1.3. ҚАПТАУШЫ ЗАТТАР Қаптаушы заттар шырышты қабаттарды жаба отырып, сезімтал жүйке ұштарын тітіркенуден сақтайды. Қаптаушы заттарға крахмалдың шырышы, жібек дәнінің шырышы және т.б. жатады. Оларды көбіне асқазан-ішек
58
жолдарының қабыну үрдістерінде, сонымен қатар тітіркендіргіш қасиеті бар заттармен бірге қолданады. Қаптаушы заттар резорбтивті әсер көрсетпейді.
1.4. АДСОРБЦИЯЛАУШЫ ЗАТТАР
Адсорбциялаушы (сорып алушы заттар) заттар суда ерімейтін, тіндерді
тітіркендірмейтін және адсорбциялық беткейлігі үлкен ұнтақ тәрізді инертті
заттар. Теріге немесе шырышты қабаттарға қолданғанда олар химиялық
қосылыстарды өзінің бетіне адсорбциялап, сезімтал жүйке ұштарын
тітіркендіргіш әсерлерден қорғайды. Сонымен қатар адсорбциялаушы заттар
тері бетін немесе шырышты қабаттарды жұка қабатпен жаба отырып, сезімтал жүйке ұштарын механикалық түрде қорғайды. Мысалы, т а л ь к (4SіО2• 3МgО•Н2О) тері бетіне қолданылғанда бездердің бөлінділерін адсорбциялайды, теріні кептіреді және оны механикалық тітіркенуден қорғайды. Адсорбциялаушы заттарды (мысалы, белсендірілген
к ө м і р д і) химиялық қосылыстармен уланғанда қолдану өте маңызды.
Белсендірілген көмір ішке тағайыңдалғанда уытты заттарды адсорбциялайды,
олардың сіңуін баяулатады немесе тоқтатады және мүмкін болатын жедел улануды басады. Сонымен қатар адсорбенттер диареяда (уытты заттарды
адсорбциялайды), метеоризмде (күкіртгі сутекті сіңіреді) қолданылады.
2 Т а р а у АФФЕРЕНТТІ ЖҮЙКЕ ҰШТАРЫН ЫНТАЛАНДЫРАТЫН ДӘРІЛІК ЗАТТАР
Берілген тарауда тері мен шырышты қабаттардың сезімтал жүйке ұштарын таңдамалы қоздыратын және қоршаған тіндерді зақымдамайтын заттар қаралып отыр. Бұл кезде пайда болған рефлекстер түрлі патологиялық жағдайларды емдеуде пайдалы болуы мүмкін. Осындай типті негізгі дәрілік заттар келесі топтарга жатады:
Тітіркендіргіш заттар Қыша қағазы Ментол
Тазартылған терпентин майы Аммиак ерітіндісі