«Ақерке бөбекжай» кмқК директоры А. Назирова



бет7/51
Дата06.09.2022
өлшемі388,79 Kb.
#38510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51
2.2.4. Байқаулар
Бөбекжай ұжымының өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде жеткен жетістіктері аз емес. Тәрбиеленушілер жыл сайын мектепке дейінгі мекеме балаларына арналып өткізілетін аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындар иеленуде.
Биылғы оқу жылында да, бөбекжай тәрбиеленушілері елулі жетістіктерге қол жеткізді:

  1. Қарағанды қаласы «Ассоль» балалар білім орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Маленькая страна» балалар шығармашылық сайысына «Ақбота» ересектер тобының тәрбиеленушілері би номинациясы бойынша II орынды жеңіп алып, II дәрежелі дипломмен марапатталды.

  2. «Үркер» республикалық зияткерлік марафонында «Ақбота» ересектер тобының тәрбиеленушілері Качуровский Данил Дипломмен марапатталса, «Еркетай» ортаңғы тобынан Шахмұхамед Асылхан, Новожилов Данил, Дүйсен Інжу, Дүйсен Айбар, Еділбай Жанерке, Аманжолова Айгерим, Салауатова Адилья, А.Шрайманова, Д.Стариков, Б.Аханқызы, Р.Дмитреев, К.Малышкина, Д.Егорушкина қатысқаны үшін сертификаттар иеленді.

Жетекшілері: Толеубаева Камажай Алпысбаевна, Бодыкова Асель Кенжегуловна, Акишова Саркыт Орымбековна, Серік Гүлжанат Балташқызы.
Музыкалық жетекшілері Салауатова Гульзахан Рахимбаевна.

  1. «16 желтоқсан Тәуелсіздік күні» Республикалық шығармашылық байқауының «Қолөнер» номинациясы бойынша А.Бексейтов І орын, Б.Аханқызы, Д.Қабыжан, А.Шрайманова ІІ орын, З.Прокопев ІІІ орын иеленіп, дипломдармен марапатталды. «Сиқырлы Жаңа жыл» Республикалық шығармашылық байқауының «Қолөнер» номинациясы бойынша Д.Жолдыбаева, Р.Дмитреев,Д.Качуровский, Д.Стариков І орынды иеленсе, А.Салауатова, А.Костюков ІІ орын, А.Михляев, А.Қанат, М.Сержанқызы ІІІ орынды иеленіп, дипломдармен марапатталды.

  2. 8 наурыз мерекесі қарсаңында өткен аудандық «Мисс очарование» сайысында тәрбиеленуші А.Салауатова «Мисс Нежность» номинациясы бойынша марапатталды.

  3. «Топар» кенті өнер мектебінің ұйымдастыруымен өткен «Моя любимая сказка» атты суреттер байқауында тәрбиеленуші Д.Качуровский «Диплом за мастерство исполнения» номинациясы бойынша марапатталды.

Бөбекжай педагогтары да, өздерінің педагогикалық шығармашылық және кәсіби қабілеттерін шыңдау мақсатында аудандық, облыстық сайыстарға қатысып, өздерін жан-жақты көрсетуде.

  1. Білім беру қызметкерлері арасында өткен аудандық Педагогикалық оқылымға директор А.Назирова, әдіскер К.Жылкыбаева, тәрбиешілер К.Толеубаева, С.Акишовалар қатысып сертификатқа ие болса, директор А.Назирова І дәрежелі дипломға ие болды.

  2. Қарағанды қаласы «Ассоль» балалар білім орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Маленькая страна» балалар шығармашылық сайысында бөбекжай тәрбиеленушілерінің шығармашылық тәрбиесі мен табысты орындаулары үшін, бөбекжай директоры А.А.Назирова, әдіскер К.О.Жылкыбаева мен тәрбиешілер А.К.Боджыкова, С.О.Акишовалар Қарағанды облысының білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.

  3. Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне орай К.О.Жылкыбаева Топар кенті әкімінің Грамотасымен марапатталды.

  4. Республикалық «Үркер» зияткерлік марафонына жүлдегерлер мен жеңімпаздарды дайындағаны үшін тәрбиеші А.К.Бодыкова Дипломмен марапатталды.

  5. Педагогтар А.Назирова, К.Жылкыбаева, С.Акишова. С.Абдуллаева, А.Бодыковалар «Балалық шақтың ойын кеңістігі» атты облыстық онлайн семинарына қатысып сертификатқа ие болды.

  6. 8-наурыз аналар мерекесі қарсаңында балаларға тәрбие мен білім беруде қосқан үлесі үшін тәрбиеші А.К.Бодыкова аудандық білім бөлімінің мадақтамасына ие болды.

  7. Ұстаздар күні қарсаңында бөбекжай директоры Назирова Айзат Абеугалиевна Топар кенті әкімінің Алғыс хатына ие болды.

  8. Сонымен бірге бөбекжай ұжымы «Бала деген бір бақыт» атты облыстық бейнероликтер байқауына қатысып, Алғыс хатқа ие болды.

  9. Топар кенті өнер мектебінің ұйымдастыруымен өткен «Моя любимая сказка» сайысына белсене қатысқаны үшін Дипломға ие болды.

Қиыншылықтар:

  • Балалар оқу және ойнау әрекеттері кезінде байланыстыратын сөздерді аз пайдаланады, кең түрде берілген синтаксистік құрылымдарды құруда қиыншылық танытады, балалардың сөз сөйлеу мәнері айқын емес.

  • Педагогтардың аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысу деңгейі әлі де төмен, қызығушылығы жоқ.

Себептері:

  • Бөбекжайға алғаш рет келген балалардың білім шамасы жеткіліксіз, сөздік қорлары шектеулі.

  • Педагогтардың аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысуға қызығушылығы жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет