Ағымдағы, шекаралық және қорытынды бақылауға арналған сұрақтар «Физика 1»



бет12/13
Дата19.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#141121
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Бақылау сұрақтары физика-1.

Электростатика (зат ішіндегі)
A



  1. Этил спирті құйылған ыдыс ішінде екі нүктелік заряд бар. Спирт ұшып кеткеннен кейін зарядтардың өзара әсерлесу күштері қалай өзгереді (Есп = 25).

  2. Вакуумдағы екі нүктелік зарядтардың 27 см қашықтықтан әсерлесу күші диэлектрик ішінде 3 см қашықтықтан әсерлесу күшіне тең. Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігін анықтаңыз.

  3. Егер конденсатордың кернеуі И=500В, С=5пф болса оның астарларының заряды қандай?

  4. Егер конденсатордың астарларының ауданын 5 есе ұлғайтып және оған 5 есе кем заряд берсек оның электр сыйымдылығы қалай өзгереді?

  5. Конденсатордың астарларының ауданын 5 есе өсіріп, ал арақашықтығын 6 есе кішірейтсек оның электр сыйымдылығы қалай өзгереді?

  6. Әрбір конденсатордың сыйымдылығы 3 миф болса, екі конденсаторды параллель қосқандағы жалпы сыйымдылық қандай?

  7. Конденсаторлар батереясының электр сыйымдылығы қандай?

  8. Конденсатордың астарларының арақашықтығын 3 есе ұлғайтты. Егер конденсаторды кернеу көзінен ажыратса, өріс кернеулігі неше есе өзгереді?

  9. Конденсатордың астарларының арасын диэлектрлік тұрақтысы ε диэлектрлікпен толтырса, оның электр сыйымдылығы қалай өзгереді?

  10. Конденсатордың сыйымдылығы С 5пф, астарларындағы кернеу 300 В болса, оның энергиясы қандай?

  11. Cыйымдылығы 10пф конденсаторға 4 мнКл заряд берілді. Зарядталаған конденсатордың энергиясы қандай?



В
1.Сыйымдылығы 0,02 мкф жазық конденсаторда ток көзімен қосқанда оның алған заряды 2.10-8 Кл болды. Егер астарларының арақашықтығы 5мм болса, конденсатор астарларының арасындағы кернеулік қандай?
2. q1=10 Кл, q2= 3 Кл, q3=5 Кл зарядтар ауданы 18м2 тұйық беттің ішіне орналасқан. Осы аудан арқылы өтетін электр индукциясы векторының ағынын табыңыз.
3. Кернеулігі Е=12 Кв/м біртекті электр өрісінде күш сызықтарына перпендикуляр диэлектриктен жасалған (ε=3) пластинка орналасқан. Осы жағдайдағы диэлектриктің поляризациялануының сандық мәнін Р анықтаңыз.
4. Жазық ауа конденсаторын (ε=1) зарядтап алып ток көзінен ажыратты. Егер конденсатор астарларының арасын слюдамен (ε=6) толтырсақ, оның энергиясы қалай өзгереді?
5. Конденсатор батареясының жалпы сыйымдылығын анықтаңыз. Әрбір конденсатор үшін С=3 мкф.
6. Екі бірдей параллель жалғанған конденсаторлардың энергиясы W=1 Дж. Олардың кернеуі И=1 кв. Әрбір конденсатордың сыйымдылығын анықтаңыз
7. Астарларының арақашықтығы d конденсатор кернеуді тұрақты И ток көзіне жалғанған. Конденсаторларды ток қөзінен ажыратпай оның астарларының арасын 3 ға ұлғайтқанда астарларындағы заряд қалай өзгереді?
8. Астарларының арақашықтығы d конденсатор кернеуі тұрақты И ток көзіне жалғанған. Конденсаторды ток көзінен ажыратпай оның астарларының арасын 3d ұлғайтқанда конденсатордағы кернеу қалай өзгереді?
9. Конденсатордың астарларының ауданы S, астардағы заряд q .Астарлары арасындағы өріс кернеулігін анықтаңыз.
10. Жазық ауа конденсаторы 500В потенциал айырымына дейін зарядталған, астарлардың арасы 5мм. Конденсатордың энергиясының көлемдік тығыздығын анықтаңыз.


С

  1. Кернеулігі Е0 біртекті электр өрісінің кеңістігі диэлектрлік тұрақтылығы диэлектрикпен толтырылған. Диэлектриктегі өріс кернеулігін Е және оның поляризациялануын Р анықтаңыз.

  2. Кернеулігі Е0= 700 В/м біртекті электр өрісінің кернеулік векторына перпендикуляр қалыңдығы d=1см, ауданы S=200 см2 шыны пластинка (ε=7) қойылған. Пластинкада жинақталған электр өрісінің энергиясын анықтаңыз.

  3. Жазық конденсатордағы электр өрісінің кернеулігі E=27104B астар ауданы S=200 см2, астарлар арақашықтығы d=1 cм, ε=4 конденсатор зарядын анықтаңыз.

  4. Ауданы S=150 см2 жазық ауа конденсаторының заряды 5.10-8 Кл. Астарлардың бірін-бірі тарту күшін анықтаңыз.

  5. Сыйымдылығы 20 пф конденсаторы 150 В дейін зарядталған. Конденсатордың ішіндегі электр өрісінің кернеулігі 6.102В/м. Конденсатордың астарларының ауданын табыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет