Ағылшын тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызы



Дата24.04.2023
өлшемі22,27 Kb.
#85994
Байланысты:
агылшын статья


Дакирова С.А., Жарылғапова Ш.Н.
Ю. Гагарин атындағы ЖББОМ КММ
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті


Ағылшын тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызы

Елбасы Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы тілдерді үйрету мәселесін былай белгіледі: «Қазір біз балаларымыздың қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеруі үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үш тілдік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуын керек. Біз ағылшын тілін игеруге серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады» деп Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы өз жолдауында айтқан болатын.


Жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылыми құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілігі ол – үш тілде оқыту. Тіл мәдениетін игеру – әр баланың сәби шағынан басталып, ары қарай біртіндеп жетіліп отыратын үрдіс. Сондықтан да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Сондықтан да, балалардың ой өрісін үздіксіз дамыту үшін оқу іс - әрекетін қызықты оқытудың заманауи әдістері арқылы өткізудің маңызы зор. Сондай жаңа оқыту әдістеріне оқытудың интерактивті әдістері жатады.
Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде оқытудың жаңа әдістерінің маңыздылығын атап айтуға болады. Жаңа әдістердің ең негізгісінің бірі - «интерактивті оқыту әдісі». Білім берудегі интерактивті технология (интерактив сөзі-inter (бірлесу) act (әрекет)) сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Бұл өзара әрекеттестіктің ерекшелігі мыналардан тұрады:
* білім субъектілерінің бір мағыналық кеңістікке келуі;
* күрделі мәселелер өрісінде шешілетін тапсырмаларды бірігіп көтеру, яғни бірыңғай шығармашылық кеңістікке қосылу;
* тапсырмаларды шешуді жүзеге асыратын әдістер мен құралдарды таңдауда келісушілік;
* жақын эмоциялық жағдайларда оң-сол күйге бірге түсуі, тапсырмаларды қабылдау мен жүзеге асыруда бойда болатын үндес сезімдерді бастан кешуі.
Интерактивті оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде оқушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады, оны қызметтестік пен кооперацияның әлде қайда жоғары нысандарына ауыстырады.
Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы – бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі.
Интерактивті әдістер оқушының қызығушылығы мен белсенділігін арттырып, алынған мәліметтерді шығармашылық тұрғыдан қайта өңдеу болып табылады.
Оқудың интерактивті әдістерінің маңызы қандай? Ең алдымен, интерактивті әдістер:
* оқушылардың қызығушылығын туғызады;
* әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
* әрбір оқушының сезіміне назар аударады;
* оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
* оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
* кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;
* оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
* өмірлік машықтарды қалыптастырады;
* мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.
Интерактивті оқыту – бұл таным іс-әрекетін ұйымдастырудың арнайы нысаны. Ол толық нақтылықты және болжамды мақсаттарды айтып отыр. Осындай мақсаттың бірі оқушылар өзінің сәттіліктерін, интеллектуалдық жағдайларын, оқу процесінің өзінде қандай өнімді іс істеу керектігін сезінетін, оқудың қолайлы жағдайын жасаудан тұрады. Сондай-ақ ағылшын тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда осындай жаңа әдістердің алатын орны ерекше екенін атап өтпеске болмас. Мұғалім оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, мәселелік сауалдарға жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдалана білген мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді.
Жаңа инновациялық әдістерді ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:
- үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;
- оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
- сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
- оқушылардың шығармашылығын арттырады;
- оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;
- грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
- оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
- пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;
Біз өз сабақтарымызда алдымен топқа бөліп, ой қозғап, жаңа тақырыпқа қызықтырып бағыттаймыз. Тақырыптың ең құнды мәселелерін анықтауға ұсынамыз, салыстыруға, ойларын сыни тұрғыда ойлана отырып жазуды ұсынуға, қорытынды жасай алуға, сабаққа кері байланыс ұсынуға үйретеміз. Ал, мұндай сабақта оқушы топта жұмыс жасауға бейімделеді, мәтінмен өздері танысады, біздің пайдаланатын жаңа әдіс-тәсілдеріміз арқылы жаңа сабақты меңгереді, ой қорытып қағаз бетіне түсіреді, ой толғайды, диалогқа түседі, пікір алмасады, сыни ойланып сұрақтарға жауап береді. Яғни, сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады. Сыни тұрғыда ойлауы қалыптасқан оқушының функционалды сауаттылығы да дамып, өзіне анық мақсат пен міндет артады және өзіне деген сенімділігі пайда болады. Нәтижесінде неғұрлым дамытылған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады.
Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады. Оқушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып,таңғалып, шабыттанып отырып білім алады.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Аңдатпа: Мақалада ағылшын тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызы ашылып қарастырылған. Осындай оқытудың заманауи әдістері ретінде интерактивті әдістерге жеке тоқталып өткен. Авторлар олардың оқыту барысындағы маңызын зерделеп көрсеткен. Сондай-ақ ағылшын тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда осындай жаңа әдістердің алатын орны ерекше екені айқындалған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет