«Құтты қызықтар есебі»
Бір қарияның ер жеткен үш ұлы болыпты. Қартайған шағында малын балаларына еншіге бөліп бергісі келген шал, 12 жерге қаз-қатар қазық қағады да, 1-ші қазыққа – 1 қой, 2 – шісіне – 2 қой, 3- шісіне – 3 қой, осы ретпен ең соңғы 12 – ші қазыққа 12 қой байлайды.
Ал, балаларым, мына қазықтардың бәрі құтты.
Осында байланған қойлардың үшеуі тең бөліп алыңдар, - дейді ол балаларына.
Қазықтағы қойлар саны бірдей емес қой. Сонда қалай тең бөліп аламыз? – деп алады үлкен ұлы.
Әрқайсысың 4 қазықтан қойды ағытып алсаңдар, еншілерің тепе-тең болады, - дейді қария.
Үш баласы қазақтардың ұзын бойына көз жіберіп тұрып, ойланып қалады. Ақырында балаларының ең кенжесі малды аралап келіп, 3-ші, 6-шы, 7-ші және 10-шы қазықта байланып тұрған қойларды, бөлек айдап шығады.
Кенжетайыма 26 қой тиді, енді сен екеуің еншілеріңді бөліп алыңдар, - дейді шал өзге екі ұлына.
Қайсымыз қай-қай қазықтағы қойларды шешіп алсақ екен? – деп екі жігіт ойланып қалады.
Есептің сұрағы: Бұл екеуі қалған 8 қазықтардағы қойларды қалай бөліп алуы мүмкін?
Есептің мәтінін оқығаннан кейін, балаларға қазақ халқының мұрагерлік дәстүрі туралы мағлұмат бере отырып, екінші сөзінің мағынасын түсіндірген жөн. Ананың ақ сүтін ақтау, әке борышын өтеу сияқты тәрбиелік мәні тт.бар мәселелерді бүгінгі күндегі келеңсіз жайыттармен («Қарттар үйі», ата-анасына қол жұмсау, т.с.с) байланыстыра әңгімелеп беру қажет.
Есептің мазмұнын талдауға мынадай сұрақтар беруге болады.
Қарияның неше ұлы бар?
Қарияның үш ұлы бар.
Неше қазық қағады?
12 қазық қағады.
Осыдан кейін есеп мазмұнының көрнекті моделін құрастыру керек, яғни 12 қазықтың суретін, әрқайсысының жанына байланған қойлардың санына сәйкес цифрларды қойған жөн. Мәселен, 1-ші қазыққа – 1,2-шісінде – 2,3-шісіне 12.
Әр бала неше қазықтан қойды алу керек?
(4) қазықтағы қойларды алу керек.
Кенже ұлы қай қазықтағы қойларды ағытып алды?
(3,6,7,10) қазықтағы қойларды ағытып алды.
Сонда оның еншісіне барлығы қанша қой тиді?
(3,6,7,10=26) қой тиді.
Қалған екеуі неше қазықтан қойды ағытып алуы керек?
(8) қазықтағы қойды алу керек.
Сонда әрқайсысының еншісіне қанша қойдан тиеді?
(26) қойдан тиеді.
Яғни, бұл есептің шешуі 26 санының құрамын табуға негізделеді. Белгісіз төрт қосылғышты табу арқылы біз есепті шығарып аламыз, сондықтан оның бірнеше тәсілі болуы мүмкін.
Есептің қысқаша мазмұнын былай беруге болады:
қазық - 1 қой, 2 - қазық- 2 қой, 3- қазық – 3 қой
4-қазық - 4 қой, 5 - қазық- 5 қой, 6- қазық – 6 қой
-қазық - 7 қой, 8 - қазық- 8 қой, 9- қазық – 9 қой
10-қазық - 10 қой, 11 - қазық- 11 қой, 12- қазық – 12 қой
Сұрағы х+х+х+х=26
Шешуі:
1-ші тәсіл 1+5+5+12=26 2+4+9+11=26
2-ші тәсіл 1+2+11+12=26 4+5+8+9=26
Жауабы: 1-ші тәсіл бойынша: екі жігіттің біреуі -1-ші, 5-ді, 8-ші, 12-ші, ал 2-ші, 4-ші, 9-шы, 11-ші қызықтарды бөліп алуы мүмкін т.с.с.
Сабақтың кез- келген тақырыбында жылдам есептеу үшін мұндай есептер сабақтың аяғында берілді.
Жұмбақты балалар әрқашан бар ынтасымен шешеді. Жұмбақтар – логикалық жаттығулар балалардың дұрыс ойлауын қалыптастыруға көмектесетін құралдардың бірі болып есептеледі.
Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда ойындар маңызды орын алады. Сондықтан да ұлттық ойындарды, математика сабақтарында пайдалануға сәйкестендіре өндеп дидактикалық ойындар ретінде қолдануға болады деп ойлаймыз.
Математика сабақтарында халқымыздың аса бай қазынасы қазақтың ұлттық ойындарын да пайдалансақ, ол балалардың өзінің ұлтын, салт – дәстүрін, мәдениетін сүюге, құрметтеуге үйретеді.
Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, творчестволық қабілетін оятып, логикасын жетілдіріп, бүкіл өміріне ұштаса береді, фольклор қазынасы баланың математикалық қабілетін дамытуға көмектеседі.
Халық педагогикасының ішіндегі қазақтың ұлттық ойындары:
«Алтын сақа», «Бәйге», «Көкпар», «Сақина салмақ», «Бес тас», «Тоғыз құмалақ», «Күміс алу», «Ақ сүйек», тағы басқалары ата-бабамыздың бізге жеткен байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, оны үйренудің күнделікті тұрмыста пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ұлы педагог В.А. Сухомолинский «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дегеніміз – ұшқыр білімге құмарлық пен еліктеудің аздап жанар оты», - деген болатын. Ендеше, ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат беретін ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Ұлт ойындары қазақ педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаймыз, себебі: адам баласы жасаған «жеті қасиеттің» сегізіншісі болып осы ойынның аталып жүруі де жайдан жай емес. Біздің балаларымыз өзіміздің ұлттық ойындарымызды үйрене отырып, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауында, ата – бабаларының психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарын саралап, жете білулеріне, дәстүрлер жалғасын өрістете отырып, өткен мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне ұлт ойындарын жеткілікті білулері көп септігін тигізеді. Оқушылар ойын арқылы бір – бірімен тіл табысып, тез ұғынысады, бір – бірінен ептілікті, тапқырлықты, білімділікті үйренеді. Тапқыр да, алғыр, шымыр да, епті, қайратты да, қажырлы болуды армандамайтын оқушы жоқ. Демек, ойынның өзі балаға білімнің, тәрбиенің қайнар көзі сияқты ықпал етіп, танымын жетілдіреді.
Халық ауызекі шығармашылығының аса бір қызықты саласы – қазақ халқының ауызша есептері бала-бақшада математиканы оқытудың қажетті, әрі мазмұнды құралы болып табылады. Оларда халықтың әр дәуірдегі әлеуметтік – тұрмыстық жағдайы, кәсіби еңбегі, дүниетанымы, болашаққа деген сенімі, есепке жүйрікті, ақыл-ойының ұшқырлығы айқын бейнеленген.
Достарыңызбен бөлісу: |