«Ақерке бөбекжай» кмқК директоры А. Назирова


Музыкалық және дене шынықтыру іс-шаралары



бет9/51
Дата06.09.2022
өлшемі388,79 Kb.
#38510
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51
2.2.6. Музыкалық және дене шынықтыру іс-шаралары
«Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі» деп Ахмет Жұбанов айтқандай музыкалық іс-әрекет баланың музыкалық тәрбиесінің ең негізгі кезеңі болып табылады. Бала өмірінің алғашқы жылдары-оның болашағының негізі. Балабақшада бала музыканы тек меңгеріп қана қоймай, оған деген ерекше сезімталдық танытады. Сондықтан балабақшада өткізілген әрбір музыкалық іс-шараларда музыкалық – шығармашылық іс-әрекеттің қарапайым іскерліктері мен дағдылары көрсетілді. Бөбекжайда жылдық жоспарға сай музыка жетекшісі Г.Р.Салауатованың ұйымдастыруымен өтілген мерекелік шаралар тәрбиеленушілерге жақсы көңіл күй сыйлады. Қыркүйек айында Білім күніне орай «Балабақшам бесігім» атты ертеңгілік өтті. Онда Білім ханшайымы қонаққа келіп, балаларды білім күнімен құттықтап, балалармен бірге қызықты тапсырмалар орындады. Тілдер мерекесі қарсаңында балалардың Мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, өзге тілге құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты мерекелік концерт болды. Онда балалар ана тілінде және өзге тілде тақпақтар айтып, би билеп, әннен шашу шашты.
Отбасы күні қарсаңына «Атадан балаға өнеге» атты аталар сайысы өтіп, аталарымыз немерелерімен бірге өнерлерін көрсетіп, кішкентай бүлдіршіндерге баталарын берді. отбасылық спорттық сайыс өтіп, онда сайыс ережесіне сай әртүрлі спорттық тапсырмаларды орындады. Қазан айында өткен «Армысың, Алтын күз!» ертеңгілігінде балалар күз мезгілінің ерекшеліктерімен қатар, алтын күз сөзінің мағынасын ұқты. Қараша айында Тұңғыш президент күні қарсаңында өткен «Елін сүйген Елбасы!» атты мерекелік ертеңгілігінде балалар Елбасы туралы тақпақтар айтып, би билеп, ән салды. Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздігімді жырлаймын!» тақырыбында тәрбиелік мерекелік шара өтті. Онда балалар тәуелсіздік туралы тақпақтармен ән мен жырдан шашу шашты.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында "Төрлет, құтты жаңа жыл!" атты мерекелік ертеңгілік өтті. Шыршаны айнала би билеп, ән салған балалар Аяз атаны асыға күтіп, өз өнерлерін көрсетіп Аяз атадан сыйлықтарын алды. Ақпан айында «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» атты ересек және оортаңғы топтар арасында спорттық сайыс өтті. Сайыста балалар жол ережелерімен танысып, бағдаршам қызметімен танысса, «Шынықсын денеміз» эстафеталық жарысында шанамен сырғанап, қардан үйшіктер жасап, сайыс ережесі бойынша әртүрлі ойындар ойнады.
Ана-деген ұлы сөз. Анаға баласының қуанышынан артық ештеңе де қажет емес. Наурыз айында «Ана-аса қымбат жан!» мерекелік ертеңгілік өтті. Ертеңгілікке бүлдіршіндердің аяулы аналары, мейірімді әжелері және басқа да қонақтар қатысты. Көктемнің алғашқы мерекесінде бүлдіршіндер бар өнерін аямай ортаға салды. Жыр–шумақтарымен ана-апаларын құттықтаса, бірі әннен шашу шашса, бірі билеп қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ертеңгілік соңында қонақтар ризашылығын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.
Наурыз – мұсылман халқының ұлттық мерекесі. Наурызда барлық нәрсе жаңарып, күн жылынып, көктем өзімен бірге айналаға нұр, қуаныш ала келеді. Наурыз мерекесінің ерекшелігін, қадір-қасиетін ұлықтау мақсатында бөбекжайда «Наурызым-құт берекем» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікте балаларға қазақ халқының салт-дәстүрінен көріністер қойылып көрсетілді. Ата-аналар арасында отбасылық сайыс өтті. Наурыз көженің қалай жасалатыны, оның пайдасы туралы мәліметтер берілді.
Сәуір айының соңында қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Жер шары балаларының достығы» атты мерекелік шара өтті. Онда балалар әр ұлт өкілдерінің ұлттық киімінде өнер көрсетіп, халықтар достығы балабақшадан басталатынын паш етті. Отан қорғаушылыр және Ұлы Жеңіс мерекесіне орай мамыр айында «Бейбіт елді қорғайтын ұландармыз!» атты мерекелік ертеңгілік өтіп, тәробиешілер көрініс көрсетіп, балалар әннен шашу шашса, «Ардагерлерді ұлықтайық!» мерекелік ертеңгілігінде соғыс ардагерлеріне арнап тақпақтарын айтып, би биледі. Ардагерлерге арналған монументке гүл шоқтарын қойды.
Мамыр айының 30 күні «Ақбота» ересектер тобында «Қош бол, сүйікті балабақшам!» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Балалардың балабақшамен қоштасу ереңгілігі әрқашанда – үлкен мереке. Сәбилік шақтың бір белесін артта қалдырып, мектеп өмірінің жаңа бастауларына қадам басады. Осындай қайталанбас мерекелік шара, әрбір балабақша, тәрбиешілер үшін өте маңызды рөл атқарады. Соңдықтан да, өткізілген ертеңгілік барлығымыз үшін тек қана көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жақсы әсерін қалдырды. Бұл мерекеде тәрбиешілеріміз қазіргі заман талабына сай барлық көрнекілік құралдарды пайдаланылды, ең бірінші өткізілген залды әсемдеп, сәндеуден басталды, сонымен қатар балалардың осы уақытқа дейінгі балабақша өміріндегі, әр түрлі суреттерін көрсету арқылы ата-аналардың көңілінен шықты.
Ертеңгілігіміздің барысында түлектеріміз балабақшамен қоштасу тақпақтарын, әндерін, әдемі билерін, кірген кейіпкерлермен қарым-қатынасқа түсу, олармен ойнау барысында өзіндік тілдерінің жақсы жетілгендіктерін көрсетті. Ертеңгіліктің жалғасында балаларымызға арналған тосын сыйда болып, түлектерімізді, келген қонақтарды қуанышқа бөлеп жатты.
Жалпы алғанда, музыка өнеріндегі шығармашылық шабытпен, айналадағы сұлұлықпен, әсемдікті сезінумен, танумен, ұлттық және түрлі халықтардың мәдениетімен танысады, сезімді эмоциональды орта мен әсемдік талғамның бастапқы шарттары қалыптасады, қазақ халқының музыкалық өнерінің құндылықтарын бағаласа, дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын ұстанып, дене бітімі қалыптасады, дені сау, болашағы анық ұрпақ өсіп жетіледі.
Айғақты анықтау
Оқу жылы бойы өткізілген жұмыстар балалардың, денсаулығын сақтау құзыреттiлiгі, ауру-сырқауды төмендету, олардың өмiрi және денсаулықтың қорғауына бағытталды.
Қойылған тапсырмаларды шешу үшін пәндiк - дамытатын ортаны жабдықтауға, денсаулық сақтау технологиясын енгізуге көңіл бөлінді. Балалармен таңғы шеңбер құру, психогимнастика өткізу психологиялық ахуалдың жасауына мүмкiндiк туғызды. Әр жыл мезгіліне серуен картотекасын құру серуен уақытында өткiзілетін қимыл белсендiлiгiн ұйымдастыруда жүйелi амал жасауға, түрлі қимыл-қозғалыс ойындарын қолдануға көмектесті.
Бөбекжайда үнемі балалардың қауіпсіздік тiршiлiк әрекеттерiн қорғау тұрғысынан жабдықтау және оқу құралдарын сараптау жұмыстары жиі жүргізіліп отырды.
Ұйымдастыру жұмысының айлық жоспарларына педагогтардың денсаулықты сақтау технологиясын қолдану.
Қадағалауды ұйымдастырудың айлық жоспарына педагогтардың денсаулық сақтау технологиясын қолдануды саралау қосылады: сергіту сәттерін қолданудың тиімділігі, ұйымдастырылған оқу қызметіндегі қимылдау шапшаңдығы, ұйымдастырылған оқу қызметінінен жалығуды ескеруі, серуенді ұйымдастыруда балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау. т.б. Осы міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі жұмыстардың жағдайын талдау мақсатында, 2017 жылы қыркүйек айында «Балалардың бойында мәдени-гигиеналық машықтарды және салауатты өмір салты, күн тәртібін орындау машықтарын қалыптастыру» бойынша тексеріс жүргізілді. Тексеріс нәтижесі мәдени-гигиеналық машықтардың және салауатты өмір салтының бөбекжай бойынша орташа алғанда, орташадан төмен деңгейде қалыптасқандығын көрсетті. Әсіресе, І-ші кіші топтағы көрсеткіш өте төмен болды, бұл негізінен осы топқа келген балалардың көпшілігінің ешқандай да гигиеналық машықтарының жоқ болуына байланысты орын алды. Балалардың осы машықтарының сапасына 2017 жылы сәуір айында қайта талдау жүргізу ұсынылды. Қайта жүргізілген талдау барлық жас топтарындағы балалардың машықтары мен біліктіліктерінің айтарлықтай өскендігін байқатты. Тексеріс қорытындысы бойынша айқындалған кемшіліктерді жою мақсатында, педагогтар үшін ұсынымдар әзірленді. Бөбекжайда жүргізілген тексеріс дене тәрбиесі бойынша нұсқаушының дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметін жиі өткізіп сауықтыру тиімділігін арттыруға қол жеткізгендігін көрсетті, бұл ретте дене тәрбиесі ұйымдастырылған оқу қызметінің жиі өтуінің балалардың қозғалыс қимылдарын орындау сапасын төмендетпейтіндігі байқалды. Балалардың бойындағы қозғалыстың жай жүріс, жүгіру, тепе-теңдік сақтау, өрмелеу сияқты түрлері бойынша машықтары жеткілікті деңгейде қалыптасқан ал, лақтыру, секіру машықтарының қалыптасу деңгейі жеткіліксіздеу. Бөбекжайда өткізілген сауықтыру жұмыстары да оң нәтиже берді. Балалардың денсаулығын нығайту бойынша сәтті жұмыс жүргізудің қажетті шарттарының бірі – осы бағытта ата-аналармен бірігіп жұмыс істеу болып қалады. Ол үшін балабақшадағы балалармен жүргізілетін сауықтыру жұмыстарының нәтижелерін ата-аналарға хабарлап отыру. «Дене тәрбиесі және баланың денсаулығы» тақырыбына ата-аналар конференциясы өткізілді, жылжымалы-папкаларға «Айболиттің кеңестері» айдарын енгізілді Аурудың алдын алу бойынша ата-аналарға «Іш-асқазан ауруларының профилактикасы», «Егу не үшін қажет?» тақырыптарында ата-аналарға кеңестер берілді.
Оқу жылының 9-айы бойынша ауырып қалу жағдайларын талдау көрсеткіштің бір баланың ауырып қалуына байланысты жіберіп алған күн бойынша төмендегендігін көрсетті.
Ауырғандардың жылдық салыстыру талдауы

Күндері, 1-баланың ауырып қалғаны

өсуі


төмендеуі



2016-2017
жылдары

2017-2018
жылдары

57

68

11%




Қиыншылықтар:

  • балалар негізгі қозғалыстардың барлығын бірдей жақсы меңгере алмайды;

  • балалар гигиена және салауатты өмір салтының ережелері бойынша алған білімдерін әрқашанда үлкендердің ескертуінсіз, өз беттерімен қолданбайды.

Себептері:

  • балалармен жеке жұмыс жүргізу кезінде, нысанаға лақтыруға және секіруге жеткілікті назар аударылмайды;

  • отбасында қозғалысты дамытуға бағытталған жұмыстардың болмауы.

  • Тәрбиешілер балалардың мәдени-гигиеналық машықтарын тәрбиелеуге жеткілікті көңіл бөлмейді.

Сондықтанда, балалардың денсаулығын нығайту, олардың денсаулықтарын сақтаудан хабардар болуын дамыту-ең басты мәселе болып қалады. Бұл келесілермен байланысты:

  • балалар балабақшаға әлсіз иммундық жүйемен келеді, ата-аналары оларды мектепке дейінгі мекемеге баруға даярламайды;

  • балабақшаға келген кейбір балалардың қарапайым мәдени-гигиеналық машықтары болмайды;

  • балалардың дене тұлғасының мақсатты шынығуына дамуына, отбасындағы суық тию ауруларының алдын-алуға ата- аналардың барлығы бірдей көңіл бөле бермейді;

  • балалардың СӨС дамыту нысандары мен әдістерін тұрақты жаңартып отыру және балалардың денсаулықты сақтаудан хабардар болуын анықтау үшін жаңа тәсілдерді іске асыру қажеттілігі.

Жоғарыда мазмұндалғандарды ескере отырып, жұмыстың алдағы кезеңінде жүргізілетін міндеттерді белгілеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет