Бұл әдіс жақсылардың жақсысы! Мен
шет елдік маманнан сабақ алғанда, мені
осы әдіспен аз уақыт ішінде ағылшынша
сайратқан болатын. Бұл әдіс сіздің өзіңізге
деген сенімділікті арттырады. Барьерді жеңіп,
ойыңызды еркін жеткізетін боласыз. Ол
қалай?
Сізге арнайы тақырып беріледі. Сіз
сол тақырыпта ойыңызды жинақтап
дайындаласыз. Сосын телефонды алып,
камераға қарап сол тақырыпта
ойыңызды
жеткізуге тырысасыз. Бірден айтайын ең
бірінші рет тіптім жетінші рет түсірсеңіз
де жақсы шықпайды. Өзіңізге қарап
күліп аласыз, айтқан сөздеріңізді тыңдап,
қателеріңізді жөндейсіз. Біреумен сөйлесіп
тұрғандай боласыз. Дегенімен қараңызшы
бір видео түсіру үшін сіз оны 5-6 қайтара
түсіресіз, қаншама қайталау кетті, міне нағыз
практика. Егер осы әдіспен жаттығып 20
түрлі тақырыпта сөйлеп видео түсіретін
болсаңыз, аз уақытта еркін ойыңызды
жеткізетін боласыз. Әр жексенбі сайын
өзіңізге қызықты
тақырып таңдап видео
түсіруді әдетке айналдырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: