«Жаңартылған білім мазмұнын білеміз бе?» 2017 ж қазан
«Ұжымның қандай көріністері қарым-қатынасқа тән?» 2017 ж. қараша
«Үлкен адамдардың шығармашылық күшін зерттеу» - 2018 ж.қаңтар;
«Тұлғаның өз еңбегіне деген қанағаттанушылығын анықтау» - 2018 ж. ақпан;
«Тұлғалардың типтік ерекшіліктерін анықтау» - 2018 ж. наурыз;
Бөбекжайдағы педагогтардың кәсіби жұмыстарының толық және шынайы сипаттамаларын алу үшін, олардың жұмыстарына «Тұлғаның өз еңбегіне деген қанағаттанушылығын анықтау» сұрақ-жауабы көмегімен талдау жүргізіліп, нәтижесінде келесілер анықталды:
жұмысқа деген қызығушылығы– 87,5% жоғары;
жұмыстағы жетістіктеріне қанағаттануы – 31,25%;
әріптестерімен өзара қарым-қатынастағы қанағаттануы – 81,25 %;
басшылықпен өзара қарым-қатынастағы қанағаттануы - 87,5 %;
кәсіби жұмысқа талап ету деңгейі - 25 % жеткілікті деген;
істеген жұмысына алатын еңбек ақысына қанағаттанады – 93,75%;
еңбек жағдайына қанағаттануы – 81,25%;
кәсіби жауапкершілігі – 93,75% өз жұмысына бар ынта-ықыласпен қарау деп есептейді.
Осылайша, бөбекжай педагогтарына жүргізілген сауалнама және сұрақ-жауап нәтижелері бойынша, олардың негізгі бөлігін (73%) балабақшадағы еңбекті ұйымдастыру жағдайы қанағаттандырады деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Әріптестермен қарым-қатынастағы қанағаттанушылықтың, жұмысқа деген қызығушылықтың және жұмыстағы жетістіктерге қанағаттанушылықтың жоғары деңгейде болып табылуы, ұжымда рухани-психологиялық ахуалдың өте жақсы қалыптасқандығын айтады.
Күшті жақтары:
ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкес білімге жүйелі түрде, балалардың білім саласы бойынша даму динамикасын қадағалауға мүмкіндік беретін мониторинг жүргізілуі;
ата-аналардың мектепке дейінгі ұйымның жұмыстарына қанағаттануы 93 %;
педагогтардың өздерінің жеке жұмыстарына деген қанағаттануы – 73%.
Әлсіз жақтары:
баланың жеке даму бағытының нәтижесін болжауды (болжау қызметі)және жоспарлауды педагогтардың барлығы бірдей біле бермеуі.
Шешу жолдары:
диагностикалық материалдар дайындайтын және тәрбиеленушілердің білімін бағалауға жауап беретін педагогтардың әдістемелік бірлестігін ұйымдастыру;
іс-шаралар жоспарына педагогтарды балалардың жеке даму бағытын жоспарлауға оқыту жөніндегі және білім беру қызметін көрсету сапасына бақылау жасау жүйесін жақсарту жөніндегі жұмыстарды енгізу.