АҒылшын тілін оқытуда оқушылардың СӨйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында интерактивті әдісті қолдану



жүктеу 174.02 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.03.2017
өлшемі174.02 Kb.

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ 

ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДА 

ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТІ ҚОЛДАНУ 

 

А.К. Джакслыкова  

№1 ЖОББМ ағылшын тілі мұғалімі 

 

Қазіргі  Қазақстандық  қоғам  көпұлттық,  көптілділік  және 

көпмәдинеттілік  жағдайда.  Сондықтан  осы  қоғамға  бейімделген 

көп  тілді  меңгерген  мәдениетті  тұлға  қалыптастыру  -  өзекті 

мәселелердің  бірі.  Тіл  мәселесін  сөзге  тиек  ете  отырып, 

Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш 

тілді  біліп,  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерін  еркін  білу  тиіс 

екендігін айтты. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, 

ұлттың  бәсекеге  шынайы  қабілеттілігі  туралы  айту  қиын 

болатындығын  ескерте  отырып,  барлық  ата-аналарды  балаларын 

үш тілде оқытуға шақырды. 

Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі 

мен ағылшын тілін еркін білу қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, 

бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Осы ретте 

Білім  және  Ғылым  министрлігінің  ағылшын  тілін  бастауыш 

сыныптан бастап үйретуге назар аударуы – дұрыс талап. Бүлдіршін 

жаста  меңгерілген  білімнің  іргетасы  берік  әрі  мықты  болмақ.  Ал 

осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине 

мұғалім.Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін 

оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік 

озық  тәжірибелерді,  жаңа  технологиялар  мен  әдістерді  барынша 

қолдануда. 

Осыған  орай  оқушылардың  белсенді  өзіндік  жұмысын 

қамтамасыз ету үшін оқушылардың бір мәселені бірігіп шешуде өз 

бетінше  белсенді,  танымдық  шығармашылық  әрекетін  қамтамасыз 

ететін  интерактивті  тәсілге  баса  назар  аударуда.        Ағылшын  тілі 

сабағында  оқушылардың  тілін  дамыту,  білім  -  білік  дағдыларын 

қалыптастыру,  сөйлеуге  деген  қызығушылығын,  белсенділігін 

арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарда бұл әдіс сабақтың әр 

кезеңінде де қолдану тиімді.  

 

Теория және фактіге негізделген білімді қалыптастыруда, үй 



тапсырмасын  және  жаңа  сабақты  пысықтауда,  ережелерді 

қайталауда  пайдаланылады.  Мысалы  фонетикалық  жаттығулар 

арқылы етістіктердің шақтарын қайталау. 

 

The Question Song 

What did you watch? Where did you play? 

What do you listen to yesterday? 

Where did you walk? Who did you phone? 

What did you do when you arrived home? 

I watched TV, I played my guitar, 

I listened to my favourite singing star. 

I walked to school, I phoned my friend,  

I finished all my homework in the end. 

I didn`t watch a film, I didn`t play a ball, 

And I didn`t listen to anything at all. 

I didn`t walk here and I didn`t phone there, 

I stayed at home and I washed my hair! 

 

Tomorrow's My Birthday 

Tomorrow's my birthday and I'll be four 

And I won't have to stay home anymore. 

I'll take down my bank right off my shelf 

And I will go out and about by myself. 

I'll buy me a ticket and I'll take a train 

And I'll go to Texas to ride on the range. 

I'll buy me some boots and a hat, but no toys, 

В‘Cause I'll be as big as all the cowboys. 

I'll rope and I'll ride and I'll be the best 

Of all the cowboys in the world and the West. 

And when it gets dark on the cattle drive— 

Well, maybe I'll wait until I am five. 

 

Бақылау  қабілетін  дамыту,  оқылатын  мәселеге  ықыласын 



көтеру  және  оқу  материалының  мазмұнын  көрнекілік  арқылы 

түсіндіру, баланы ойландырып сөйлетуге. “What can you see on this 

picture?” 

 

Практикалық іскерлік пен әдетті дамыту үшін және тақырып 



мазмұнына  сәйкес  практикалық  жұмыстарды  жүргізу  үшін 

түсіндірілген  материалды  оқушылардың  қаншалықты  меңгергенін 

бақылау үшін пайдаланылады. 


Сабақ барысында қолданылған төмендегі бір-екі мысалға көңіл 

аударайық.  Белгілі  бір  өтілетін  тақырыпты  пысықтау  мақсатында 

оқушыларды екі топқа бөліп, оларға негізгі тақырыпқа байланысты 

(“Culture” тақырыбын алайық) тақырыпшаларды береміз: 

1 топқа: “Kazakhstan” 

2 топқа: “Great Britain ” 

Әр  бір  топ  өздеріне  берілген  тақырыпшалар  бойынша 

ассоциограмма 

жасайды.Ассоциограмманың 

көмегімен 

топ 

оқушылары  бірігіп,  өздеріне  берілген  салт-дәстүр,  ұлттық  киім, 



ұлттық  тағам  түрлері  жайлы  толық  мағлұмат  бере  отырып  оның 

ерекшеліктерін  ашып айта білулері керек. Сонымен қатар әр топқа 

қойылатын  талап  тақырыпқа  байланысты  жаңа  сөздер  мен  сөз 

тіркестерін  көбірек  пайдалану  және  талқылауға  топ  оқушылардың 

түгелдей  қатысуын  қадағалау.  Соңында  оқытушы  топтарға  бірін  - 

бірі  бағалауға  мүмкіндік  беріп,  өзінің  қойған  бағасымен 

қорытындылай отырып, әр топтың ортақ бағасын шығарады. 

Осы  тәрізді  тәсілді  грамматикалық  жаттығуларды  орындату 

кезінде  де  пайдаланған  өте  тиімді.  Мұндай  жағдайда  топ 

оқушылары әр бір ұпай үшін күреседі. 

 

Өзінше  ойлануды  және  зерттеу  қабілеттерін  дамыту  үшін 



оқушыларды 

тақырыпты 

проблемалық 

оқытуға 


әзірлеуде 

қолданылады.  

 

 

Жаттығу түрі «Find the words» деп аталады.  



food 

school 

fruit 

house 

meat 


….. 

banana 


…. 

bread 


pen 

…… 


bedroom 

….. 


….. 

…… 


….. 

 

Соңғы кезде көп қолданылып келе жатқан жұмыс түрінің бірі – 



«Brainstroming»  әдісі,  яғни  суреттеліп  берілген  белгілерді  қолдану 

арқылы  біртұтас  әңгіме  құрастыру,  оны  әңгімелеп  айту  болып 

табылады 

 

Қорытынды  жасау  қабілетін  дамыту  күрделендіре  оқыту 



үшін, ойлау қабілетін қалыптастыру үшін.  

Интерактивті 

тәсіл, 

әсіресе 


сабақты 

пысықтап, 

қорытындылауға  бірден-бір  көмегін  тигізетін  тәсілдердің  бірі. 

Сонымен қатар интерактивті әдіс  арқылы оқушылардың өз білімін 



өздері  бағалайды  да  олар  алған  білім,  білік  дағдылары  бойынша 

бағаланады.  Әсіресе  өзін  -  өзі  бақылау,  топтық  өзара  бақылау 

кезеңдері сабақты бекітуге біршама септігін тигізеді. 

Бұл  бақылауды  төмендегі  бақылау  әдіс  белгілері  арқылы  іске 

асыруға болды. Өздік бақылау. 

1.Менің  бүгінгі  тақырыпқа  өз  бетімше  дайындығым  :  төмен, 

орта , жоғары. 

2. Бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім : төмен, орташа, жоғары. 

3. Бүгінгі сабаққа қатысуым : төмен, орташа, жоғары. 

Топтың өзара бағалауы (топтар бір-бірін бағалайды) 

1.  Топ  ұжымының  татулығы,  белсенділігі,  өзара  әрекет  әдебі, 

топтық араласу әдебі: төмен, орташа, жоғары. 

2.  Жаңа  тақырыпты  өмірмен  байланыстыра  айтуы  :  төмен, 

орташа, жоғары. 

3. Сөйлеу шешендігі, мәдениеті: төмен, орташа, жоғары. 

Бұл  бақылаулар  оқушыларды  өздеріне  және  өзгеге  сын 

тұрғысында қарауға үйретеді. Онда біреу үшін жауапты болу қажеттігі 

туады.  Бұл  бағыттау  мен  бағалау  оқушылардың  бойында  мына 

қасиеттерді  қалыптастырады:  еріктілік,  еңбексүйгіштік,  өз  біліміне 

сенімділігі, қабілеттілігі, жауапкершілікті сезінуі, адамдық, жолдастық 

қасиеттер,  сөз  қоры,  ғылыми  ақпараттарды  ақтаруы,  өзінше  түйін 

жасауы, сөйлеу мәдениеті т.б. 

 

Өзіндік  жұмыс  әдісін  –  оқу  әрекетінде  жұмыс  істеуде 



қабілетті  дамыту  және  оқу  еңбегінде  дағдыны  қалыптастыруда 

жеңіл  тақырыптарды  өз  бетінше  дайындауға,  дидактикалық 

материалдармен  тиімді  жұмыс  жасай  білуге  баулу  үшін 

қолданылады. 

Мысалы:  Шағын  шығарма  жазу  оқушылардың  тек  жазу,  тілді 

тусіну, сөйлеу қабілеттерін арттырып қана қоймай әр баланың жеке 

тұлға  ретінде  қалыптасуына  себеп  болады.  Бұндай  шығармаларды 

көп  уақыт  алмай  5  минуттық  жазу  ретінде  өткізу  әбден  мүмкін. 

Шығарма  тыңдау  барысында  диалогтағыдай  баланың  жіберген 

қателеріне емес, оның идеясына, өмірлік тәжірибесін сипаттай білу 

қабілетіне көбірек назар аударған жөн. 

Тақырыптар түрі сан алуан:  

«Бүгінгі күннің ең қызықты сәті». 

«Менің жазғы демалысым» 

«Менің сүйікті актерім». 

«Менің хоббиім». 



«Мен ұнататын нәрсе». 

«Мен ұнататын аң».  

 

Оқушының 



сабаққа 

деген 


қызығушылығын 

оятып, 


белсенділіктерін  арттыра  түседі,  сонымен  қатар  оқушылардың 

сөйлеу  -  білік  дағдыларын  қалыптастырады.  Жалпы  шетел  тілі 

сабағында  қолданылып  жүрген  рөлдік  ойындар,  іскерлік  ойындар, 

пікір  талас,  оқушылардың  баяндамалары  мен  ақпараттық 

хабарлары,  дәріс-диалог,  тренинг,  дөңгелек  үстелдер,  ұжымдық  – 

танымдық  оқу,  иммитиация  әдістері  осы  жоғары  белсенділікті 

дамыту әдісінің интерактивті әдіс белгілері болып табылады.  

Тағы бір көңіл аудара кететін жағдай интерактивті әдіс тәсілдің 

маңызды  көрсеткіштері  деп  оның  тәрбиелік  жағын  да  айта  кеткен 

жөн.  Топпен  жұмыс  істеу  оқушылардың  бірін  -  бірі  тануына, 

тыңдау  мен  пікір  алысу  мәдениетінің  қалыптасуында  да  өз  әсерін 

тигізеді.  Сонымен  бірге  бұл  әдіс  оқушыларды  жұп  болып,  бірігіп 

жұмыс  жасауға,  жұмыс  жасай  отырып,  өзгелерге  көмек  көрсетуге 

үйретеді.  

Сонымен қатар бұл ұғым тәсіл ретінде төмендегідей талаптарға 

сай келеді. 

- Ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегіне өткізеді. 

-  Оқушы  өзін-өзі  еркін  және  ыңғайлы  сезінетін  өрісті 

қалыптастырады, тілді оқып үйрену ниетін арттырады. 

-  Оқушының  жеке  тұлғасына  тікелей  әсер  етіп,  танымдық, 

шығармашылық қабілетін оятады. 

- Топпен жасалатын жұмысты түрлі формада (жұптық, топтық, 

ұжымдық) өткізуді қамтамасыз етеді. 

- Ойлауды белсендіреді. 

- Ынтымақтастықпен әрекет етуге үйретеді. 

- Тыңдау дағдысын қалыптастырып, өзгені тыңдай алады. 

Қорыта  айтқанда,  интерактивті  тәсілдің  ерекшеліктерін  ескере 

отырып  құрастырылған  тапсырмаларды  орындау  оқушыларға 

оқытылып  отырған  тілдің  практикалық  тұрғыдан  қолдану 

нәтижесін,  жемісін  көруге  мүмкіндік  береді  және  осы  жағдай 

олардың  шетел  тілін  оқып  үйренуге  деген  қызығушылығын 

арттырады.  Сонымен  қатар  оқушылар  әрекетін  белсендіру,  оқу 

материалдарын,  оқыту  әдістері  мен  тәсілдерін  жетілдіру,  соның 

ішінде  сөйлеу  дағдыларын  қалыптастыру  сияқты  негізгі 

педагогикалық мәселелерді іске асырады... 

 


Әдебиеттер 

 

1.

 

Сайт  материалдарынан: 

http://teacher-almaty.clan.su/publ/

 

http://45minut.kz/ 

2.

 

«Айқын»  республикалық  қоғамдық-саяси    газет    «Көптілді 

білім беру – заман талабы» 05.07.12. 

3.

 

Бабинская  П.К.,  Леонтьева  Т.П.,  Андреасян  И.М.,  Будько 

А.Ф.,  Чепик  И.В.  «Практический  курс  методики  преподавания 

иностранных языков», Минск-2003 

4.

 

Шолпанбай  С.К.  «Шетел  тілін  оқытуда  интерактивті 

тәсілді  қолданудың  ерекшеліктері  мен  тиімділігі»,  журнал 

«Мектептегі шет тілі» № 2-2008 

 

 



 

 

 





Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет