Аға оқытушылар: Улжибаева Ғ. Ш., Кудышева Г. О., доцент, п.ғ. к


Видеоақпаратты шығару құрылғысы



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата03.03.2017
өлшемі1,08 Mb.
#7257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Видеоақпаратты шығару құрылғысы 

 Компьютерге ыңғайлы түрдегі ақпаратты пайдаланушыға ыңғайлы түрде  

түрлендіруге  арналған.  Компьютер  ішінде  ақпарат    цифрлық  түрде

сақталады, ал пайдаланушы ақпараттарды мәтін, кескіндеме, дыбыс түрінде 

түсінуге әдеттелгенШығару құрылғыларының кең тарағандары: 

 Видеоплата - видеомониторға  кескіндерді  құрастыратын  негізгі 

құрылғы. Қазіргі видеоплаталар  компьютердің өзі сияқты құрылған: оларда 

видеосигналдарды  өңдейтін    процессор  (видеопроцессор),  кескіндерді 

сақтайтын 

видеожад, 

видеопроцессордың 

жұмысы 


үшін 

қажет 


бағдарламадан  тұратын  тұрақты  жады(BIOS  ұқсас)  бар.  Қазіргі 

видеоплаталар  телевизорға,  екінші  мониторға  және  т.б.  қосуға  арналған 

шығыстармен жабдықталуы мүмкін.  


    

 

 Видеомонитор – ақпаратты  видеоплатадан  алып  оны  мәтін  немесе 



кескін  түрінде  бейнелейді.  Қазіргі  мезгілде  мұндай  құрылғылыардың  келесі 

түрлері шығарылады: 

электронды-сәулелік трубка негізіндегі мониторлар 

сұйық кристаллды мониторлар 

плазмалық мониторлар 

 

электронды-сәулелік 



трубка  негізіндегі 

монитор 


 

 сұйық  кристаллды 

монитор 

 

плазмалық монитор 



Проектор - видеоақпаратты үлкен экранға шығаруға арналған. 

 

Принтерлер – ақпаратты қағазға шығаруға арналған.  

    Принтерлер түрлері 

1.

 



матрицалық  

2.

 



бүріккіш  

3.

 



лазерлік  

4.

 



термиялық  

 

Бүріккіш принтер 

 

Лазерлік принтер 



Матрицалық  және  термиялық  принтерлер  қазіргі  кезде  бөлек  құрылғы 

ретінде  шығарылмайды.  Олар  енді    кассалық  және  факстік  аппараттардың 

құрамына енеді. 

Графсалғыш - конструкторлық    бюрода  сызбаларды  сызу  үшін 

қолданылады.  

 

Дыбыстық    плата  сандарды  адамға  түсінікті  дыбыстар  ретінде 

түрлендіреді.  

 

 



Head Mounted Display. Виртуальдық шындық жүйелерде дисплейлердің 

басына (Head Mounted Display – HMD) бинокулярлы  барлық  жаққа 

бағытталған  монитордың (Binocular Omni–Orientation Monitor – BOOM) бас 

қалпын қадағалайтын (head tracking) және тіпті көз қалпын да қадағалайтын 

(eye tracking) монтаждалған түрдегі шығару құрылғылары қолданылады. Бұл  

стереоскоптік  кескіндеумен  бастың  және/немесе  көздің  бұрылуындағы 

көріністердің оперативті өзгеруін құру үшін қажет.  

 

Графикалық редакторлар 

Графикалық редактор — компьютер көмегімен екіөлшемді кескіндерді 

құру  және  редактірлеуді  мүмкіндейтін  бағдарлама  (немесе  бағдарламалар 

пакеті).  

Графикалық  редакторлар түрлері: 

Растрлік  графикалық  редакторлар.  Ең  таралғандары:  Adobe Photoshop  

операциялық  жүйе  Microsoft Windows  үшін  және  Mac OS X,  GIMP 

GNU/Linux үшін және басқаларына POSIX-үйлесімділік.  


Векторлық  графикалық редакторлар. Ең таралғандары: Adobe Illustrator

Corel Draw, Macromedia Free Hand — операциялық жүйе   Microsoft Windows  

үшін және  Mac OS X, Inkscape — барлық ОЖ үшін. 

Барлық  графикалық  редакторлардың  функциялары  шамамен  бірдей 

(қарапайым  графикалық  редакторлардың  бірі IBM-үйлесімді  компьютерлер 

үшін — Paintbrush). Олар пайдаланушыға келесі мүмкіндіктер береді: 

1.

 

графикалық қарапайымдардан суреттер жасау; 



2.

 

сурет  салу  үшін  әртүрлі  түстерді  және  «кистілерді»  қолдану(яғни 



әртүрлі ені және конфигурациясы бар сызықтарды қолдану);  

3.

 



суреттерді немесе олардың бөліктерін «қиып алу», оларды буферде 

(«қалтада») уақытша сақтау немесе сыртқы жинағыштарда сақтау; 

4.

 

сурет фрагментін  экран бойынша орнын ауыстыру; 



5.

 

бір суретті екіншісімен «желімдеу»; 



6.

 

сурет фрагментін оның кіші детальдарын салу үшін  ұлғайту; 



7.

 

суреттерге мәтін қосу. 



Көптеген  графикалық  редакторлар  сонымен  бірге  компьютерлік  

мультипликацияларды  (анимацияларды),  яғни  компьютерде    қозғалатын 

кескіндерді құруға мүмкіндік береді. 

Графикалық редактор  «ортасы» негізгі үш бөліктен тұрады. Саймандық 

бөлігі — саймандарды кескіндейтін пиктограммалар жиынтығы.  Әдетте бұл  

— кезкелген конфигурациядағы сызықтарды кескіндейтін «кисть» және түзу 

сызық  кесінділерін  сызуға  арналған  «сызғыш», «шеңбер», «тіктөртбұрыш», 

«эллипс»  сәйкес  фигураларды  салу  үшін, «ластик»  кескіндерді  өшіруүшін,  

«валик» фигураларды бояу үшін, «қайшы» кескін фрагменттерін кесу үшін.  

Ортаның басқа бөлігі —кескіндердің түсін таңдау үшін палитра. 

Үшінші  бөлігі  —редактор  командаларының  мәзірі.  Ортаның  осы 

бөліктері  әдетте  экран  шеттерінде  орналасады.  Экранның  ортаңғы  бөлігі 

жұмысшы  өріске  арналған  (немесе  кескіндер  жасалатын  «холст»  деп 

аталады). 

Графикалық  редактордың  келесі  негізгі  жұмыс  іс-тәртіптері  бар:  

саймандарды  таңдау  және  баптау,  түс  таңдау,  суретпен  жұмыс  (салу  және 

редактірлеу), сыртқы құрылғылармен жұмыс.  

Графикалық  редактормен  жұмыс  істегенде,  пайдаланушы  тек 

пернетақтаны ғана қолданбай, сонымен бірге (көптеген қазіргі компьютерлер 

және  редакторлар)  үшін  манипулятор  тышқанды  да  қолданады.  Компьютер 

экранында  кескіндерді  жасау  кезінде  суретті  тек  қана  өзініз  салмай,  басқа 

кескіндерді  де  пайдалануға  болады,  мысалы,  фотографиялар,  кітаптағы 

суреттер  және  т.б.  Осындай  қосымша  графикалық  ақпаратты  енгізу  үшін 

арнайы құрылғы — сканер қолданылады.  



Интернет  тарихы  және  қайнар  көзі.  Интернеттің  теориялық 

негіздері. Интернет қызметтері.  

Компьютерлік  желілерді  құрастыру  негіздеріне  құрылғыларды 

электрикалық  және  механикалық  сипаттамалары  бойынша  сәйкестеуді 

қалыптастыру  және  ақпараттық  қаматамасыздандыруды  кодтау  жүйесі  мен 

деректер  форматы  бойынша  үйлестіру  жатады.  Бұл  есепті  шешу 



стандарттаудың OSI деп  аталатын  моделіне  жүктелген  (Ашық  жүйелер 

әрекеттесуінің  моделі).  Бұл  модель ISO - стандарттаудың  халықаралық 

институтының техникалық ұсыныстары негізінде құрылған.  

  ISO/OSI  моделі  бойынша  компьютерлік  желілер  архитектурасын  жеті 

деңгейде  қарастыруға  болады.  Ең  жоғарғы  деңгей – қолданбалы.    Бұл 

деңгейде пайдаланушы есептеу жүйесімен әрекеттестікте болады. Ең төменгі 

деңгей – физикалық.  Ол құрылғылар арасында сигнал алмасуды қамтамасыз 

етеді.  Байланыс  жүйелерінде  деректер  алмасу  жоғары  деңгейден  төменге 

қарай  жүргізіледі,  содан  соң  тасымалдау,  ақырында  клиент  компьютерінде 

төменгі  деңгейден  жоғарыға  ауысу  нәтижесінде  қайтадан  қалпына 

келтіріледі.  Жеті  деңгейдің  әрқайсысында  қажет  сәйкестікті  орнату  үшін 

хаттама    деп  аталатын  арнайы  стандарттар  қолданылады.  Олар  екі  түрге 

бөлінеді: 

1.

 

аппараттық; 



2.

 

программдық. 



Қолданылатын хаттамаларға сәйкес компьютерлік желілер бөлінеді: 

1.

 



локальды (LAN – Local Area Network); 

2.

 



глобальды (WAN – Wide Area Network).  

Локальды  желідегі  компьютерлер  барлық  қатысушылар  үшін 

хаттамалардың  бірыңғай  комплектісін  пайдаланады.  Локальдық  желілер  бір 

ғимараттың,  этаждың,  ықшам  орналасқан  ғимараттар  топтарының 

компьютерлерін  қоса  алады.  Глобальды  желілердің  географиялық 

өлшемдері  үлкен  болады.  Олар  жеке  компьютерлерді  де,  сол  сияқты  жеке 

локальды 

желілерді 

де, 


оның 

ішінде 


әртүрлі 

хаттамаларды 

пайдаланушыларын да қоса алады.  

Компьютерлік  желілердің  барлық  түрлері  келесі  екі  функцияны 

орындауы тиіс: 

1.

 



желідегі  аппараттық  және  программдық  ресурстарды  ортақтасып  

қолдануды қамтамасыз ету; 

2.

 

деректер ресурсына бірлесіп қол жеткізу.  



Егер  желіде  қатысушылар  үшін  бірігіп  қолдануға  бөлінген  арнайы 

компьютер  болса,  онда  ол  файлдық  сервер    деп  аталады.  Бөлінген  сервері 

жоқ компьютерлік желілер біррангілік деп аталады. Локальды компьютерлік 

желіде  қатысушылар  жұмысын  ұйымдастыруды  басқаратын  адам  жүйелік 



администратор деп аталады.  

Әртүрлі  хаттамалармен  жұмыс  істейтін  бірнеше  локальды  желілерді 

байланыстыру  үшін  шлюздер  деп  аталатын  арнайы  құралдар  қолданылады.  

Шлюздер  аппараттық  және  программдық  болуы  мүмкін.  Желілік 

қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  үшін  локальдық  және  глобальдық  желіліер 

арасында  брандмауэрлар  қондырылады.  Брандмауэр  ретінде,  желілер 

арасында деректердің санкцияланбаған қозғалысына қарсы тұратын, арнайы 

компьютер не компьютерлік программа болуы мүмкін. 



Интернет.Негізгі түсініктер. Интернеттің теориялық негіздері. 

Ұлттық  масштабтағы  бірінші  желі ARPANET АҚШ-тың  қорғаныс 

министрлігінде 1969 ж. құрылды. Бұл желі бірнеше ірі ғылыми, зерттеу және 


оқу орталықтарын байланыстырды. Интернет 1983 ж. пайда болды. Бұл дата 

TCP/IP – хаттамасының  стандартталу  күніне  сәйкестелді. TCP/IP – бұл 

желілік  бір хаттама емес, әр  деңгейде  жатқан екі хаттама. TCP хаттамасы – 

транспорттық  деңгейдегі  хаттама.  IP хаттамасы – адрестік,  ол  желілік 

деңгейде болады және хабар қайда баратынын көрсетеді.  

TCP  хаттамасына  сәйкес,  жіберілетін  деректер  кішігірім  пакеттерге 

«бөлінеді», содан соң әр пакет таңбаланады(маркирленеді). Әр пакет ішінде  

алушының  компьютерінде      құжатты  дұрыс  жинақтауға  қажет  деректер 

болуы тиіс.   



IP  хаттамасы – бұл  Дүниежүзілік  желіде  қатысушының  бірегей  адресі. 

Ол  төрт  байтпен  беріледі,  мысалы 195.38.46.11. Желідегі  қандай 

компьютерлер  бір-біріне  «жақын»  немесе  «алыс»  орналасқанын  шешетін 

арнайы  құралдар  - маршрутизаторлар  деп  аталады.  Маршрутизаторлар 

ролін  арнайы  мамандандырылған  компьютерлер  немесе  желідегі  серверде 

жұмыс істейтін арнайы программалар атқарады.  

 

 Microsoft Internet Explorer және онымен жұмыс жасау 



Интернет – ол  бүкіл  әлем  бойында  миллиондаған  компьютерлерді 

қосатын  сансыз  көп  компьютерлік  желі.  Интернетте  жұмыс  істеу  үшін  аса 

маңызды  деректер  қорына  жетуге  арналған  желіге  қосу  құралы – браузер 

бағдарламалары  қолданылады.  Бірнеше  браузер-бағдарламалары  бар 

(Netscape Communicator, Mozilla, Firefox, Opera), бірақ  қазіргі  кезде  аса 

танымалы Internet Explorer бағдарламасы болып табылады.                                           

              

Шолушы панелі деген не? 

Internet Explorer бағдарламасының  басты  мәзірінің  төменгі  жағында 

қолданушы  жиі  қолданатын  басты  мәзірдің  функцияларын  қайталайтын 

саймандар  панелі  (шолушы  панелі)  орналасқан.   Оның  төменгі  жағында 

Internet Explorer бағдарламасының  шолушы  панеліндегі  батырмаларға 

сипаттаманы  және  олардың  Интернетте    орын  ауыстыруға  арналған 

функцияларын көре аласыз. 

 

Батырма – рус./engl.  Сипаттамасы 

Назад/Back 

Алдыңғы Web-параққа ауысу 



Вперед/Forward 

Келесі Web-параққа ауысу 



Остановить/Stop 

Web-парақтың жүктелуін тоқтату 



Обновить/Refresh 

Ағымдағы Web-парақты  жаңарту  (ағымдағы 

парақты қайтадан жүктеу) 

Домой/Home 

Басты параққа көшу 



Поиск/Search 

Іздеуге  болатын  құралдар  тізімінен  тұратын 

Web-парақты ашу 

Избранное/Favorites  Таңдаулы Web-парақтар тізімін шығару 

Журнал/ History 

Кейіннен қарастырылған Web-парақтар тізімін 

шығару 


Почта/Mail 

Outlook Express немесе Internet News 

бағдарламасын іске қосу 

Печать/Print 

Ағымдағы Web-парақты басып шығару 



 

Адрестік жол деген не? 

Адрестік жол Web-парақ адресін енгізу және шығару үшін қолданылады. 

Адрестік  жолдың  көмегімен  Сіз  жай  ғана find, go, немесе ? командаларын 

және Сіз іздеп отырған сөзді теріп, web-түйінді іздей аласыз.                             



Адрестік жол 

Сонымен, Интернеттің қандай-да бір парағына көшу үшін адрестік жолда 

оның адресін  (доменді) енгізіп, ENTER пернесін басу керек. Біраз уақыттан 

кейін бұл парақ Интернет шолушысының  жұмыс өрісіне шығады. Интернет 

сайттардың  барлық  адрестері  тек  латын  әріптерімен  және  кіші  әріптермен 

теріледі. 



Домен деген не?      

Домен  (ағылш.  тілінен domain - область,  территория)  –  ол  Интернеттегі 

сайттың символдық (мәтіндік) адресінің құрамдас бөлігі.   

Домендер әр түрлі деңгейлерден тұрады: бірінші деңгей (оны «зона» деп 

те  атайды;  мысалы  ru,  com,  org),  екінші  деңгей  (yandex.ru),  үшінші  деңгей 

(hosting.rbc.ru) және т. б. 

Internet’тік  адрестегі  оң  жақтағы  шеткі  элементті  жоғарғы  деңгейдегі 

домен (top level domain) деп  атайды.  Жоғарғы  деңгейдегі  доменнің  бірнеше 

түрлері бар: 



.com – бұл  доменнің  аса  кең  тараған  түрі.  Негізінен  коммерциялық 

құрылымдармен қолданылады.  



.edu – университеттер қолданады. 

.net - әр түрлі компьютерлік желілерге қатысты. 

.org – негізінен коммерциялық емес ұйымдар қолданады. 

.gov – үкіметтік мекемелер қолданады. 

.mil - әскери мекемелер қолданады. 

.ru, uk, .kz  және т. с. с. – географиялық  жерін анықтайды.  

.firm, .shop, .web, .arts, .rec, .info, .nom – бекіту сатысында тұрған және 

әзірше  кіруге  рұқсат  жоқ,  бірақ  кейбір  компаниялар  доменді  осы 

кеңейтілудің біреуімен кейінге сақтап қалуды ұсынады.         

 

Интернетте ақпараттар іздеу және іздеуші жүйелер. 

Интернетте  ақпаратты  іздеу  үшін  іздеуші  машиналарды  қолданады. 

«Google  Казахстан»  іздеуші  машинасының  мысалында,  ақпаратты  іздеу 

барысында кездесетін қажетті бірнеше кеңестерді қарап шығайық: 

Адрестік  жолда  іздеуші  машина  адресін  көрсету  керек  (мысалы 



www.google.kz). Іздеу жолында Сіз өзіңіздің сұранысыңызды енгізесіз.  

Егер жүйе іздеу аймағын тізбектей  анықтауға мүмкіндік берсе, онда  Сіз 

ақпаратты  іздеу  шекарасын  анықтайтын  бөлімдерге  өтесіз  (мысалы, 

Картинки

 

бөлімінде



 

графиктік  объектілерді  іздеу  немесе  ақпаратты  тек 

Қазақстан  бойынша  іздеу).  Осылайша,  Сіз  алдымен  іздеу  жүргізілетін 


шекараны  анықтап  аласыз,  содан  кейін  Поск  в Google    батырмасын  басып,   

ақпаратты іздеу туралы сұранысты жібересіз. 

 

Егер  табылған  нәтижелер  (сілтемелер)  көп  болса  және  олар  бір  параққа 



сыймайтындай  болса,  онда  Сіз  бірінші  парақты  қарап  шыққаннан  кейін, 

параққа көшу батырмасымен келесі парақтарға көше аласыз. 

Егер сілтемелер саны аса үлкен болса және сұраныс параметрі бойынша 

Сізді  қанағаттандырмаса,  онда  Сіз  Поиск  среди  результатов  функциясын 

қолдана аласыз. Бұл функцияны қолдана отырып, Сіз анықтаушы сұранысты 

енгізе  аласыз  және  іздеуші  машина    табылған  нәтижелердің  ішінен 

анықтаушы ізденісті жүргізеді.

 

 



Қажетті  сілтемен  тапқаннан  кейін,  Сіз  оны  тышқанмен  шертіп  іздеген 

параққа  ауыса  аласыз.  Егер  табылған  басқа  парақтарға  ауысқыңыз  келсе, 

құжаттағы  сілтемелер  арқылы  кері  қайтып,  басқа  сілтемелер  бойынша 

ауысуыңызға болады.   

 

Аса кең танымал іздеуші машиналар тізімі: 



1.

 

www.yahoo.com 



2.

 

www.altavista.com 



3.

 

www.hotbot.com 



4.

 

www.infoseek.com 



5.

 

www.google.com 



6.

 

www.msn.com 



7.

 

www.rambler.ru 



8.

 

www.aport.ru 



9.

 

www.yandex.ru 



10.

 

www.google.kz 



 

Табылған ақпаратты көшіру және сақтау 

Web-парақтан  алынған  ақпараттарды  сақтау  (белсенді Web-

парақтарды сақтау): 

Интернеттен сізге қажетті парақты ашыңыз. 



Файл/File мәзірінен, Сохранить как.../Save as… функциясын таңдаңыз. 

Сохранить в:/Save in: жолында ақпартты сақтайтын ресурсты (буманы, 

дискіні, дискетаны) көрсетіңіз. 



Имя файла/File name жолында ақпараттың атын көрсетіңіз. 

Тип файла/Save as type: жолында ақпараттың форматын көрсете аласыз.  

Сақтауды растау үшін Сохранить/Save батырмасын басыңыз. 

 

Парақтағы ақпаратты Microsoft Word құжатына көшіру 

Тышқан  курсорын  пайдалана  отырып,  көшіргіңіз  келетін  ақпаратты 

белгілеп  алыңыз  (барлық  парақты  толығымен  көшіру  үшін  Правка/Edit 

мәзірінен Выделить все/Select All функциясын таңдауға болады) 

Курсорды  белгіленген  фрагменттің  үстіне  қойып  тышқанның  оң  жақ 

батырмасын шертіңіз. 

Пайда болған терезеден Копировать/Copy функциясын таңдаңыз. 


Microsoft Word құжатын ашыңыз. 

Онда  тышқанның  оң  жақ  батырмасын  басып,  ашылған  тізімнен 



Вставить/Paste функциясын таңдаңыз.  

Microsoft Word құжатын сақтайсыз. 

Интернет – дүниежүзіндегі  ең  әйгілі,  ең  үлкен,  миллиондаған  

компьютерлерді желілердің үлкен желісіне біріктіретін желі.  

Интернет  сөзі  халықаралық  желі  (INTERnational NETwork) дегенді 

білдіреді.  означает  международную  сеть,  это  наиболее  точное  его 

определение. Интернет – бұл жер жүзіндегі  компьютерлер мен  серверлердің 

жиынтығы.  Бұл    клиент-сервер  желісі,  үйткені  онда  ақпаратты  сақтайтын 

серверлер  бар,  және  сіз  ақпаратты  басқа  компьютерлерден  ала  аласыз.  В 

Интернетте    объединены  миллиондаған  клиенттер  және  миллиондаған 

серверлер  біріктірілген,  ал  жеткілікті  ақпараттар  көлемін  бағалаудың  өзі 

қиын.  

 

Интернет тарихы және қайнар көзі 

1961  ж.  Defence Advanced Research Agensy (DARPA –алдыңғы  қатарлы 

зерттеу  жобаларының  қорғаныс    агенттігі)  АҚШ  қорғаныс  министрлігінің 

тапсырмасы  бойынша  пакеттерді  жіберудің    экспериментальдық  желісін 

жасау  жобасына  кірісті. ARPANET деп  аталған  бұл  желі,  алдымен  ядролық 

шапқыншылық жағдайында байланысты қалай үзбеуге болатынын үйренуге 

және зерттеушілерге қорғаныс өнеркәсібінің барлық штаттарда шашырыған 

зерттеу ұйымдарының арасында ақпарат алмасуына  көмек үшін  арналды.  

ARPANET-пен    эксперимент  табысты  болғаны  сондай,  тіпті  көптеген 

ұйымдар,  деректерді  күнделікті  жіберу  мақсатында  қолдану  үшін,  оның 

құрамына  енгісі  келді. 1975ж. ARPANET экспериментальдық  желіден 

жұмысшы желіге айналды.  

80-ж  аяғында  Ресей APRANET желісіне  қосылды. 1990ж. APRANET 

желісі  тоқтатылып,  оның  орнына  Интернет  пайда  болды.  Интернет 

мемелекеттік  шекаралар  қашықтығына  қарамай,  ақпаратты  еркін  алмасуға 

мүмкіндік берді.  



Интернет  қызметшілері.  Әр  қызметтің  өз  хаттамалары  болады. 

Мысалы,  интернетте  файлды  жіберу  үшін  арнайы  қолданбалы  хаттама FTP 

(File Transfer Protocol) қолданылады. Интернеттен файлды алу үшін қажет: 

Компьютерде клиент болатын программа болу керек(FTP –клиент); 

FTP қызметін беретін сервермен байланысты орнату (FTP – сервер). 

Тағы  бір  мысал,  электрондық  поштаны  пайдалану  үшін  хабарларды 

жіберу  және  қабылдау  хаттамаларын  қолдану  керек.  Ол  үшін  пошталық 

клиент программасы болуы қажет және  пошталық сервермен байланысты 

орнату керек. 



Терминалдық  режим – Telnet – бұл    компьютерді  алыстан  басқару 

қызметі.  Көп  жағдайда Telnet хаттамаларын  техникалық  обьектілерді 

дистанциялық 

басқару 


үшін 

қолданады, 

мысалы 

телескоптарды, 



видеокамераларды, өндірістік роботтарды.  

Электрондық  пошта (E-Mail).  Пошталық  қызмет  екі  қолданбалы 

хаттама SMTP және POP3 негізделген.  Біріншісі  корреспонденцияны 

компьютерден  серверге  жіберуге,  екіншісі  –келіп  түскен  хабарларды 

қабылдауға арналған. Клиенттік пошталық программалардың әртүрлері бар. 

Мысалы, Microsoft Outlook Express программасы  операциондық  жүйе 

Windows – дың стандарттық құрамында орналасқан.  



Тізімді  тарату (Mail List).  Бұл  арнайы  тематикалық  серверлер. 

Телеконференциялар 

қызметі (Usenet). 

Мұнда 


бір 

хабар 


бір 

корреспондентке  емес,  үлкен  топтарға  жіберіледі  (мұндай  топтар 



телеконференциялар немесе хабарлар тобы деп аталады).  

World Wide Web (WWW) қызметі.  

WWW-World Wide Web (бүкіләлемдік өрмек) - Интернеттің аса танымал 

сервисі. Ол әр әлемге таралған және ақпараттың аса көп көлемінен тұратын 

ондаған  миллион Web-серверлер  жиынтығынан  тұрады. Web-парақтар  деп 

аталатын Web құжаттар мультимедия элементтерінен (аудио, видео, графика 

және  т.б.),  сонымен  қоса  бір  құжаттан  басқа  құжатқа  көшуге  болатын 

гиперсілтемелерден  тұратын  графикалы  түрде  дайындалған  құжаттардан 

тұрады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет