«Ақерке бөбекжай» кмқК директоры А. Назирова


Жылдық жоспардың ұйымдастырылған педагогикалық қызметі жұмысының орындалуы бойынша талдау



бет4/51
Дата06.09.2022
өлшемі388,79 Kb.
#38510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
2.2. Жылдық жоспардың ұйымдастырылған педагогикалық қызметі жұмысының орындалуы бойынша талдау
«Ақерке бөбекжай» КМҚК ұжымының оқу-тәрбиелік жұмысы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына қосымша ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292 қаулысы талаптарына сәйкес тәрбиеленушілердің білімділік құзіреттілігін қалыптастыру мақсатына бағытталған. Жан–жақты дамыған, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қиын да ұзақ үрдіс. Ол өмір бойы жалғасын табады. Бірақ ең белсенді сезімдер, өмірлік ұстанымдар, адамдарға деген көзқарас, өзін-өзі ұстау мәнері әсіресе мектепке дейінгі жылдарда қалыптасады. Баланың дағдыларын, ойлау қабілетін, шығармашылық қиялын, психологиялық икемділігін тұлғаға бағытталған оқыту қалыптастыратындықтан, балаларды тәрбиелеу және оқыту өте тиімді болып табылады.
Бөбекжай мақсаты: Балалардың денсаулығын сақтау құзыреттілігін дамыту, олардың денсаулығын нығайту және сақтау, мектепке дейінгі балалардың көркем әдеби және театрландырылған қызметін ескере отырып, жеке тұлғалық коммуникативін дамыту. Балаларды рухани-адамгершілік және патриоттыққа тәрбиелеу.
Бөбекжайдың басымдылық бағыты:
Озат педагогтардың жұмысын насихаттау, ақпараттандыру. Тілдің үштұғырлылығы жобасы бойынша тәрбиеленушілерге ағылшын тілін үйретуді қамтамасыз ету, вариативтік компонент жұмыстарын жандандыру. Елбасы Жолдауында ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясын дамыту, тәрбиеленушілердің бойына елінің, жерінің мәдени ұлттық құндылықтарын сіңіру.
Тәрбиелік-оқытушылық үдерістің негізгі қағидалары:

  • балалардың жалпы, ерекше, тұлғалық ерекшіліктерін есепке алу

  • психологилық дамуы нашар балаларға ерекше көңіл бөліп, қажетті әрекеттер қолдану;

  • топтық бөлмелерде арнайы шарттарды қолдану;

  • тәрбиеленушілердің ата-аналарымен байланыста болу.

Алға қойылған тапсырмаларды МДББМ іске асыру жұмыстары:

  • Театрландыру элементтерін пайдаланып, театрланған ойындарды қолдану арқылы іс-әрекет өткізу;

  • Күнделікті өмірде, өмірлік сәттерде қолдану;

  • Тақырыптық сұхбаттасу арқылы өзекті мәселені шешу;

  • Мемлекеттік тақырыптағы мереке (Конституция күні, Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл, 8 наурыз Наурыз, Халықтар достығы күні, Жеңіс күні және т.б.) іс-шара өткізу;

  • Бейнетаспалар көру, суреттер, мемлекеттің өмірін сипаттайтын суреттер көрсету;

  • Ата-аналарды қатыстырып, байқаулар ұйымдастыру.

Қорыта келе, бөбекжайдың оқыту-әдістемеліктің басты бағыттары мыналар:
- Баланың зияткерлік қабілеттілігін қалыптастыру үшін тиісті шараларды жасау;
- Баланың эмоционалды өмірі үшін қажетті талаптарды орындау;
- Мектепке дейігі білім беру мекемесінде өтетін сауықтыру шараларын ұйымдастыру.
Әдістемелік оқытудың мазмұны ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 12 тамыз №499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде құрылады:
Оқу-тәрбие жұмысы ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сай іске асырылады және «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасымен жұмыс жасайды. Оқу жылы бойы осы бағдарламаларды ескере отырып, болашақтағы жоспарларға түзету жүргізілді.
«Өзін-өзі тану» бағдарламасын жүзеге асыру үшін нақты жағдайлар жасалды және тәрбиеленушілердің зияткерлік қабілеттерін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілді. Балалардың жас ерекшеліктеріне қойылатын талабына байланысты ұйымдастырылған оқу қызметі кестесі оқу жоспарына сәйкес құрылған. Күн тәртібі гигиеналық талаптарға сай, жылдық жоспар негізінде балабақшадағы педагогтармен ай сайын күнтізбелік жоспар және технологиялық карталар құрылады. Іс-әрекетті ұйымдастыру барысында әр түрлі тәсілдерді қолданады. Бұл – дәстүрлі, кіріктірілген, ұжымдық, топтық, жарты топпен, жеке іс-әрекеттер. Бұл іс-әрекеттерде педагогтар әр түрлі салаларды, тақырыпқа сай жоспар бойынша мән-мағынасын біріктіреді. Негізгі әдістемелік тәсіл – ойын және театрланған әрекет болып табылады. Іс-әрекет ойын және ертегі сюжеттерімен толықтырылады. Бала ойынның қызығымен астарлы оқыту мақсатын байқамайды. Мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс барысында педагогтар әр баланың мінез-құлқын, жас психо-физиологиялық ерекшеліктерін, табиғи дара шығармашылық қабілетін ескереді. Педагогикалық құзыреттілік мәселені сараптау және жоспарлау негізінде құрылады. Балабақшада әр баланың жеке тұлға боп дамуына барлық жағдай жасалынған. Көрме, сайыстар (балалардың ата-аналармен біріккен суреттерінің және қолеңбектерінің көрмелері) ұйымдастырылады. Әр жастағы топта баланың дамуына оның жасы, психофизикалық дамуына жағдай жасалған. Барлық жабдықтар және ойын құралдары аймақтарда дұрыс орналасқан. Топтарды безендіру баланың эстетикалық, патриоттық дамуына әсерін тигізеді. Барлық жастағы топтарда жас ерекшеліктеріне сай мольберттер, үлгілер, түрлі бағыттағы көркем сурет, ұлттық қолөнер заттары бар. Балалардың сурет салуға, мүсіндеуге қарындаштары, қағаздары, ермексаздары, әртүрлі бояулары қолжетімді орналасқан бұрыштары бар. Топтарда музыкалық бұрыштар бар. Театрланған әрекеттер үшін түрлі жабдықтар (қуыршақтар, театрлық костюмдер, шымылдық), театрдың бірнеше түрі (көлеңкелік, үстелдік және т.б.) бар. Педагогтармен әр ай сайын жоспарлы сюжетті-рөлдік қойылым көрсетіледі. Бұл балалардың адамгершілік құзыреттіліктерін дамытады. Экологиялық және тәжірибелік (экспериментальді) орталықтарда экологиялық мәдениетті дамытуға арналған көрнекі құралдар (альбомдар, сурет жинақтары, дидактикалық ойындар және т.б.) сияқты иллюстративті материалдар; көгалдандыру бұрыштары (үй өсімдіктері) бар. Орталықта өсімдікті өсіруге және оларға күтім жасауға арналған (бау-бақша, гүл өсіретін орындар) барлық жағдай жасалған. Балалардың қарапайым жеке ғылыми көзқарастарын дамытуға арналған материалдар және балаларға тәжірибе жасауға арналған құралдар бар. Бөбекжайдың әрбір жоғарғы топтарында балалардың танымдық дүниетанымын дамытуға арналған (мозайкалар, түрлі-түсті ойыншықтар және т.б.) дидактикалық ойындар (лото, домино, сурет жиынтықтары) әр түрлі сюжетті ойын жиынтықтары және қуыршақтар мен әртүрлі пішіндегі жануарлар, ойыншық жиһаздар, ойыншық телефон сияқты және балалардың әр түрлі кәсіп түріне бейімделіп дамуына арналған «Дүкен», «Шаштараз», «Аурухана» және т.б. тақырырыптары бойынша түрлі жиынтықтар бар. Серуен кезінде ойнауға арналған (шелек, күрек, түрлі пішіндер, қалақтар) ойыншықтары бар. Орталықтағы ойыншықтардың барлығы тақырыпқа сай орнатылған, әрбір бала өзіне ұнаған ойыншықты алып, басқа балаларға кедергі жасамайды. Әрбір топта осы балалабақшаның қызметкерлері дайындап жасаған (ой қабілетін, қол саусақтарын дамытуға) дидактикалық материалдар бар. Ересек топтарда баллардың құрастыру қызметін дамытуға арналған барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар ұсақ және ірі құрылыс материалдары (әр түрлі әдіспен құрастыратын фетрден, кәушіктен) түрлі құрастырғыштар, түрлі құрылыс схемалары, сызбалары, мозайкалар, танграммалары бар. Бейнелеу өнеріне арналған табиғи материалдар бар. Сондай-ақ барлық топтарда (киіз үйдің макеттері, қазақтың ұлттық киімдегі қуыршақтары, жұмыс бұйымдары және т.б.) «Қазақтың ұлттық бұйымдары» атты бұрыштар бар. Орталықтың басты мақсаты балаларды қазақ халқының мәдени құндылықтарына баулу және тәрбиелеу. Балалар қазақ халқының шығармашылығымен, салт-дәстүрімен танысады. Орталықтың дамыту саласы баланың жеке тұлғасын дамыту үшін барлық жағдайлар қамтамасыз етілген. Балалардың даму белсенділіктерін арттыру үшін орталық тәрбиешілері балабақшаны материалдармен қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі. Сонымен қатар әрбір топта балалардың ойнау қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған ойын алаңдары бар.Топтағы ойнау бұрыштары сюжетті рольге бөліну және дамыту ойыншықтарынан тұрады. Кіші және ортаңғы топтағы «Үй», «Параход», «Аурухана», «Шаштараз», «Балабақша», ал ересек топта «Мектеп», «Кітапхана», «Супермаркет» сияқты сюжетті рольге бөліну ойындарының барысында балалардың өздігімен рольді бөлу, ересектермен бірігіп ойынға арналған құралдарды дайындау мәнері қалыптасып, сонымен қатар ойындарды ұйымдастыру белсенділігі артады. Ойнау барысында балалардың қоршаған орта туралы көзқарастары қалыптасып, тіл байлығы мен психикалық процесстері дамып, еңбексүйгіштік қасиетке бейімделіп тәрбиеленеді. Барлық материалдар балалардың жас ерекшеліктері мен психофизикалық ерекшеліктерін, санитарлы-гигиеналық талаптарын, психо-педагогикалық шарттарын ескере отырып жасалып, жинақталатындықтан баланың интеллектуалдық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге себебін тигізеді. Балабақшаның барлық табиғи–кеңестік ортасы санитарлық тексеру мекемелерінің талаптарына сәйкес келеді. Бірігіп қызмет жасау үшін барлық жағдайлар толығымен жасалған. Жиһаздардың орналасуы, ойын жабдықтарының орналасуы қарастырылған. Сондай-ақ, ауыз су, жарық, жылу режимдері қадағаланады.
Мектепке дейінгі балалардың толықтай физикалық дамуының маңызды міндеттерінің бірі балалардың мезгілімен тамақтануын дұрыс ұйымдастыру. Балабақшада үш мезгілдік тамақтану бекітілген. Тағамдардың барлық түрі нормаға сәйкес. Балабақшадағы тамақтандыруды ұйымдастыру мына шарттардың негізінде құрылады:
- рационардың энергетикалық құндылықтары;
- рационның тағам құрамына байланысты, сәйкестігі;
- рационның түрлі құрамы;
- жоғарғы технологиялық және аспаздық өңдеу;
- балалардың жеке ерекшеліктерін ескерту.
Балабақшадағы дене-шынықтыру, денсаулық сақтау жұмыстары

  • суыққа бейімдеу(жалаң аяқ жүру);

  • өздігімен массаж жасау,биологиялық белсенді зоналарға массаж жасау;

  • психикалық аурулардың алдын алу шаралары;

  • күні бойғы рационды қозғалу белсенділігі (дене шынықтыру, ойындар, таза ауада серуендеу)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет