Аға оқытушы Дагарова Жанар Өміржанқызы сабақ түрі: Дәріс Қарағанды 2021


Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі. Ежелгі Үнді діни-философиялық ілімдердегі адам мәселесі. Конфуцийшілдік және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және әйел бастамалары (Инь/



бет40/89
Дата22.05.2023
өлшемі0,73 Mb.
#96192
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   89
Байланысты:
Философия.(каз.)Презентация

1. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі. Ежелгі Үнді діни-философиялық ілімдердегі адам мәселесі. Конфуцийшілдік және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және әйел бастамалары (Инь/ян).

  • Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады.Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен құдайлар арасындағы шекара шартты және өтпелі. Буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм деп аталатын деп аталатын діни- философиялық ілім адамның азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы – құдайға құлшылық етіп, табына беру десе, буддизм керісінше , өмірдің өзі азап шегуден тұрады, бұл дүниеде одан адамды азат ету құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты: сансардан кету деп санады.Мұның мәні: бұл дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы тіршілік қамын ұмыту, нәпсіні тежеу арқылы болып жатқан істер мен құбылыстарға немқұрайды қарап, бейтарап күйге түсу. Бұны «нирвана» деп атайды.Нирванаға жеткен адам, бұл о дүние мен осы дүниенің айырмашылығын сезіп-аңғарудан қалған адам.

1. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі. Ежелгі Үнді діни-философиялық ілімдердегі адам мәселесі. Конфуцийшілдік және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және әйел бастамалары (Инь/ян).

  • Ежелгі Қытай философиясы да адам туралы өзіндік ілім қалыптастырды. Оның ең көрнекті өкілдерінің бірі Конфуций болып табылады. Конфуций өз ілімінің түп қазығы ретінде «адамсүйгіштік» (жэнь) мәселесін алды. Оның түсінуінше, адам басқа адамдарды өіндей жақсы көру керек, сыйлауы керек , ешкімнің алдын кесіп өтпеуі керек дейді.Бұл қасиеттердің бәрін біріктіріп, философиялық ой түйінін Конфуций: «Өзіңе қаламағанды өзгеге жасама»-деп, қорытты.
  • Философиядағы адам мәселесінің мәні мен ерекшелігі. Адамның өз табиғатын танып білуге ұмтылуы философиялық ойды дамытудың басты түрткілерінің бірі болып табылады. Философия ежелгі заманнан бастап жалпы адам дегеніміз кім, оның табиғаты, оның мәні қандай екендігін айқындауға ұмтылып келеді.
  • Адамның өзін-өзі танып білуі – философияның орталық мәселесі. Философияның адамды зерделеуге арнаған тарауы философиялық антрология деп аталады. Оның ғылыми антропологиядан немесе адамды зерделейтін арнаулы ғылыми пәндер кешенінен бірқатар елеулі айырмашылықтары бар. Заманауи ғылымда мұндай 800-дей пән мен бағыттардың бар екендігін айтуымыз керек. Алайда олардың әрқайсысы адамды белгілі бір жақтарынан, қандай да бір жекелеген қырларынан қарастырады. Мысалы, психология адамның ішкі дүниесін, оның санасы мен түпсанасын; медицина – аурулардың себептері мен оларды емдеу жолдарын; нейрофизиология – адамның жүйке жүйесінің қызметін зерделейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет