АғАрх Дәріс тақырыбы: Терезелер мен есіктер


Лоджиялар, олардың пішіндері мен өлшемдері



бет5/5
Дата02.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#132563
1   2   3   4   5
Байланысты:
АҒАрх-қаз. Дәріс-13. ПРЕЗЕНТАЦИЯ.

Лоджиялар, олардың пішіндері мен өлшемдері
Лоджия - үш жағынан қоршалған бір жағынан ашық (төменгі жағы қоршалған) алаң. Лоджия ғимараттың негізгі көлеміне қарағанда ішінде немесе сыртында болып жобалануы мүмкін. Лоджия ғимараттың ішкі кеңістігін сыртпен байланыстыру, балалар
мен ересек адамдардың таза ауа жұтып демалуына, сонымен қатар шаруашылық мақсаттарға қолдану үшін пайдаланады.
Мемлекетіміздің оңтүстік аудандарында лоджияларды пайдалану қосымша микроклиматтық тиімділікті береді, пәтердің лоджияға жанасқан бөлмелерінің артық қызып кетуінен сақтайды.
Олар тұрғындарға ыңғайлы жағдайлар жасаумен қатар, ғимараттың көркемдік, сәулеттілік келбетін жасауға үлкен әсерін тигізеді.
Лоджияның тереңдігі арналу талаптарына байланысты 1,4 м-ге жетеді. Олардың жоспардағы формасы жөне ұзындығы арналуына, композициялық және құрылымдық шешімдерге байланысты қабылданады. Олардың ұзындығы жалғыз 1-2 бөлменің көлемінде ғана емес, бүкіл көрінісі бойымен, тіпті ғимараттың периметрі бойынша созылып жатуы да мүмкін.
Лоджия жоспарда тік бұрышты, трапеция төріздес, жарты шеңберлі, ара және толқынды болып келеді.
Лоджияның құрылымын сыртқы қабырғалар, ылғал оқшаулағышы бар жабын тақталар, еден және қоршау құрайды. Лоджия қабырғасы үйдің құрылымдық сұлбасына байланысты әр түрлі түрде шешіледі.
Ғимараттың бойлық қабырғалары көтергіш болғанда лоджия тақтасы соларға жатады, ал көтергіш қабырғалары көлденең орналасса тақта соларға жатады, бірақ лоджияның көлденең қабырғаларын жылу оқшаулағышпен (қосымша панельмен) қаптау керек. Лоджия тақтасы негізгі ғимаратқа қолданылатын көпқуысты немесе біртұтас темірбетонды тақталар болып келеді.
Сырттай жасалған лоджия қосымша лоджия қабырғаларынан, арқалық жабыннан және қоршаудан тұрады. Кейде қосымша лоджия қабырғасының орнына көтергіш бөлшегі есебінде бағана консолі қолданылады.
Балкон мен лоджия едендері олардың жанасатын бөлме едені деңгейінен 50-70 мм төмен болуы тиіс. Балкон тақтасы үстінде ылғал оқшаулағыш орнатылады да, оның үстінде көрініс жазықтығынан 2-3% -ға еңкісті асфальт цемент, керамикалық едендер жасалады. Лоджия мен көрініс қабырғасының жанасар жігінде ылғал оқшаулағыш жасалады да, қосымша екі қабат оралмалы материал желімделеді.
Балкон мен лоджия қоршаулары бетон тақталарынан, металл торларынан жасалады. Тіреуіштері металдан жасалып тақтада қарастырылған бекіту тетіктеріне дәнекерленіп бекітіледі.
Кірпіш қабырғалы ғимараттарда лоджия және балкон қоршаулары биіктігі 1 м, қалыңдығы 120 мм келетін кірпіш қабырғалардан жасалады.
Бақылау сұрақтары
1. Балкондар не үшін жасалады?
2. Жоспарда балкон пішіндері қандай болады?
3. Балкон қандай бөлшектерден түрады?
4. Балкон тақталарының өлшемдері неге байланысты?
5. Эркердің қолдану салалары.
6. Олар пішіндерінің әр түрлі болуының себептері неде?
7. Эркердің арналуын түсіндіріңіз.
8. Лоджия-балкон деген мағынаны қалай түсінесіз?
9. Лоджияның екі түрінетүсініктеме беріңіз.
Бақылау сұрақтары
1. Терезелердің арналуы.
2. Терезелерге қойылатын талаптар.
3. Терезеге қандай жүктемелер әсер етеді?
4. Әйнегінің қалыңдығы неге байланысты болады?
5. Бір, екі, үш әйнекті терезелердің қолдану салалары.
6. Терезе жармаларының сыртқа немесе ішке ашылуы неге байланысты?
7. Желкөз бен фрамуганың айырмашылықтары неде?
8. Қабат биіктігі мен терезе биіктігі арасында қандай байланыс бар?
9. Дара және қосарланған жармалы терезелердің ерекшеліктері неде?
10. Терезе ауданы неге байланысты қабылданады?
11. Есіктердің арналуы.
12. Есіктер қандай қасиеттеріне байланысты жіктеледі?
13. Оларға қойылатын талаптарды атаңыз.
14. Есіктердің сыртқа немесе ішке ашылуы неге байланысты?
15. Витраждар мен витриналар туралы түсініктер беріңіз.
16. Екеуінің бір-бірінен айырмашылықтарынеде?
17. Терезелер мен есіктер жасауда қандай жаңа материалдарды білесіз?
18. Есік түрлерін атаңыз.
19. Балкон есіктеріне қандай арнайы талаптар қойылады?
20. Есіктерді ұңғыға бекіту жолын түсіндіріңіз.
21. Терезе және есік қүралдарын атаңыз.
22. Терезе пішін сүлбаларына қарап олардың қай жаққа ашылуын қалай білуге болады?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет