Тақырып
|
Алғашқы консилиум
Балаларды ұйымға қабылдау және олардың дамуындағы проблемаларды анықтау.
Мақсаты: тәрбиеленуші дамуының ерекшеліктерін, оны оқытудың мүмкін жағдайлары мен түрлерін, педагогикалық процесті психологиялық немесе басқа да қолдаудың қажетті түрлерін анықтау.
|
Жоспарлы консилиум
жарты жылдықта бір реттен кем емес өткізу ұсынылады.
Мақсаты: оқыту мен түзету динамикасын бағалау, қажет болған жағдайда түзетушілік жұмысқа өзгертулер мен толықтырулар енгізу, оқыту формасына, режиміне немесе бағдарламасына өзгертулер енгізу, қосымша зерттеулер тағайындау.
|
Қорытынды консилиум
Түзету жұмыстарының қорытындысы
Мақсаты: оқытудың аяқталу кезіне тәрбиеленуші мәртебесіне баға беру;
барлық оқу пәндері бойынша меңгерілген білім, әлеуметтену деңгейі, эмоциялық-жігерлілік және мінез-құлық жүйесінің жағдайы, жоғары психикалық қызметінің даму деңгейі;
|
Күн тәртібінде
|
1. Оқыту мен тәрбиелеудегі қиындықтарды анықтау;
2. Дамудың әлеуметтік жағдайын, ұжымдағы жай-күйді зерттеу;
3. Баланың әлеуетті мүмкіндіктері мен қабілеттерін анықтау.
4. Балалардың бейімделу кезеңіндегі ауруларына талдау.
|
1. Ерекше білім беруге қажеттілігі мен жеке мүмкіндіктері бар балаға педагогикалық ықпалдың стратегиясын әзірлеу;
2. Балаға педагогикалық ұжым мен ата-ананың тәрбиелік ықпалдарын кіріктіру;
3. Педагогикалық ықпалдардың сабақтастығын қамтамасыз ету.
|
1. Баланың психологиялық-педагогикалық мінездемесін құрастыру
2. Жазғы сауықтыру жұмыстарына талдау.
3. Сауықтыру шараларының жоспарын бекіту.
|