«Ақерке бөбекжай» кмқК директоры А. Назирова



бет6/51
Дата06.09.2022
өлшемі388,79 Kb.
#38510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
2.2.2.Кеңестер: Бөбекжайда педагогтарға әр түрлі тақырыпта кеңестер берілді. Жоспар бойынша кеңес жылына бес рет берілді. Қыркүйек айында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары» тақырыбында педагогтарға жаңартылған білім мазмұны бойынша практикум-кеңес өтті. Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған. Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктері ескерілгені, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа толеранттылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ баланы мектепте оқуға әлеуметтік психологиялық, тұлғалық даярлау басымдылықтары қарастырылғандығы жөнінде кеңес берілді. Қараша айында музыка жетекшісі Г.Салауатова «Баланың шығармашылық қабілетін жетілдіруде эстетикалық тәрбиенің рольі» атты диалог-кеңес өткізді. Онда музыка өнері баланы эстетикалық талғамын арттыратынын, әсемдікті қабылдап, сезіну, түсіну, жақсы мен жаманды байқап шығармашылық тұрғыдан жеке қимыл жасауға көркемдік қызметтің әр түріне қамтылу қабілеттерін қалыптастырып, дамытып, жетілетінін айтты. Қаңтар айында медбике Т.С.Тлеубаева «Тұмаудан сақтанудың қарапайым тәсілдері» тақырыбында ата-аналарға, тәрбиешілерге кеңес берді. Наурыз айында «Латын әліпбиіне көшу: дайындық барысы» тақырыбында дөңгелек үстел барысында, латын әліпбиінің қазіргі кездегі бавсты мәселенің бірі екенін, алдағы уақыттағы қажеттілігі жөнінде кеңестер берілді. Мамыр айында психолог Н.Иманбай ата-аналарға «Егерде бала көп сұрақтар қоятын болса...» тақырыбында балалардың сұрағына қорықпай анық, толық жауап беру керектігін, сол арқылы баланың сөйлеу мәнері, үлкендермен қарым-қатынасы жақсаратынын, айналадағы қоршаған ортаға қызығушылығы артып, танымдық қабілеті жетілетіні туралы кеңес берді.
2.2.3.Семинар. Бөбекжайда педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуды өздігінен білім алу жағдайында іске асыру
мақсатында педагог қызметкерлермен жыл бойы жылдық жоспар бойынша 2 семинар өткізілді. 5 -14 желтоқсан аралығында ашық семинар – практикум өтті. Әдіскер К.Жылкыбаева «Мектепке дейінгі мекеме педагогтарының өздігінен білім алу нысаны ретінде біліктілікті үздіксіз арттыру жүйесі» тақырыбында лекция оқып, педагогтар арасында шебер-сыныптар мен ашық қойылымдар ұйымдастырылып, өткізілді.
16 -20 сәуір аралығында «Ұрпақ тәрбиесі-ел болашағы» тақырыбында семинар – практикум өтілді. Онда әдіскер К.Жылкыбаева «Қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері» тақырыбында лекция оқып, педагогтар арасында іскерлік ойындар мен баяндамалар әзірленіп, талқыланды. Семинар педагогтардың өздігінен ізденуіне, шығармашылық қабілеттерін дамытуына үлкен әсерін тигізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет