АҒымдағы ақпараттар былтыр қажылық парыздың өтелу сәтінде 769 адам аяқасты тапталып бақилық болса, 934 адам зардап шеккен. Қайтыс болғандардың



жүктеу 256.88 Kb.

бет1/3
Дата03.03.2017
өлшемі256.88 Kb.
  1   2   3

ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

Газет 1939 жылдың 

19 наурызынан бастап шығып келеді

АҒЫМДАҒЫ АҚПАРАТТАР

Былтыр қажылық парыздың өтелу сәтінде 769

адам аяқасты тапталып бақилық болса, 934

адам зардап шеккен. Қайтыс болғандардың

130-ы ирандықтар болған. Иран Сауд Араб би-

лігін қажылықты дұрыс ұйымдастырмаған,

қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмаған деп

айыптап, өз елінен қажылыққа адам жібер-

мейтінін мәлімдеген.

Қазақстанда бетпақдалалық, оралдық,

үстірттік ақбөкен түрлері бар. 2015 жылы өлген

ақбөкендер саны 150 мыңға жетіп, өлімге

себеп пастереллез қоздырғышы делінген.

Бүгінде Орал бойы ақбөкендерінің өсімі

байқалады. Бұл былтырғы шығынның орнын

толтырып алмағанымен өсім ерекше

байқалған. Ақбөкендер қазір Орталық,

Солтүстік және Батыс Қазақстан облысы мен

Ресей және Өзбекстан территориясын мекен

етуде.

ИРАНДЫқТАР

қАЖЫЛЫққА 

БАРМАЙДЫ

ОРАЛ

АқБөКЕНДЕРІНІң

өСІМІ БАЙқАЛАДЫ

ұБТ-ның

АЛАңЫ ДАЙЫН

ƏЛЕМДЕ


АУДАНДА

ЕЛІМІЗДЕ


Аудан әкімдігі мәжіліс залында өткен алқа от-

ырысында аудандық білім бөлімі тарапынан

хабар ланған мәлімет бойыша Ұлттық бiрыңғай

тест сынағы ауданымызда  3  маусым күні өтедi.

Бүгiнде ҰБТ өтетiн №270 мектеп ғимараты

маңызды шараны өз дәрежесiнде өткiзуге толық

әзiр. 

– ҰБТ-ны өткiзуде талап былтырғы күйiнде қалып

отыр. Ал, шектi балды жинай алмағандарға 2242

теңге төлеп, тамыз айында өтетiн кешендi тест

сынағына қатысуға мүмкiндiк берiледi. Шектi

балл жоғары оқу орындарына түсу үшiн – 50, уни-

верситеттерге қабылдану үшiн 70-тен кем бол-

мауы керек. Жалпы  аудан  бойынша биыл

мектеп бiтiрушi 812 түлектiң  543-і ҰБТ-ға қатысуға

өтініш бiлдiрген.  Әрине, ауданымыздағы бiлiм

сапасының көрсеткiшiн айғақтайтын соңғы

нәтиженi маусым ның  3-i күнi өтетiн сынақтан соң

бiлемiз. Сала мамандарының мәлiмдеуiнше, тест

орталығын дағы тәртiп, талапкердiң құқықтары

алдын ала егжей-тегжейлi түсiндiрiлген, тыйым

салынған заттарды тест өтетiн аудиторияға алып

кiрмеу керектiгi ескертiлген.  Он бiр жыл алған

сапалы бiлiмiн дәлелдеп шығу үшiн түлектерге

тест тапсыруға 3 сағат 30 минут уақыт берiледi.

ҰБТ өтетiн  14 аудитория қажеттi құрал-жабдық -

тармен толық қамтамасыз етiлген. Ұялы теле-

фонды анықтайтын құрылғыдан бастап,

бейне  жазу камералары, аудиторияда қолайлы

жағдай туғызу үшiн салқындатқыштар орнатылып,

тексерiлiп, ҰБТ-ны талапқа сай өткiзуге сақадай-

сай. Ендеше, бітіруші түлектерге алдағы сыннан

сүрінбей өтіп, ауданның, білім ордасының,

ұстаздарының үкілі үмітін ақтауда сәттілік

серіктерің болсын дегіміз келеді. 

ШАРА


НӘУБЕТ ҚҰРБАНДАРЫНА 

Ел тарихында қаралы жылдардың

бірі – 1931-1933 жылдардағы

ашаршылық, 1937-1938 жылдардағы

саяси қуғын-сүргіннің қасіретті іздері.

Бұл нәубет қаншама миллион

қазақстандықтарды жазықсыз

жаланың құрбаны етті. Бұдан кейінгі

жылдарда да халқымызды тағы бір

қаралы нәубет келіп, қан қақсатты. Ол

– елдің мысын басып, еңсесін

көтертпеу мақсатындағы

Голощекиннің құйтырқы саясаты -

халық қалаулыларын, ұлт зиялыларын

«халық жауы» деген желеумен жою

миссиясы еді. Бүкіл елімізді шарпыған

қаралы жылдар халқымыздың басына

қара бұлт үйіріп, жұртын бостырып жі-

бергені ел мен жердің кешегі шежіре-

сінен белгілі. Әсерлі көрініспен

басталған сонау зобалаң замандардың

зұлматты күндерін еске алу шарасына

жиылған көпшілік  осы күндердің

сүреңсіз шақтарын бір сәт сахналық

қойылым арқылы көз алдынан өткізді. 

Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев, “Нұр

Отан” партиясы аудандық филиалы

төрағасының бірінші орынбасары

П.Маханбет, аудандық ардагерлер

кеңесінің төрағасы С.Оразымбетов ес-

керткіш алдына гүл шоқтарын қойып,

тағзым етті. Тарихты өшірмей

ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыру

аузы дуалы қарияларымыздың

әңгімелерінен даритыны сөзсіз. 

Саяси қуғын-сүргін құрбандарының

ұрпақтары З.Ишанқұлов пен

С.Шабаевтың әсерлі әңгімелерінен

көпшілік бірқатар тұщымды мағлұмат

алды. Одан соң мінберге көтерілген

Мұстафа Шоқайдың немере інісі,

зұлмат жылдардың құрбаны болған

Ә.Аманқұлов тарихи мән-маңызы

жоғары бүгінгідей шараның жыл

сайын жоғары дәрежеде өтуі кейінгі

буын жастар үшін қажет екеніне

тоқталды. Қазақ халқының  әр кезең

ұрпақтарының басынан кешірген

қасіреті ешбір дүниемен өлшенбейтін

құндылық екені анық. 

Шара соңында Шахмардан Есенов

атындағы мешіттің имамы

Ғ.Мақұлбеков саяси қуғын-сүргін

құрбандарына арнап құраннан дұға

бағыштады. 

Айнұр НАЗАРОВА.

Суретті түсірген Б.БӘЙІМБЕТ.

Мамыр айының 31 күні ауданымыздағы Мұстафа Шоқай ескерткіші алдында 

саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шара болып өтті. 

Өткенін ұмытпай, тарихтың ақтаңдақ беттерін ұлықтауда ауданымызда 

атқарылып жатқан шаралар аз емес. Бұл жолғы өткен жиынның да тағылымдық

мазмұны аса терең болды. 

Шиелі ауданының сексен

жыл ға жуық тарихы бар «Өскен

өңір» газетіне 2016 жылдың

екінші  жарты жыл ды ғына  жазылу

жүріп жатыр. Ба сылым қозғай -

тын тақыры бы ның сан алуанды -

ғы 


мен ерекшеленеді. Газет

бет терінен  қа лың  оқыр ман  эко -

но ми ка лық-әлеуметтік  салалар,

мәдени-әдеби өмір тура лы дү -

ние лерді молы нан таба алады.

Яғни, әрбір адам ның өзін қызық -

ты ратын  материалдарды  оқуына

мүмкіндігі бар. 

Ауданның апталық таралымы

12 мың ға жақын бас басылымы -

ның тұ рақ ты жә не жаңа оқыр -

мандарымен қай та қауышамыз

деген сенімдеміз. 

«Өскен өңір» – бәріңіздің

сүйікті һәм керекті газетіңіз.

«Өскен өңір» – әр отба 

-

сының, әрбір мекеменің рухани



серігі, жаңалық жаршысы.  

Басылымның 6 айға жазылу

бағасы төмен дегідей:

Жеке тұлғалар үшін – 2000

теңге.

Мекемелер үшін – 3000 теңге.

Еске салайық, «Қазпочта»

АҚ-ның тасымалдау және тарату

қыз меті  та рифте рінің  өсуіне  бай -

ла нысты  басы лымдарға  жазылу

ба 


ғасын көтермеу мақса 

тында


«Сыр медиа» ЖШС 2016 жылдың

1 шілдесінен бастап аталмыш

мекеменің қыз метінен толық бас

тартып отыр. Сон дықтан, алдағы

жарты жыл дық қа  «Сыр  ме диа»

ЖШС-не қа расты барлық газетке

жазылу тікелей «Өскен өңір» га -

зетінің редакциясы мен серікте-

стік өкілдері арқы лы жүргі зі леді.

Біздің есеп шотымыз:

«Сыр медиа» ЖШС

СТН 331 000 011 645

БСН 100 740 005 115

ҚҚС бойынша тіркеу куәлігі 

Серия 33001 №0003930 17.08.2012

ИИК KZ349260701180488005

АО “Казкоммерцбанк”

БИК: KZKOKZKX 

«Өскен өңір» газеті – ауданның бас басылымы. Жарық көргеніне

77 жыл толған газет 1939 жылдың 19 наурызынан бастап үздіксіз

шығып келеді. Осы уақыт аралығында келелі мәселелерді көтеріп,

Шиеліде болып жатқан түрлі оқиғалар мен мәдени-көпшілік шара-

ларды уақытында ақпараттандырып, жаңалық жаршысына айналды.

Аптасына 2 рет басылатын төл газетімізді үзбей оқып отырамыз.

«Өскен өңірдегі» журналистер қауымы алдағы уақытта да жұртты

толғандырып жүрген мәселелерді жазып, халықтың жүрегіне жол та-

бады деген сенімдеміз.



Сұлтанбек ОРАЗЫМБЕТОВ,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

«ӨСКЕН ӨҢІРГЕ»

ЖАЗЫЛУ ЖҮРІП ЖАТЫР

БАСПАСӨЗ  – 2016

№42 (8393) 1 маусым,

сәрсенбі, 2016 жыл 

ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ 

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

š¤…Çðˇ


Рысбай НЫСАНХАНОВ, аудандық

кәсіпкерлер палатасының басшысы: 

КәСІП АШАМЫН

ДЕСЕңІЗ...

2-бетте

ТӨЛ 

ГАЗЕТІМІЗДІ

ҮЗБЕЙ

ОҚИМЫЗ

Білікті маман, білімді кадр-

лар даярлау мәселесіне Елбасы

жыл сайынғы Жолдауларында

ерекше көңіл бөліп келеді.

Бағдарлама түлектері әлемдік

деңгейдегі жоғары оқу орын-

дары мен зерттеу

орталықтарында алған білім-бі-

лігін қазіргі таңда ел игілігіне

жұмсап, жемісті еңбек етуде.

Осы орайда жерлесіміз,

Шиелінің тумасы  «Болашақ»

бағдарламасы бойынша ше-

телде білім алып келген жас

маман  Мұхтар Күлімбет енді

отандық медицинаның да-

муына үлес қоспақшы. Ол

жуырда өзі оқыған білім орда-

сына келіп, ұстаздар мен

жоғарғы сынып

оқушыларымен кездесу кешін

өткізді. Алтын ұя мектебі де

жас маманды зор құрметпен

қарсы алды. Кездесуде

оқушылар түрлі тақырыпта

сұрақтар қойып, «Болашақ»

бағдарламасының маңызы жа-

йында кеңінен ақпарат алды. 

«Тулан» университетінде

тәжірибе жинақтаған

Мұхтардың  негізгі

мамандығы»  –  дәрігер.

Отандық медицинаның жаңа

бір белесін бағындыруды

көздеген білікті маман сүт безі

обырына қатысты зерттеу

жүргізу үстінде. 

«Шетелде  оқып, жат жерде

біліміңді шыңдау, өзге елге

қазақ  екеніңді дәлелдеу –

маған бұйырған бақ екен деп

білемін», – дейді М.Болатұлы.

Елбасының «Болашақ»

бағдарламасы Қазақстанды

әлемге танытып келеді, аты

айтып тұрғандай, бағдарлама

ел келешегі үшін мемлекетке

қажетті сапалы, білікті маман-

дарды даярлауды көздейді. 

Бүгінде халықаралық

стипендияға қол жеткізіп, мем-

лекет есебінен әлемнің

алдыңғы қатарлы оқу орында-

рында тегін білім алған жастар

аз емес. Біздің жерлесіміз

еліміздің жарқын болашағы

жолында аянбай  тер төгуге

әзір. 

А.МОЛДАХМЕТҚЫЗЫ.

«Болашақ» халықаралық

бағдарламасының басты

бағыты Қазақстандық эко-

номика, білім, ғылым,

денсаулық сақтау,

мәдениет пен өнер үшін

әлемнің жетекші жоғары

оқу орындарында

бәсекеге қабілетті

кадрлық әлеуетті даярлау

– ел өміріндегі басты

басымдықтарының бірі.

Осыдан жиырма жылдан

астам уақыт бұрын, 1993

жылы Мемлекет

басшысының ең маңызды

стратегиялық

бастамаларының бірі –

«Болашақ» бағдарламасы

бойынша халықаралық

деңгейдегі біліктілігі

жоғары мамандар да-

ярлау ісі қолға алынған бо-

латын. Бүгінгі күні осы

бағдарлама, шетелдік

сарапшылардың пікірі

бой ынша  адами капи-

талды дамытуға

ұмтылатын мемлекеттер

үшін үлгіге айналды.

«БОЛАШАҚТЫҢ»

БОЛАШАҚҚА БЕРЕРІ КӨП



2

2

№42 (8393) 1 маусым, сәрсенбі, 2016 жыл 

ҚҰРМЕТ


Кенжекең сонымен қатар, мектептің

технология, бейнелеу өнері, сызу пәндер

бірлестігіне, аудандық технолог

мұғалімдердің секциясына, 2012 жылдан

облыстық оқу орталығы жанынан құрылған

технология пән бірлестігінің мүшесі әрі же-

текшісі. Сондай-ақ, 2015 жылдан респуб ли -

калық оқулықтарды сараптау

комис сия  сының белді мүшесі. “Білім мен

шеберлікті ұштастыру жолдары”

тақырыбын зерттеп жүр. 2006 жылы “Мек-

теп шеберханасына қажетті құжаттар тізімі”

атты еңбегі әдістемелік құрал ретінде аудан,

облыс және республика көлеміне тара-

тылды.

Кенжебек Қыпшақбайұлының еңбегі



2003 жылы “Хабар” телеарнасынан наси-

хатталып, саялы және жеміс ағаштарын егу-

ден жүлдегер атанып “15 минут арасында”

атты теле бағдарламаға түсті. Сол тұста мек-

теп ауласында 3000-нан астам ағаштардың

желегі жайқалып тұрған болатын. Осы істе

жүлдегер атанды. Кенжекең өзі тұрған Бес-

там ауыл ының құрметті азаматы, ауыл

әкімгершілігі жанынан құрылған

“Қауымдастық” ұйымы ның белді мүшесі.

Ол қажырлы еңбегінің арқасында бірнеше

мәрте облыстық және аудандық деңгейде

Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен

марапатталған. 2014 жылы “Білімнің жеті-

луіне қосқан үлесі үшін” медалімен, 2015

жылы “Білім берудің үздігі” атты

халықаралық энциклопедияға еніп, осы

энциклопедияның “Үздік адам” құрмет

белгісімен, ал, 2016 жылы Білім және

ғылым министрінің мадақтама  қағазына ие

болды. Әкесі теміржолдың тарланы Қып -

шақ байдың әулетінде 19 ұстаз бар.

Жуырда ғана зейнетке шыққан Кенже-

бек Қыпшақбайұлын құрметтеп, ұзақ жыл

жемісті еңбек етіп, өз күшімен,

қаржысымен жабдықтаған еңбек, техноло-

гия кабинетіне оның есімі берілді. Бұл игі іс

білім саласында алғаш рет жүзеге асырылып

отыр. Осы ұсыныс аудандық білім бөлімі

меңгерушісінің міндетін атқарып келген

Жібек Баймұратованың бастамасы еді.

Ұстаздар қауымының еңбегі осылайша

еленсе, олардың келешек қызметі де жан-

дана түсер еді. Сол себептен бұл тірлік

ұстаздарға үлгі болары анық. 

Мерейтой иесінің бұл кешіне білім

бөлімінен Ж.Баймұратова, мектеп дирек-

торы А.Есім, ауыл әкімі Н.Жақыпов, арда-

герлер Кеңесінің төрағасы Ж.Ыбыраев

қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, кеш иесіне

сый-құрметтер жасалды. Өзге де ауылдас -

тары ақ тілектерін жолдады. Сөйтіп, адам

еңбегінің ешқашан жерде қалмайтыны тағы

да бір рет осылайша дәлелденді. 



А.НУРИДДИНҰЛЫ.

Өзінің ісіне адал,

еңбексүйгіштігімен, жаңалыққа

жаны құмартатын, іскер жанның

бірі Бестам ауылындағы №205

қазақ орта мектебінде 40 жыл бойы

технология пәнінің мұғалімі қызметін

абыроймен атқарған Кенжебек

Қыпшақбай Алматы индустриалды

техникумын, Қызылорда

гуманитарлық университетін бітір-

ген жоғары білімді маман, білікті,

тәжірибелі, ұлағатты ұстаз. 

ЕҢБЕГІ ЕЛЕНІП, 

ЕСІМІ АРДАҚТАЛДЫ

ТАҒЗЫМ

Сталиндік саяси қуғын-сүргіннің басты



құрбандары – қазақ халқының аз ғана зиялы

қауымы қанша күш салғанымен, тәуелсіздікке

қол жеткізе алмады. Амал жоқтықтан қазақ елі

бодандықта қалып қойды. Есімдері ақталған ары-

старымыз қаншама жылдан кейін еліне

тәуелсіздіктің ақ таңымен ғана оралды.

Елбасы Н.Назар баев тың 1997 жылды – "Жап-

пай ұлттық келісім және саяси қуғын-сүргін

құрбандарын еске алу жылы" деп жариялау ту-

ралы Жарлығы шық ты. Тоталитарлық жүйенің

қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау тек

Қазақс танның өз тәуелсіздігі мен егемендігін

алғаннан соң мүмкін болды. 

ХХ ғасырдың басында қазақ халқына  "Ұлы

нәубет" болып келген саяси қуғын-сүргін біздің

ауылды да айналып өтпепті. Тотали 

тар 

лық


режимнің құрбандарын еске алу мақсатында жыл

сайын Шиелінің орталық алаңындағы М.Шоқай

ескерткіші жанында салтанатты жиын болып,

есте ліктер айтылып, құран бағышталып оқылады,

ақтаң дақтардың барлығына дерлік көше аттары

берілді. Бұл – мемлекетіміз бен қоға мымызда

әділетті қалпына келтірудегі және өткен ға сыр -

дың саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте

қалдырудағы қам көңілге қамқорлықтың айқын

дәле лі. Оларға арналып тақы рыптық кештер,

конфе ренциялар, мүшәй ралар өтіп жатыр.

Кеңестік саясат құр бандарының бірі – ста-

линдік депортациямен жерімізге күштеп көшіп

келген өзге этнос өкілдері.  Жатты жат сынбаған

шиеліліктер кә рістер мен неміс, ше шен дерді ба-

уырына жа қын тартуынан, олар бүгінде арамызда

шаруасын жайлап, бейбіт өмір кешуде. Әр ұлттың

өкілдері бір үйдің баласындай бірлігі мен ын -

тымағы жарасқан бір ша ңырақ астында бақытты

да жарқын болашақта өмір сүруді мақсат етуде. 

Міне, Шиелінің нақ ортасында М.Шоқайдың

еңсе 


лі ескерткіші тұр. Бұл еліміз бойынша

алғашқы орна 

тылған ескерткіш, М.Шоқай

атында іргелі мектеп те бар. Біз, шиеліліктер

тәуелсіздік жолында күрескен ірі тұл ғаның өз же-

рімізде туыл ғанын мақтан тұтамыз, үлгі етеміз.



К.МАМБЕТАЛИЕВА,

штаттан тыс тілші.

Ат деген кім,

Атқан қайсың?

Қаным қайда төгілген,

Қабірім қайда көмілген? 

1993 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назар-

баев "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заңға қол қойды. 

АҚТАҢДАҚ ЗАМАННАН 

АДА БОЛҒАНДА

КƏСІПКЕРГЕ КЕҢЕС



– Елімізде шағын және орта кәсіпкер -

лік саласы ерекше қарқынмен дамып келе

жатыр. Осы орайда, өз ісін ашып,

кәсіппен айна лысқысы келетін жандарға

қандай кеңес бересіз? Өзіңіз тізгінін ұстап

отырған кәсіпкерлер палатасының аудан -

дық филиалында кәсіп керлерге қандай

көмек көрсетілді?

Кәсіпкерлік саласын, әсіресе,

шағын және орта бизнесті Елбасы 

-

мыздың өзі қолдап отырғаны дүйім



жұртқа белгілі. Сол себепті, бизнеспен

айналысқысы келетіндерге еш жүрексі -

нудің қажеті жоқ. Кәсіпкер лерді қолдау

орталығы арқылы  жыл басынан 320

адам ға түрлі бағытта кеңес берілді. Негі-

зінен, бизнес жасаудың алғышарттары

мен қаржы ұйымдарынан қаражат алу

мәселесі түсіндірілді. Сервистік қолдау

бойынша көтерме және бөлшек сауда,

ауылшарушы лығы, орман және балық

шаруашылығы бағытында 80 кәсіпкерге

қолдау көрсетілген. Кәсібін бастаймын

дегендерге есігіміз қашанда ашық.

Қажет болған жағдайда бизнес жобала-

рын жасауға да көмектесеміз. Тіпті,

оларды мүмкіндігімізше қорғауға да да-

йынбыз.

– Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау

бағытында қандай жұмыстар атқарылды? 

– Жалпы, жыл басынан бері кәсіп -

кер  лер ден  қолдау  көрсету  және  құқық -

тарын қорғау мақсатында 6 өтініш келіп

түсті. Атап айтқанда, Қызылорда облы -

сының жердің пайдаланылуы мен қор -

ғалуын бақылау бас қармасы тарапынан

об лыс тық  маманданды рылған  аудан ара -

лық сотқа Иіркөл ауылдық округіне

қарасты “Атамұра” шаруа қожа лығы -

ның 178 гектар жерін мақсаты бойынша

пайдаланбай отырғаны туралы талап

арыз берілген. Сот барысында арыз

қанағаттан дырусыз  қал дырылып,  178

гектар жер шаруа қожа лықтың пайда-

сына шешілді. Дәл осындай талап арыз

бойынша “Әлішер” және “Байсын”

шаруа қожалықтарының жерлері өзде -

рін де қалдырылды. Бұдан бөлек “Алтын

дән – Шиелі” шаруа қожалығы ның бас-

шысы А.Бердібаевтан егін егуге қаржы -

лай көмек көрсету туралы өтініш түскен.

Қазір бұл өтініш бойынша қаржы

ұйымдарымен жұмыс жүргізілуде. Сон-

дай-ақ, жеке кәсіпкер А.Абсултановадан

жоғары кернеулі электр жарығын орна -

туға өтініш берілсе, кәсіпкер Т.Сапар-

баев темір жол тұйығына рұқсат алуға

байланысты өтініш білдірген. Қазіргі

кезде тиіс ті мекемелерге қатынас хат-

тары жолданып, керекті жұмыстар

жүргізіліп жатыр.



– Сіздер ұсынған жобалардың қайсы -

лары нақты оң шешімін тапты?

– Әрине, жасаған жұмыстың нәти -

жесі жаман емес. Екінші деңгейлі банк

арқылы жеңілдетілген несие алу мақса -

тында “Биз нес тің жол картасы – 2020”

бағдар ла ма сының  аясында  Қ.Жұма тай -

дың ұлттық тағам өнімдерін шығару жо-

басы комиссияның оң шешіміне ие

болып, 700 мың теңге, жеке тұлға Мей-

рамхан  Қазы байдың құс фермасын ашу

жобасы  839 000 теңгенің,  Бе ден құлова

Қанымкүлдің қолөнер бұйымдарын

жасау жобасы 150 000 теңге көлемінде

грант ұтып алды. Сонымен қатар,

аймақтық инвес тициялық орталықтың

қарауына ұсынылған 11 жобаның 10-ы

нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда,

Г.Дәрібаева шағын нау байхананы іске

қосуға ниеттенсе, К.Елемесова мейрам-

хана және сауда кешенінің құрылы сын

аяқтауға мүмкіндік алды. Ал, кәсіпкер

С.Ермаханов түйе сүтін өңдейтін шағын

це 

хын қосымша жабдықпен қамту,



Б.Жеңсікбае ва кірпіш зауытына арнайы

техника алу, Е.Қыдырәлиев көкөніс

қоймасын ашу, Н.Серікбай наубайхана

құрылысын аяқтау, С.Сұлтан балара

шаруашылығын дамыту, С.Кененбаев

мал бордақылау алаң 

дарын ашу,

А.Оңалбаева жылыжай құ 

ры 

лысын


аяқтау, Д.Нұрмы 

шева балабақ 

шаға

қосымша құрылыс салу бағытында



жұмыс жасайтын болады.

– Ашық әрі риясыз әңгімеңізге рахмет.

Сұхбатты жүргізген 

Азиз БАТЫРБЕКОВ

Қазіргі кезде өз ісін бастап, шағын және орта бизнеспен айналысу-

шылар қатары күн санап көбейіп келеді. Ондай адамдар өзімен

қоса бірнеше адамды жұмыспен қамтып, еліміздегі

жұмыссыздықтың азаюына да, салық базасының ұлғаюына да

едәуір үлес қосуда. Дегенмен, әлі де болса кәсіпкерлікпен

айналысуға жүрексінетін жандар баршылық. Осы орайда,

аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы Рысбай Нысанха-

новпен сұхбаттасқан едік. Ол өз кезегінде атқарылған жұмыстарды



  1   2   3


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал