Салыстырмалы бақылау нәтижесінде, тәрбиеленушілермен тіл дамыту жұмыстарын жиі жүргізу, балаларды өз бетінше әрекет етуге, ойын ашық айта білуге үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сурет салу өнеріне баулу, ермексазбен жұмыс жасау технологиясын үйрету қажеттілігі анықталды.Тәрбиешілер мен басқа барлық мамандардың жұмыстары өте тығыз ынтымақтастықта жүргізіледі. Балалардың даму деңгейін тексеру және бақылау әдіскер К.О.Жылкыбаеваның басшылығымен әдістемелік кеңесте талқыланды.
Ұсыныс: тәрбиеленушілермен жеке, топтық жұмыстарын күшейту, шығармашылыққа бейімдеу, жаңа технология элементтерін ұйымдастырылған оқу қызметінде жүйелі қолдану, ата-аналармен байланысты нығайту.
Шешу жолдары:Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сай дидактикалық материалдарды, көрнекіліктерді дайындау, тәрбиешілердің біліктіліктерін арттыру жұмыстарын жандандыру.