Аға оқытушы Дагарова Жанар Өміржанқызы сабақ түрі: Дәріс Қарағанды 2021


Ойлау мәдениетінің қалптасуы. Көркемдік рефлексия



бет4/91
Дата28.02.2023
өлшемі382,79 Kb.
#70474
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Байланысты:
Аға оқытушы Дагарова Жанар Өміржанқызы сабақ түрі Дәріс Қараған-melimde.com

1. Ойлау мәдениетінің қалптасуы. Көркемдік рефлексия


  • Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам өз ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығы мен құдіреттілігін, өмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ой амалдары мен логикалық операциялар, оларды орындаудың белгілі ережелері мен жүйесінің пайда болуы — адам ойлауыны зор табысқа жетуінің, тарихи дамуының нәтижссі. Ойлау-заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды.

  • Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін — объективтік шындық.

1. Ойлау мәдениетінің қалптасуы. Көркемдік рефлексия


  • Ойлау аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Осы екі ғылымның ойды зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде де өзіндік айырмашылықтар бар. Мәселен, психология түрлі жас мөлшеріндегі адам ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінін, заңдылықтарын қарастырса, логика — бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Кей жағдайда бұл екеуі бірін-бірі толықтырып, ой мәдениетінің арта түсуіне көп пайдасын тигізеді.

1. Ойлау мәдениетінің қалптасуы. Көркемдік рефлексия


  • Ойлаудың физиологиялық негіздері И. П. Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау — ми қабышның күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақтатша «жүйке байланыстары жетекші рель атқарады. Екінші сигнал жүйесінде жүйке қызметінің өз алдына дербес зандары бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары бірдей. Олардың айырмашылықтары мынада: егер бірінші сигнал жүйесіндегі реакциялар нақтйлы құбылыстарға байланысты туса, екінші сигнал жүйесі оларды жалпылап отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет