қажет екенін айтты. Дөңгелек үстелдің ұйымдастырылуына қатысушылар жоғары баға беріп, жалғасын табатынына сенім білдірді.
«Мен және менің балам» атты тақырыпта ата-аналармен дөңгелек үстел өтті. Оған 12 ата-ана қатысып, әдіскер К.Жылкыбаева ата-аналарға балалардың мектепке қаншалықты дайын екендігі туралы баяндама жасап, ата-аналардың пікірлері тыңдалды. «Ата-ана балаңыз мектепке дайын ба?» атты тақырыпта ата-аналардан сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесінде 82% ата-ана дайын деп жауап берсе, 6% ата-ана дайын емес, 12% ата-ана орташа деп жауап берген. Мамыр айында1 сыныпқа баратын балалардың тізімі жасалып, мектепке ұсынылды. «Қазына» ересектер тобында балабақшамен қоштасы ертеңгілігі өтіп, онда балалар мектеп, ұстаз туралы тақпақтар айтып, тәрбиешілеріне рақмет айтып қоштасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет