Аға оқытушылар: Улжибаева Ғ. Ш., Кудышева Г. О., доцент, п.ғ. к



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата03.03.2017
өлшемі1,08 Mb.
#7257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

Утилиттер. Драйверлар 

Утилиттер    —  бұл  ОЖ  –нің  көмекші  модульдеріне  қатысты 

бағдаламалық өнім. 

Көмекші  бағдарламалар  (утилиттер)  әдетте  пайдаланушының  нақты 

есептерін шығаруға емес, есептеу жүйесіне қызмет етуге және оның  жоғарғы 

тиімділігін  арттыруға  тағайындалған.  Көмекші  бағдарламалардың  негізгі 

түрлеріне қысқаша тоқтап өтейік.  



Драйвер -  бұл  операциялық  жүйеге  компьютердің  белгілі  бір 

құрылғысымен  жұмыс  істеуді  мүмкін  ететін  қызметші  бағдарламалар 

жиынтығы.  Драйвердің  міндеті:  жүйелік  және  қосымша  бағдаламалардан 


түсетін  сұраныстарды  өңдеу,  оларды  физикалық  құрылғыға  түсінікті  тілге 

аудару,  оның    инициализациялық  процессін  басқару,  деректермен  алмасу, 

параметрлерді  тұрғызу,  бір  қалып-күйден  екішісіне  ауыстыру.  Драйвер 

операциялық  жүйеге,  берілген  құрылғының  ерекшеліктерімен  санаспай, 

жалпы  интерфейс  арқылы  нақты  құрылғымен  байланысуды  мүмкін  етеді. 

Басқаша айтқанда, драйвер жоғарғы деңгейдегі сұраныстарды, компьютердің 

аппараттық  ресурстарына  тікелей  қатынасу  арқылы,  төменгі  деңгейдегі 

машиналық тілдегі сұраныстарға  трансляциялайды.  

Операциялық  жүйелерге  қондырылған  драйверлар  да  бар.  Мысалы - 

пернетақта,  таймер,  ішкі  модем,  коммуникациялық  порттар.  Ал  бірақ  

құрылғы функционалдық мүмкіндіктері басқаша құрылғымен алмастырылса, 

онда оған міндетті түрде драйвер орналастыру қажет.  

 

Желілер және телекоммуникациялар. Желілік қауіпсіздік  

Есептеу  жүйелері  немесе  компьютерлік  желілер,  сол  сияқты  деректерді 

тарату желілері деп те аталады, олар осы заманғы өте маңызды екі ғылыми-

техникалық 

салалардың 

негізінде – компьютерлік 

және 

телекоммуникациялық технологиялар – пайда болды. Негізгі қағидалары. 



Таратылған  есептеу  жүйелері.  Ақпараттарды  өте  алыс  қашықтықтарға 

тарату жүйелері. 

Деректерді  ортақтаса  қолдану  мақсатында,  компьютерлік  желілер 

практикалық  қажеттілікке  пайда  болды.  Қолданушылардың,  желілер 

болмаған  кезде,  құжатпен  жұмыс  істеуі  үшін,  әр  құжатты  басып  шығарып 

отыруына немесе ақпаратты дискетке көшіріп отыруына тура келді. Бірнеше 

қолданушылардың  құжатпен  бір  мезетте  жұмыс  істеуге  мүмкіншілігі 

болмады. Мұндай жұмыс істеу реті автономды ортадағы жұмыс деп аталады.  

Желілер 

деп 


біріктірілген 

компьютерлердің 

және 

басқа 


да 

құрылғылардың  тобын  айтамыз.  Ең  қарапайым  желі, (Network) бір  бірімен 

кабель  арқылы  қосылған,  кем  дегенде  екі  компьютерден  тұрады.  Ал 

компьютердің біріктірілген және бірге қолданылатын ресурстары желілердің 

өзара әсерлесуі деп аталады.  

Желілерде қосылған компьютерлер:  

1.

 

деректерді; 



2.

 

принтерлерді; 



3.

 

факсимильді аппараттарды; 



4.

 

модемдерді; 



5.

 

басқа құрылғыларды қолдана алады. 



Бұл  тізім  ресурстардың  жаңадан  біріктіріліп,  қолданатын  әдістердің 

пайда болуынан, әр уақытта толықтырылып отырады. 

Бастапқыда компьютерлік желілердің байланысу ауқымы кең болған жоқ. 

Олар  тек 10 компьютер  мен 1 принтерді  біріктіріп  отырды.  Ол  кезеңдегі 

технология  желілердің  мөлшерін,  сонымен  қатар  желідегі  компьютердің 

санын  және  оның  физикалық  ұзындығын  шектеп  отырды.  Мысалы: 80-ші 

жылдардың басында желілердің белгілі түрінің өзі, кабелінің ұзындығы 185 

метрден  аспайтын,  небары 30 компьютерден  тұратын  болған.  Мұндай 



желілер мекемелердің бір қабатында немесе үлкен емес ұйымдарда ғана оңай 

орналасқан.  Мұндай  желілерді  кәзіргі  уақытта  кішігірім  фирмаларда 

қолдануға  болады.  Бұл  желілер  жергілікті  желілер  деп  аталады.  Ең 

алғашқыда  пайда  болған  жергілікті  желілер,  офистері  әр  жерде  орналасқан 

ірі  кәсіпорындарда  қолданыла  алмады.  Желілік  программалық  өнімдер 

нарықты  толтырып,  компьютерлік  желілердің  артықшылығы  даусыз  бола 

бастағаннан  кейін,  бәсекеде  орнықтылығын  сақтау  үшін,  корпорациялар 

алдында желілерді кеңейту міндеттерін қойды. 

Сөйтіп, жергілікті желілердің негізінде іріжүйелер пайда болды. 

Бүгінгі  күні  әр  түрлі  қалалар  мен  мемлекеттердің  қолданушыларын 

байланыстыру  үшін  жергілікті  есептеуіш  желілер  глобальды  есептеуіш 

желілерге  айналды.  Ал  желідегі  компьютерлер  саны  оннан  бірнеше  мыңға 

дейін жететін болды.  

Компьютерлік  желілердің  басты  белгісі – ол  ресурстардың  бірге 

қолданылуы  және  бір  фирманың  ішкі  және  сыртқы  интерактивтік 

байланысын іске асыру. 

Жергілікті желілер, олардың негізгі қағидалары, мақсаты. 

Жергілікті  желілер (Local Area Networks, LAN). Компьютерлерді  желіге 

біріктіру  стандарттары.  Желілер  топалогиясы. «Топология»  немесе  «желі 

топологиясы»  термині  компьютерлердің,  кабельдердің  және  басқа  желілер 

компоненттерінің орналасуын суреттейді. 

Топология  бұл  стандартты  термин,  бұл  терминді  профессионалдар 

желінің негізгі компоновкасын суреттегенде қолданады. Топологиядан басқа 

компоновканы суреттеу үшін келесі терминдер қолданылады: 

- физикалық орналасуы; 

- компоновка; 

- диаграмма; 

- карта. 

Желілер  топологиясын  оның  мінездемесі  түсіндіреді.  Негізінде  кез-

келген топологияны таңдау, төмендегілерге әсер етеді: 

- қажетті желілік жабдықтар құрамына; 

- желілік жабдықтар мінездемесіне; 

- желілердің кеңею мүмкіншілігіне; 

- желілерді басқару тәсіліне. 

 Ресурстарды  бірігіп  қолдану  немесе  басқа  да  желілік  амалдарды 

орындауда компьютерлер бір-бірімен байланыста болуы керек. Бұл үшін көп 

жағдайда  кабельдер  қолданылады.  Бірақ  та  компьютерлерге  тек  қосу 

жеткілікті  емес.  әр  түрлі  желілік  платалардағы  әр  түрлі  кабельдер  желілік 

операциялық жүйелер мен басқа да компоненттер компьютерлердің әр түрлі 

жағдайда орналасуын қажет етеді. 

Желілердің  әр  түрлі  топологиясы  әр  түрлі  жағдайда  кездеседі.  Мысалы, 

ол  кабель  типін  ғана  баяндамайды,  сонымен  қоса  оның  қосылуын 

қарастырады. 


Топология  сонымен  қоса  желілердегі  компьютерлердің  өзара  әрекет  ету 

тәсілін  анықтайды.  Топологияның  әр  түрлеріне  әрекет  етудің  әр  түрлі 

әдістері сәйкес келеді және бұл әдістер желіге тікелей әсер етеді. 

Негізгі  топологиялар.Барлық  желілер  үш    базалық  топология  негізінде 

құрылады: шина, жұлдыз, сақина 

Егер компьютерлер бір кабель бойымен  жалғанса, онда топология шина 

деп  аталады.  Егер  компьютерлер  кабель  сегменттеріне  жалғанып  және  олар 

бір нүктеден немесе концентратордан шығатын болса, онда олар жұлдыз деп 

аталады.  Егер  компьютерлер  жалғанған  кабель  сақина  тәрізді  тұйықталып 

тұрса, онда мұндай топология сақина деп аталады. 

Негізінде базалық топологиялар күрделі емес болса да, шындығында жиі-

жиі  күрделі  комбинациялар  кездесіп  тұрады,  және  бұл  комбинациялар 

бірнеше топология құрылымдарын біріктіреді. 

Шина.  Шина  топологиясын  көбінесе  «сызықтық  шина»  деп  атайды. 

Мәліметтер топологиясы  қарапайым және кең жайылған топологияға кіреді, 

онда барлық компьютерлер желілеріне жалғанған бір кабель қолданылады. 

Желіде  «шина»  топологиясымен  компьютерлер  мәліметтерді  нақты 

компьютерге  мекенжайлайды,  оларды  сигналдар  түрінде  кабель  арқылы 

береді. Желіде “шина” топологиялы кабель 2 тәсілмен ұзартылады. 

Екі  кабельдің  қосындысын  қосу  үшін  баррел-коннекторды  қолдануға 

болады.  Бірақ  бұл  кезде  сигнал  әлсіздейді.  Ең  жақсысы  қысқа  бірнеше 

қиындыларды қосқанша бір ұзын кабель сатып алу. 

Екі  қиынды  кабельдің  қосылуы  үшін  жұмыс  істейді.  Коннектордан 

айырмашылығы ол оны келесі сегментке берер алдында сигналды көбейтеді. 

Сондықтанда  баррел-коннектор  мен  ұзын  кабельден  гөрі  репитерді 

қолданған дұрыс. 

Жұлдызша.  Топология  ішіндегі  “жұлдызша”  барлық  компьютерлер 

кабель сегментінің көмегімен орталық компонент концентраторға қосылады. 

Компьютерлерден  берілетін  сигналдар  концентратор  арқылы  басқаларына 

түседі.  Бұл  топология  есептеуіш  техника  негізінде  компьютерлер  орталық, 

бастапқы компьютерге қосылып тұрғанда пайда болған.  

Желіде  “жұлдызша”  топологиялы  кабельдің  қосылуы  және  желі 

конфигурациясымен  басқару  орталықтанған.  Бірақ  кемшілік  бар:  барлық 

компьютерлер  орталық  нүктеге  жалғанғандықтан  үлкен  желі  үшін  кабель 

шығыны  көбейеді.  Сонымен  егерде  орталық  компонент  істен  шықса,  онда 

желінің  барлық  жұмысы  бұзылады.  Егер  бір  компьютер  немесе  оны 

концентратормен  жалғайтын  кабель  жұмыс  істемей  қалса,  онда  тек  бұл 

компьютер  ғана  мәліметті  бере  де  ала  да  алмайды.  Желідегі  басқа 

компьютерге бұл әсер етпейді. 

Сақина.Сақина  топологиясында  компьютерлер  кабельге  тұйықталған 

сақина  түрінде  жалғанады.  Сондықтан  кабельде  қосымша  терминатор 

қосатын бос ұшы болмайды. Сигнал сақина бойымен бір бағытта жылжиды 

және  барлық  компьютерден  өтеді.  Шина  топологиясына  қарағанда  бұл 

топологияда әр компьютер репитер ролін атқара алады, ол сигналды күшейте 

аладыжәне  келесі  компьютерге  бере  алады.  Сондықтан  егер  бір  компьютер 


жұмыстан шығып қалса, барлық желі жұмыс істей алмай қалады.Маркердің 

берілуі. Сақиналық жүйеде мәліметті берудің бірден-бір принціпі маркердің 

берілуі деп аталады. Меркердің қызметі мынада: мәлімет бір компьютерден 

екіншіге,  одан  үшіншіге  т.с.с.сол  мәліметті  қажет  еткен  компьютерге 

жеткенше  өте  береді.  бастапқы  компьютер  маркерді  өзгертіп,  электрондық 

адресті белгілеп сақина бойымен жібереді. 

Мәліметтер әр компьютерден өтіп, дұрыс электрондық адресті көрсеткен 

қолданушыға  келіп  жетеді.  осыдан  соң  мәліметті  сұраушы  мәліметті 

алғандығы туралы ақпарат жібереді, ал бастапқы компьютер бұл кезде жаңа 

маркер  құрып,  оны  желіге  келтіреді.  Бір  қарағанда  маркермен  мәлімет  беру 

көп уақыт алатын сияқты, ал бірақ маркердің берілужылдамдығы жарықтың 

таралу жылдамдығымен бірдей. 200 м диаметрлі сақиналы желіні маркерлік 

ақпарат берілу 1сек ішінде 10 мың айналады. 

 Концентраторлар.  Активті  концентраторлар.  Пассивті  концентраторлар. 

Гибридті концентраторлар. Аралас топология. Жұлдызша –шина. Жұлдызша 

–сақина. 

Бүкіләлемдік  желі (Wide Area Networks, WAN)-әрбір  қалалардағы, 

мемлекеттердегі, аумақтық компьютерлерді біріктіру мақсаты бар. Деректер 

пакеті.  

Тораптарда  ақпараттық  процесстерді  ұйымдастыру.  Хабарларды 

құрастыру,  сигналдары  апарып  беру.  Хабарлардың  түрі  мен  құрылымдары. 

АЖ-да хабарларды құрастыру схемасы. Хабарларды бөгетке тұрақты кодпен 

құрастыру.  Сингалдар.  Сигналдарды  түрлендіру  және  модуляциялау. 

Деректерді жеткізу. Коммутациялау тәсілдері және ақпаратты желіде тарату 

процесстері. Коммутациялық схемалардың теориялық негізі. Коммутациялау 

тәсілдерінің ерекшеліктері. Пакеттерді коммутациялағандағы пакеттің тиімді 

ұзындығы.  Коммутациялау  тәсілдерін  салыстыру.  АЖ-де  өңдеу  және  

ақпараттық үрдістерді басқару. Желілік хаттамалар. OSI эталондық үлгісінің 

деңгейлері.  Хабарларды  маршруттау.  АЖ  қорына  кіруге  болатын  тәсілдер. 

АЖ  сипаттамаларын  өлшеу  және  тестілеу.  Тест  жүргізудің  схемасы.  АЖ-де 

ақпаратты қорғау. Қорғау тәсілдері мен амалдарының жіктелуі.  

Желілік  хаттамалар. OSI эталондық  үлгісінің  деңгейлері.  Хабарларды 

маршруттау.  АЖ  қорына  кіруге  болатын  тәсілдер.  АЖ  сипаттамаларын 

өлшеу  және  тестілеу.  Тест  жүргізудің  схемасы.  АЖ-де  ақпаратты  қорғау. 

Қорғау тәсілдері мен амалдарының жіктелуі.  

Электрондық 

почта. 

Хатты 


дайындау. 

Файлдық 


серверлер. 

Телеконферен-циялар.  Файлдарды  тығыздау  және  архивтеу.  Үлкен 

файлдарды бөліктерге бөлу. 

Вирустардың пайда  болу тарихы. Компьютерлік вирустардың өмір  циклі 

былай  жіктеледі: 1.Ену; 2.Инкубациялық  кезең; 3.Репродуктивтік  кезең; 

4.Деструктивтік  кезең  (жоятын  функция).  Дербес  компьютер  жадына  вирус 

программамен  қоса  кіреді.  Программа  іске  қосылғанда  вирус  та  іске 

қосылады. Вирус программасы активті күйде бола тұрып өзінің деструтивтік 

функциясын іске асыра алады. Вирустар мына жағдайларға қарай  жіктеледі: 

1.

 



программада орналасу жағдайы бойынша 

2.

 

есептеу  ортасына таралу жағдайына байланысты 



3.

 

активтену тәсілі бойынша  



4.

 

шағын келтіру сипаты бойынша 



 Вирус операциялық жүйеде  орналаса алады. Бұл жерде ол жүйелік  диск  

программаларымен  тіркеседі  де  оның  ішкі  кеңістігін    өзгертеді,  яғни  ол 

файылдардың орналасу кестесін бүлдіреді. 

Компьютерлік  вирустар  траизитті  немесе  резидентті  түрде  тарала 

алады.Оперативті есте сақтау құрылғысына бола тұрып  вирус өзін троизитті 

түрде 


дискідегі 

программаларға 

жазады. 

Операциялық 

жүйе 

программаларынада  бола тұрып вирус резидентті түрде өзін жұмыс істеуге 



дайын программаларға жұқтырады. 

Вирус  енген  уақыттан  бастап  қандай  да  бір  анықталған  уақыт  өткенге 

дейін активті күйге өте алады ( дата, уақыт, кездейсоқ сандардың датчигі).  

Бақылағыш  қосынды  арқылы  салыстыру.  Белгілі  вирустарды  программа 

–  детекторларымен  тексеру.   Зақымдалған  программаны  верификациялау.  

Егер  вирус  активті  күйде  болса  ,онда  жоғаыда  көрсетілген  басқа  мыналар  

қолданылады.  Программалар  мен  перефершілік  құрылғылардың  жұмыс 

уақытын  бақылау.  Рұқсат  етілген  (санкциясыз)  енуден  сақтау  мақсатында 

информациялы  және  программалық  қамсыздандыру    сақтау  орнату.    

Вирустарды    анықтау  үшін  мыналар  керек:  Эталондық  программалардың 

банкілері; 

Компьютерлік 

вирустың 

банкісі 


программалық 

және 


информацияның  жабдықтарын  қорғау  құрылғыларын  енгізу;  Детектор 

программаларының және антивирустық программалардың банкісі. 

Вирустан  қорғану  шаралары.  Вирустардан  сақтану  үшін  қолданылатын 

шаралар.  

Жергілікті  желілерде  ақпараттарды  қорғау.  Ақпараттарды    қорғаудың 

жалпы шаралары. 

 

Бақылау сұрақтары: 

1.

 



"Бағдарламалық қамтамасыздану " түсінігіне не кіреді?  

2.

 



Бағдарламалық қамтамасызданудың негізгі категорияларын атаңыз 

және сипаттаңыз.  

3.

 

Операциялық жүйенің тағайындалуы? 



4.

 

Операциялық жүйелердің негізгі класстарын сипаттаңыз.   



5.

 

Файлдық жүйе қалай ұйымдастырылған?  



6.

 

Драйвер деген не? 



7.

 

Утилит-бағдарламалардың  негізгі  түрлерін  атаңыз  және  оларға 



қысқаша сипаттама беріңіз.  

8.

 



Windows-NT  және  Windows 2000 ОЖ  негізгі  ерекшеліктерін 

атаңыз және оларға қысқаша сипаттама беріңіз.  

9.

 

Бағдарламалардың интегралданған пакеттеріне анықтама беріңіз.  



10.

 

Желілік  бағдарламалалық  қамтамасызданудың  тағайындалуы 



қандай? 

 

 

Әдебиет: 

1.  Могилев  А.В.  Информатика:  Учебное  пособие . - 2-е  изд..,  стер..-  М.: 

Издательский центр"Академия", 2003. -816с. 

2.  Могилев  А.В.  Практикум  по  информатике:  Учеб.пособие  для 

студ.высш.учеб.заведений. – М.:  Издательский  центр  «Академия», 2002.-

608с. 


3. Информатика. Базовый курс./ под ред. С.В. Симоновича.- СПб.: Питер, 

2001. -640с. 

4. Острейковский В.А. Информатика: Уч. для вузов. М.: Высш.шк., 1999.- 

511 с. 


5. Алексеев А.П. Информатика 2003. -М.: СОЛОН-Пресс, 2003. - 464 с.: 

ил.-(серия  "Полное руководство пользователя") изд. 3-е 

 

Реферат тақырыптары: 

1. Әр түрдегі компьютерлердің операциялық жүйелерінің эволюциясы  

2. Бірінші операциялық жүйе. 

3. Windows ОЖ даму тарихы.  

4. ОЖ дамуының перспективалары 

5. ОЖ декомпозициялау әдістері. 

6. Файлдық жүйені құру. 

7.Утилиттер. 

8.Драйверлар. 

9.Желілер. 

10.Желі қауіпсіздігі. 

 

СӨЖ бақылау сұрақтары: 

1.Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздану. 

2.Жүйелік қамтамасыздану. 

3. Операциялық  жүйелердің негізгі функциялары  

4. ОЖ даму тарихы. 

5.Диспетчеризациялау және жоспарлау  

6.Файлдық жүйе. 

7.Қабық бағдарламалары. 

8.Желілер. 

9. Желілер қауіпсіздігі. 

10.ОЖ декомпозициялау әдістері. 

 

7-бөлім – Графика және Интернет(3 сағат) 



1-тақырып – Графика 

Жоспар: 


1.

 

Графикалық бағдарламалық қамтамасызданудың иерархиясы  



2.

 

Қарапайым түс моделдері: rgb, hsb, cmyk.  



3.

 

Графикалық жүйелер.  



4.

 

Растрлік және  векторлық графика жүйелері. 



5.

 

Видеоақпаратты шығару құрылғысы.  



6.

 

Графикалық  редакторлар.  



7.

 

Графикалық коммуникацялар.  



 

2-тақырып – Интернет  

Жоспар: 


1.

 

Интернет тарихы.  



2.

 

Интернеттің теориялық негіздері.  



3.

 

Интернет қызметтері.  



 

3-тақырып – Ақпараттық  қауіпсіздік  және  оның  құрамы 

Архиваторлар. Антивирустік бағдарламалар 

Жоспар: 


1.

 

Ақпарат қауіпсіздігінің қатерлері және олардың жіктемелері 



2.

 

Архиваторлар 



3.

 

Антивирустік бағдарламалар  



 

Графикалық  бағдарламалық  қамтамасызданудың  иерархиясы 

Компьютерлік графика – бұл  ЭЕМ  көмегімен модельдерді және  олардың 

кескіндерін  құруға,  сақтауға  және  өңдеуге  арналған  информатиканың  бір 

бөлімі,  яғни  бұл  бөлім  компьютерде  әртүрлі  кескіндерді(суреттерді, 

сызбаларды, мультипликацияларды)  жасау мәселелерімен айналысады.  

Компьютерлік графикада келесі есептер қарастырылады: 

1.

 



Компьютерлік  графикада кескіндерді ұсыну;  

2.

 



Кескінді көрсетуге дайындау;  

3.

 



Кескіндерді құру;  

4.

 



Кескіндермен әрекеттер жасау.  

Компьютерлік графиканың үш түрі бар. Бұл растрлік графика, векторлық 

графика  және    фрактальдық  графика.  Олар  кескіндерді    экранда  бейнелеуді 

құрастыру  немесе баспаға басу принциптерімен ажыратылады. 



Растрлік әдіс – кескін боялған нүктелер жиынтығы түрінде ұсынылады. 

Растрлік    графиканы    электрондық  (мультимедиалық)  және  полиграфиялық 

баспаларды  жасауда  қолданады.  Ол  үшін  көбінесе  суретшілермен, 

фотографтармен дайындалған иллюстрациялардың сканирлері қолданылады. 

Соңғы кездері растрлік кескіндерді компьютерге  енгізу үшін сандық фото– 

және видеокамералар кең қолданулар тапты.  

Интернетте әзірше тек растрлік иллюстрациялар қолданылады. 

Векторлық  әдіс – бұл  кескінді  доғалар,  кесінділер  және  т.б.  түрінде 

бейнелейтін  әдіс.  Берілген  жағдайда  вектор – бұл  белгілі  бір  обьектіні 

сипаттайтын деректер жиыны.  

Векторлық графикамен жұмыс істейтін бағдарламалық құралдар алдымен  

иллюстрацияларды  құруға,  аз  дәрежеде  оларды  өңдеуге  арналған. 

предназначены в первую очередь для создания й и в меньшей степени для их 

обработки.  Мұндай  құралдар  жарнамалық  агенттікте,  дизайндық  бюрода  

редакцияда  және  баспаларда  кең  қолданылады.  Оформительские  работы, 

основанные  на  применении  шрифтов  и  простейших  геометрических 


элементов, решаются средствами Шрифтерді және қарапайым геометриялық 

элементтерді  қолдануға    негізделген  безендіру  жұмыстарын  векторлық 

графика құралдарымен жасау анағұрлым қарапайым. 

Фрактальды    графикамен  жұмыс    істеуге  қажет  бағдарламалық 

құралдар  кескіндерді  математикалық  есептеулер  арқылы  автоматты  түрде 

генерациялауға арналған. Фрактальды көркем  композицияларды құру сурет 

салу  немесе  безендіруден  емес,  бағдарламалаудан  тұрады.  Фрактальды  

графика,  векторлы  сияқты – есептеуші,  бірақ  одан  айырмашылығы, 

ешқандай  обьектілер  компьютер  жадында  сақталмайды.  Кескіндер  теңдеу 

бойынша  (немесе  теңдеулер  жүйесі)  бойынша  жасалады,  сондықтан 

формуладан басқа ештеңені сақтау қажет емес.  

Теңдеудегі коэффициенттерді өзгерту арқылы мүлде басқа суретті алуға 

болады.  Фрактальды  графиканың  тірі  табиғат  образдарын  есептеу  жолымен 

моделдеу  мүмкіндігі  ерекше  суреттерді  автоматты    генерациялау  үшін  жиі 

қолданылады.  

Қарапайым 

түс 

модельдері. 

Түстік 

модель – құралушы 

компоненттердің түстік реңін ажырату әдісін анықтайды.  



RGB – модель  (аддитивтік)  күн  сәулесінің    физикалық  қасиеттеріне 

негізделген: кезкелген түс ең әуелгі үш түстердің бірін  (Red - қызыл, Green - 

жасыл,  Blue – көк)  араластырудан  пайда  болады.  Ақ  түс  барлық  үш  түсті 

араластырудан пайда болады.  



CMY-модель  (субтрактивтік  немесе  алып  тастау)  Ең  әуелгі  түсті  ақ 

түстен алып тастау арқылы қосымша түстер пайда болады: 

Көгілдір (Gyan)= ақ – қызыл =  жасыл + көк 

Қызыл күрең (Magenta) = ақ – жасыл = қызыл + көк 

Сары (Yellow) = ақ – көк = қызыл + жасыл 

CMYK-модель. CMY моделіне ұқсас, бірақ оған таза қара түс енгізілген 

(black). Қара реңді «таза» түсті алуға арналған.  

Түсті  принтерлерде  көбінесе  төрт  бояғыштар  қолданылады.  Осы  жүйе 

полиграфияда кең қолданылады.. Өмірде бірде бір бояу мүлде таза емес және 

араласқан  түрде  болады.  Сондықтан  қосымша  түстерді  бірінің  үстіне  бірін 

салу таза қара түсті бермейді.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет